"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 509 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
      2017 жыл - 2 880 000 000 мың теңге;
      2018 жыл - 2 880 000 000 мың теңге;
      2019 жыл - 2 880 000 000 мың теңге.
      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      1. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІІ, 164-құжат; 2016 ж., № 5, 33-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады