Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
«Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы»;
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайынғы 75 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев