Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 маусымдағы № 830 және "Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидаларын бекіту және "Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2012 жылғы 16 шілдедегі № 940 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 796 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 58, 797-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау қағидаларын бекіту және "Келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1449 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 940 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63,

      867-құжат).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады