"Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 954 қаулысымен.
      Баспасөз релизі!РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз..

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2017 жылғы 3 наурыздағы
№ 102 қаулысына
  Қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2005 жылғы 20 шілдедегі
  № 754 қаулысымен
бекітілген

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі

      1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

      1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);

      2) жілiншiк протездерi;

      3) жамбас протездерi;

      4) кеуде бездерінiң протездерi;

      5) аппараттар, туторлар;

      6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

      7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

      8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

      9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

      10) аппараттарға арналған аяқкиім;

      11) жейде киюге арналған құрылғы;

      12) колготки киюге арналған құрылғы;

      13) шұлық киюге арналған құрылғы;

      14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);

      15) белсенді ұстағыш;

      16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;

      17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;

      18) кілтке арналған ұстағыш.

      2. Сурдотехникалық құралдар:

      1) есту аппараттары;

      2) веб-камерасы бар ноутбук;

      3) көп функционалды дабылды жүйелер;

      4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;

      5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;

      6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;

      7) дауыс шығаратын аппарат.

      3. Тифлотехникалық құралдар:

      1) тифлотаяқтар;

      2) оқу машиналары;

      3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;

      4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;

      5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;

      6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;

      7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;

      8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;

      9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;

      10) сөз шығаратын термометр;

      11) сөз шығаратын тонометр;

      12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;

      13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;

      14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;

      15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.

      4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:

      1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;

      2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.

      5. Міндетті гигиеналық құралдар:

      1) несеп қабылдағыштар;

      2) нәжіс қабылдағыштар;

      3) жөргектер;

      4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);

      5) катетер;

      6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;

      7) қорғаныш крем;

      8) сіңіргіш ұнтақ (опа);

      9) иісті бейтараптандырғыш;

      10) теріні тазартқыш;

      11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;

      12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;

      13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады