2014 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Гүлнар Тоқбергенқызы Ситпаева «ЭКСПО-2016 Анталья» дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас комиссары болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов