Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 және «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы
Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан
Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу
ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 және
«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау,
келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды
жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің
нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу
қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976
жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 157-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң жобалау қызметінің сапасын арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жариялау «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев