Ақмола облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген жер учаскелерін босалқы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 699 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» мемлекеттiк мекемесiнің жалпы алаңы 233,0 гектар жері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатынан босалқы жер санатына ауыстырылсын.
      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне беруді қамтамасыз етсін.
      3. «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 699 қаулысына    
қосымша        

«Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Бурабай»
мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» мемлекеттік мекемесінің ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар жері санатынан босалқы жер санатына
ауыстырылатын жерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы Жалпы алаңы, гектар оның ішінде:
орманмен көмкерілген алаңқай жерлер селдіреулер жайылымдар жолдар басқа жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

«Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» мемлекеттік мекемесі

233,0

14,0

-

-

-

1,5

217,5

Жиыны

233,0

14,0

-

-

-

1,5

217,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады