Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
1) 16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8), 3-9), 3-10) және 3-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) қоғамдық кеңесті құрады;
3-2) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарайды;
3-3) қоғамдық кеңес мүшелерінің Министрліктің және оның ведомстволарының жанындағы өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуын келіседі;
3-4) қоғамдық кеңестің құрамында және оның жұмыс топтарының құрамында өкілдік етуді жүзеге асырады;
3-5) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамындағы Министрлік атынан өкілдіктің дербес құрамын айқындайды;
3-6) қоғамдық кеңестің жұмыс тобының құрамын бекітеді;
3-7) қоғамдық кеңестің құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
3-8) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3-9) қоғамдық кеңеске азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің жобаларын талқылау және ұсынымдарды тұжырымдау үшін жібереді;
3-10) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауларды өткізуінің мерзімдерін келіседі;
3-11) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы есепті қоғамдық кеңеске ұсынады;»;
мынадай мазмұндағы 14-5), 14-6) және 14-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-5) реттелетін саладағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
14-6) реттелетін саладағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
14-7) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеп, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 17-2), 17-3), 17-4), 17-5) және 17-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-2) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредитациялауды жүзеге асырады;
17-3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестiң құрамын бекітеді;
17-4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының3-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
17-5) реттелетін саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады;
17-6) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға өз құзыреті шегінде тапсырады;»;
мынадай мазмұндағы 26-8) тармақшамен толықтырылсын:
«26-8) құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;»;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) мұнай өнімдерін өндірушілерге өндіріс паспортын бекітеді;»;
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70) жыл сайын мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 71-1), 71-2), 71-3), 71-4) және 71-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«71-1) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге мұнай берушілердің қол жеткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
71-2) мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
71-3) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің түрлері бойынша және мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер (мұнай өнімдерін өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы), импорттаушылар бойынша нақты тәулік сайынғы өндіру, өткізу (тиеп-жөнелту) көлемдері туралы және қалдықтары туралы ақпаратты «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасында көзделген тәртіппен ұсынады;
71-4) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнайды қайта өңдеудің жыл сайынғы бекітілген (оның ішінде түзетілген) жоспарларын, мұнай берушілер (жер қойнауын пайдаланушылар) бөлінісінде барлық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқандар) мұнай тасымалдаудың ай сайынғы кестелерін, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша мұнай берушілер бөлінісінде мұнай өнімдерін жеткізудің ай сайынғы жоспарын (кестелерін) ұсынады;
71-5) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекітеді;»;
77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«77) мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін белгілейді;»;
87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«87) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 104-9) тармақшамен толықтырылсын:
«104-9) мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 123-1) тармақшамен толықтырылсын:
«123-1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсу бойынша әрбiр пайдаланушы ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайларын ескере отырып, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбiн бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 133-1) тармақшамен толықтырылсын:
«133-1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«153) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
154) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 186-20), 186-21), 186-22) 186-23), 186-24), 186-25) және 186-26) тармақшалармен толықтырылсын:
«186-20) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;
186-21) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;
186-22) шекті тарифтерді бекітеді;
186-23) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;
186-24) келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелер мен инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндіруші ұйымдардың орындауына мониторинг жүргізеді;
186-25) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;
186-26) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілген жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 187-1) тармақшамен толықтырылсын:
«187-1) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары мен осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысанын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 190-1) және 190-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«190-1) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
190-2) құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;»;
194) тармақша алып тасталсын;
201) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«201) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін белгілейді;»;
203) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 215-1) және 215-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«215-1) өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын айқындайды;
215-2) тұтыну қалдықтарын қайталама шикізатқа жатқызу өлшемшарттарын айқындайды;»;
219) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«219) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Қазақстан Республикасының Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 222-2) тармақшамен толықтырылсын:
«222) спутниктік навигациялық жүйелер деректері бойынша қалдықтарды әкетуге мамандандырылған көлік құралдарының қозғалысын қадағалаудың ақпараттық жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 223-1), 223-2), 223-3), 223-4), 223-5), 223-6) және 223-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«223-1) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;
223-2) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады;
223-3) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
223-4) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
223-5) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
223-6) квоталар көлемінің резервін басқаруды жүзеге асырады;
223-7) жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін Министрліктің интернет-ресурсында өткен жылғы:
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады;»;
231) тармақша алып тасталсын;
238) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;»;
төртінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;
жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;
мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпарат ұсынудың нысандарын;
қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты;
қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын;
тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;
мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану қағидаларын бекітеді;»;
238-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«238-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық стандарттарды және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруда, парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация жүргізуде пайдаланылатын Қазақстан Республикасының стандарттарын қолдануға рұқсат ету және тану қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 238-8) тармақшамен толықтырылсын:
«238-8) қондырғы операторы әзірлеген парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін келіседі;»;
252) тармақша алып тасталсын;
264) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«264) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекітеді;»;
268-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«268-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
мынадай мазмұндағы 268-4), 268-5), 268-6), 268-7) және 268-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«268-4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
268-5) жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекітеді;
268-6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
268-7) резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
268-8) нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 275-1), 275-2), 275-3) және 275-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«275-1) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпаратты ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырады;
275-2) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында орналастырады;
275-3) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына ақпарат орналастырады;
275-4) ақпарат берудің сапасы мен уақтылығына ішкі бақылау жүргізеді;»;
2) 17-тармақта:
13) және 35) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай редакцияда жазылсын:
«36) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;»;
мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«41-1) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
«58-1) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;
60), 68) және 69) тармақшалар алып тасталсын;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«75) әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;»;
85) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев