Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 152 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағыҮш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 шілдедегі №152 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24шілдедегі № 152 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 269-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа 1 және 2-қосымшаларымен бірге(2-қосымша – құпия) Қазақстан Республикасының атынан қол қойсын, оғанқағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Н.Назарбаев |