Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге агрессия қатері туындаған немесе агрессия актісі жасалған жағдайларда әскери-техникалық көмек көрсету тетігі туралы хаттаманы іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының уәкілетті органын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге
агрессия қатері туындаған немесе агрессия актісі жасалған
жағдайларда әскери-техникалық көмек көрсету тетігі туралы
хаттаманы іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының
уәкілетті органын айқындау туралы
2007 жылғы 6 қазанда жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге агрессия қатері туындаған немесе агрессия актісі жасалған жағдайларда әскери-техникалық көмек көрсету тетігі туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Хаттаманы іске асыруға жауапты уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев