2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 280 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
       2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2017  № 2 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 280 қаулысымен 
мақұлданған  

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі
      2010 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім».

      2. Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тараптар Келісімді іске асыру мақсатында бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі үшін жарамды құжаттар тізбесіне мынадай құжаттарды енгізуге уағдаласты:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
      дипломатиялық паспорт;
      қызметтік паспорт;      

      2) Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін:
      дипломатиялық паспорт;
      арнайы паспорт.

      2. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлерін қоспағанда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары – осы баптың 1-тармағында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы визасыз кіруге және одан шығуға, оны кесіп өтуге және онда күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде болуға құқылы.».

      3. Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша кездесетін «дипломаттық паспорт (-қа; -тың; -тары; -тарды; -тардың;)» деген сөздер «дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорт (-қа; -тың; -тары; -тарды; -тардың;)» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруден немесе қолданудан туындайтын кез келген келіспеушіліктер мен даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
      20__ жылғы «____» _______ ______ қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің             Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады