Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 220 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 110 088,45 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер санатынан қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелеріне тұрақты жер пайдалану құқығында берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 15 сәуірдегі
№ 220 қаулысына    
қосымша        

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатынан қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с №

Жер пайдаланушының атауы

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жер учаскесінің тікелей мақсаты

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде

жайылым

басқа жерлер

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Сарыөзек аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы

оқу полигонын орналастыру үшін

738,03

-

738,03

2.

Алматы облысы, Панфилов ауданы

24278,06

-

24278,06

3.

339,24

-

339,24

4.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Гвардейск аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы

оқу полигонын орналастыру үшін

59427,0

-

59427,0

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Үшарал аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы, Алакөл ауданы

оқу полигонын орналастыру үшін

2039,4

-

2039,4

6.

11038,61

-

11038,61

7.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Атырау аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Атырау облысы, Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

оқу полигонын орналастыру үшін

4300,0

-

4300,0

8.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жаңа Тұрмыс ауылы

оқу полигонын орналастыру үшін

4689,11

-

4689,11

9.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша Бибі ауылы

3089,0

-

3089,0

10.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

150,0

-

150,0



Барлығы:





110088,45

-

110088,45

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады