"Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 166 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран тарапын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 қазанда Тегеранда жасалған Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады