"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 270 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары:
      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:
«

18-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МСМ

маусым

шілде

қазан

С.Ж. Мұсайбеков

                                                                   »;

      ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады