Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасы бойынша ұғымды түсіндіруге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 657 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасы бойынша ұғымды түсіндіруге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасы бойынша ұғымды түсіндіруге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапонияның Үкіметі арасындағы ноталар алмасу нысандағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 657 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

      Жоғары мәртебелі,
      Мен, Жоғары Мәртебелі Сізден мынадай мазмұндағы Нотаны бүгінгі күні алғанымызды растауды құрмет санаймын:
      «Жоғары мәртебелі,
      Мен Токиода 2010 жылғы 2 наурызда қол қойылған Жапонияның Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) сүйенуді құрмет санаймын.
      Мен Жапония Үкіметінің атынан Келісімнің 2-бабының 2-тармағы g) тармақшасының ережелеріне мынадай ұғымды ұсынуды құрмет санаймын:
      1. Жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ тұз ерітіндісіндегі реакторлар қауіпсіздігі саласындағы жоба.
      2. Жоғарыдағы 1-тармақта айқындалатын осындай қызмет Келісімнің 2-бабы 2-тармағының g) тармақшасына сәйкес ынтымақтастық ретінде Келісімге сәйкес жүргізілетіндігі расталады.
      Мен бұдан әрі осы Нота мен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жоғарыда аталған ұсыныстың қабылдануын растайтын Жоғары мәртебелі Сізден келген жауап Нотаңызды алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы келісім ретінде қаралуын ұсынуды құрмет деп білемін.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор ілтипатпен өз растауымызды білдіру үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.».
      Бұдан әрі, мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда аталған ұсыныстың қабылдануын растауды және Жоғары мәртебелі Сіздің Нотаңыз бен осы Нотаны алған күннен бастап күшіне енетін, екі Үкімет арасында келісім жасасу деп қаралатынына келісуді құрмет санаймын.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор құрметпен өз растауымызды білдіру үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 657 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

      Жоғары мәртебелі,
      Мен Токиода 2010 жылғы 2 наурызда қол қойылған Жапонияның Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Aтoм энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) сүйенуді құрмет санаймын.
      Мен Жапония Үкіметінің атынан Келісімнің 2-бабының 2-тармағы g) тармақшасының ережелеріне мынадай ұғымды ұсынуды құрмет санаймын:
      1. Жобалау, салу және пайдалану, сондай-ақ тұз ерітіндісіндегі реакторлар қауіпсіздігі саласындағы жоба.
      2. Жоғарыдағы 1-тармақта айқындалатын осындай қызмет Келісімнің 2-бабы 2-тармағының g тармақшасына сәйкес ынтымақтастық ретінде Келісімге сәйкес жүргізілетіндігі расталады.
      Мен бұдан әрі осы Нота мен Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жоғарыда аталған ұсыныстың қабылдануын растайтын Жоғары мәртебелі Сізден келген жауап Нотаңызды алған күні күшіне енетін екі Үкімет арасындағы келісім ретінде қаралуын ұсынуды құрмет деп білемін.
      Жоғары Мәртебелі Сізге аса зор құрметпен өз растауымызды білдіру үшін осы жағдайды пайдаланып отырмын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады