"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 188 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 132 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады