Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2017 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 141 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

       "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1664 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2017 жылға арналған шығыстар сметасы бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған шығыстар сметасына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін және оның аппаратын 2017 жылы қаржыландыруды 2017 жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Републикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 наурыздағы
№ 141 қаулысымен
бекітілген

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2017 жылға арналған шығыстар сметасы



Шығыстардың атауы
(013 "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламаcы бойынша)

Сомасы (АҚШ долларымен )

1

2

Өкілетті өкілдің және оның аппараты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу

302400

Өтемақы төлемдері

5400

Міндетті сақтандыру жарналары (көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігі)

444

Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу

21600

Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу

5292

Өзге де қорларды (кеңсе керек-жарақтары, шаруашылық материалдары және өзге де қорлар) сатып алу

7611

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу

3386

Байланыс қызметтеріне ақы төлеу

7781

Көлiктiк көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

3239

Үй-жайды жалға алуға ақы төлеу

135536

Өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу (медициналық сақтандыру, автокөлікті сақтандыру)

42739

Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар

944

Елден тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар

23931

Өзге де ағымдағы шығындар

4811

Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер

7650

Шығыстардың жиыны

572764


Шығыстардың атауы
(013 "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламаcы бойынша)

Сомасы (теңгемен)

1

2

Негізгі жалақы

5400000

Өтемақы төлемдері

2919000

Әлеуметтік салық

194000

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

162000

Шығыстардың жиыны теңгемен

8675000



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады