"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 304 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 105-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      1) 1-бапта:

      1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) архив ісі – жеке және заңды тұлғалар қызметінің Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архивтерді, архив қорлары мен коллекцияларын құруға, оларды жинауды, толықтыруды, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды ұйымдастырумен байланысты саласы;

      2) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншік иесіне құнды, сақталатын немесе сақталуға жататын құжат;

      3) архив – архивтік құжаттарды қабылдауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе заңды тұлға;

      4) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрі – мемлекеттік есепке алу) – архив қорларының саны, құрамы мен сақтау бірліктерінің саны туралы мәліметтердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында және уәкілетті органда шоғырлануына негізделген Ұлттық архив қорының құжаттарын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және тұтастай алғанда мемлекет деңгейінде есепке алу жүйесі;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) Ұлттық архив қорының құжаты – құжаттар құндылығы сараптамасынан өткен, мемлекеттік есепке алынған және тұрақты сақталуға жататын архивтік құжат;

      9-2) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – заңды тұлғалардың құжаттау және құжаттарды қалыптастырған, қабылдаған сәттен бастап архивтік сақтауға тапсырғанға дейін олармен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) – заңда белгіленген тәртіппен ұлттық құндылық деп танылған барлық архив қорлары мен коллекциялардың, деректі ескерткіштердің, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар архивтік құжаттардың жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) аса құнды құжат – қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды, баға жетпестей мәдени-тарихи және ғылыми құндылығы бар, оған қатысты ерекше есепке алу, сақтау және пайдалану режимі белгіленген Ұлттық архив қорының құжаты;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) архивтік құжаттарды ретке келтіру (ғылыми-техникалық өңдеу) – архив құжаттарын сақтау бірліктеріне (істерге) қалыптастыру, осындай сақтау бірліктерін (істерді) архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сипаттау және ресімдеу жөніндегі жұмыстар кешені;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) арнаулы мемлекеттік архив – архив мекемесі немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;";

      2) 2-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Ұлттық архив қоры және архив ісі

      1. Ұлттық архив қоры Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды.";

      3) 4-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      4) 5-бапта:

      тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасының, республикалық маңызы бар қала мен астананың мемлекеттік архивтерінің, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтерінің және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттік архивтердің, кітапханалардың, музейлердің құжаттары Ұлттық архив қорын қалыптастырудың негізі болып табылады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігіне орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5) 6-бапта:

      тақырып, 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларды Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны толықтыру көздерін белгілеу тәртібі

      1. Архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларды Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу, оны толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық архив қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі. Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемшарттары болып табылады.

      2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің, арнаулы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.";

      3-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тиісті жергілікті атқарушы органдармен келісілген Ұлттық архив қорының толықтыру көздерінің тізімдерін бекітеді;

      2) архивтік құжаттарды, архив қорлары мен коллекцияларды Ұлттық архив қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешімдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша шығарып тастауға тыйым салынады;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) тиісті қызмет саласының уәкілетті органдары және (немесе) ұйымдар әзірлеген, сақтау мерзімдері көрсетілген заңды тұлғалардың қызметінде қалыптасатын құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбелерін келіседі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық архив қорының толықтыру көздерi болып табылатын:

      1) республикалық меншiктегi құжаттарды Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің немесе Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің, арнаулы мемлекеттік архивтердің келiсiмiнсiз;

      2) коммуналдық меншiктегi құжаттарды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз;

      3) жеке меншіктегі құжаттарды архивтің орналасқан жеріне қарай уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді.";

      6) 7-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында, Қазақстан Республикасының Президенті архивінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында, арнаулы мемлекеттік архивтерде, мемлекеттік кітапханаларда және музейлерде, Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорында сақтаулы тұрған республикалық меншіктегі құжаттар;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Архивтік құжат меншік иесінің келісімінсіз сот шешімі немесе құжаттарды алу туралы қаулы негізінде ғана архивтен алып қойылуы мүмкін. Архив құжаттарының төлнұсқалары не олардың көшірмелері сотқа дейінгі тергеу немесе сот талқылауын жүргізу үшін алып қойылған жағдайда архивте олардың дубликаттары немесе көшірмелері қалдырылады. Алынып қойылған архивтік құжаттар сотқа дейінгі тергеу немесе сот талқылауын жүргізу аяқталғаннан кейін архивке қайтарылады.";

      7) 8-бапта:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық архив қорының және жеке құрам жөніндегі құжаттар ретке келтірілген (өңделген) түрде құқықтық мұрагерлерiне берiледi.

      4. Заңды тұлғалар таратылған кезде олардың қызметі барысында жасалған және Ұлттық архив қорының құрамына енгізілген құжаттар, сондай-ақ жеке құрам жөніндегі құжаттар, ретке келтірілген (өңделген) түрде сақтауға уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке тапсырылады.";

      8) 10-бапта:

      атауы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы Деректердің орталық қорлар каталогы

      1. Уәкілетті орган Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы Деректердің орталық қор каталогын жүргізеді.";

      9) 11-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары ведомстволық және жеке архивтерде уақытша сақталу сатысынан өтеді, содан соң Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдарына беріледі.

      2. Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, Қазақстан Республикасының Президенті архиві, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік архивтері, облыстардың мемлекеттік архивтері, арнаулы мемлекеттік архивтер жүзеге асырады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық архив қорының жеке меншіктегі құжаттарды сақтау және пайдалану жөніндегі міндеттемелері олардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерімен, Қазақстан Республикасының Президенті архивімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасаған шарттарда көрсетіледі.

      5. Мемлекет меншігі болып табылатын Ұлттық архив қоры құжаттарының ресми төлнұсқаларымен жеке архивтерді толықтыруға тыйым салынады.";

      10) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері құжаттарды олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақтауға міндетті. Мемлекеттік архивтер Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құрады, онда аса құнды құжаттардың көшірмелері сақталады.

      Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорының құжаттары Ұлттық архив қоры құжаттарының төлнұсқаларынан бөлек, арнайы жабдықталған архив құжаттарының қоймасында (архив қоймасында) сақталады.";

      11) 13-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген (өңделген) түрде тапсыру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналым жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларына сәйкес құжаттарды архивтерге тапсыратын заңды тұлғалардың күшi мен қаражаты есебiнен жүргiзiледi.";

      12) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтер қажетті архив құжаттары негізінде жеке және заңды тұлғаларға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін ақпаратты беруге міндетті. Заңды және жеке тұлғалардың архив құжатынан куәландырылған көшірмелер мен архивтік үзінділер алуға құқығы бар. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке меншік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер төлнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.";

      13) 16-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Аса құнды құжаттардың төлнұсқалары, сондай-ақ физикалық жай-күйі нашар құжаттар пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелер беріледі.";

      14) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде өткізуге құқылы. Осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуы тиіс.

      Мемлекеттік архивтер жүзеге асыратын ақылы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне:

      1) архивтік құжаттарды ретке келтіру (ғылыми-техникалық өңдеу);

      2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау және құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөнінде курстар мен семинарлар өткізу;

      3) архив істері мен құжаттарды реставрациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;

      4) архив құжаттарының сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру, микрофильмдердің, киноқұжаттардың, фото негативтерінің, құжаттардың түрлі-түсті слайдтарының, сондай-ақ қағаздағы және электрондық негіздегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алу;

      5) тапсырыстар (өтінімдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және архив құжаттарының көшірмелерін жасау;

      6) сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;

      7) әдістемелік әдебиетті, архив құжаттарының жинақтарын, оқыту және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;

      8) архив құжаттарын депозитарлық сақтау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлері жатады.";

      15) 18-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналым жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітеді;

      2) Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекітеді;

      3) Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекітеді.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      2-1), 2-2) және 2-4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-5), 2-6) және 2-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-5) мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту;

      2-6) мемлекеттік архивтердің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту;

      2-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы қағидаларды бекіту;";

      16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің жай-күйін және архивтік құжаттардың сақталуын бақылау;

      17) құжаттарды басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің толықтыру көздерінде, жеке меншіктегі архивтерде сақталатын, Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған және жеке құрам жөніндегі құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау;";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында архив iсi және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің толықтыру көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздері жеке меншік архивтерде сақталатын құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және мемлекеттік бақылау;";

      16) 20-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) архив мекемелері: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, арнаулы мемлекеттік архивтер, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың орталық мемлекеттік архивтері, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары кіреді.";

      17) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы мемлекеттік архивтерді құру Қазақстан Республикасының Президенті актісімен жүзеге асырылады.";

      2. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-ІІ, 96-құжат, № 23):

      1) 4-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 5-баптың 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, оның ішінде электрондық құжат айналымы мен электрондық архив мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

      3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтердің жай-күйiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      3) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:

      "5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, оның ішінде электрондық құжат айналымы мен электрондық архив пайдалану мәселелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің толықтыру көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер жай-күйiне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.".

      3. "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 3 (2580), 32-құжат; № 14 (2591), 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.".

      4. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат, № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 15-құжат):

      89-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) банкроттың архив құжаттарын ретке келтіруді (ғылыми-техникалық өңдеуді) және оларды тиісті архивке өткізуді ұйымдастыруға;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады