"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 429 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Тэуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы
№ 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 220 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 106-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін;
      мына:
      «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры» деген жол алып тасталсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                                   Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2016 жылғы
                 №

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады