"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 605 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; № 4, 7-құжат):

      229-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-бап. Шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу

      Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу олардың жалпы келісімi бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісу бойынша олар бiрлескен қызметке басшылық етудi және ортақ iстердi жүргiзудi, бұл жағдайда, шартқа өзге қатысушылар берген сенімхат негiзiнде әрекет ететін қатысушылардың бiреуiне немесе осы Кодексте көзделген жағдайда үшінші тұлғаға тапсыра алады.".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) мазмұнында:

      817 және 823-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы";

      "823-бап. Ортақ сақтандыру және бірлесіп қайта сақтандыру";

      2) 806-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "806-бап. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру

      1. Міндетті сақтандыру:

      1) түрлері, талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру;

      2) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төменгі талаптары заңнамалық актілерде белгіленетін, ал сақтандырудың өзге талаптары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалатын сақтандыру (міндеттелген сақтандыру).

      2. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.

      Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.

      Талаптары мен тәртібі бөлек заңнамалық актімен реттелетін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген экономикалық тұрғыдан негізді, жаппай және әлеуметтік-қоғамдық тұрғыдан маңызды өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда енгізілуі мүмкін.

      3. Міндеттелген сақтандыру кезінде сақтандырудың ең төменгі талаптары, оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандырылуға тиіс тәуекелдер және сақтандыру сомаларының ең аз мөлшерлері заңнамалық актілерде міндетті түрде айқындалуға тиіс.

      4. Сақтандыру міндеті заңнамалық актіден туындамай, шартқа негізделген жағдайларда, мұндай сақтандыру міндетті болып табылмайды және осы Кодекстің 808-бабында көзделген салдарларға әкеп соқпайды.

      5. Талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрін реттейтін жеке заңнамалық актімен белгіленген міндетті сақтандыру түрі бойынша міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушымен шартты осы заңнамалық актіде жазылған талаптармен жасасуға міндетті.

      Мiндеттелген сақтандыру кезiнде сақтандырушымен шарт заңнамалық актіде көзделген ең төменгі талаптарды сақтала отырып, тараптардың келісімімен айқындалған талаптармен жасалады.

      6. Талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрін реттейтін жеке заңнамалық актімен белгіленген міндетті сақтандыру түрі бойынша міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрін реттейтін жеке заңнамалық актімен белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.

      Сақтанушы ұсынған талаптармен міндеттелген сақтандыру шарттарын жасасу сақтандырушы үшін міндетті болып табылмайды.";

      3) 807-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру объектiсi мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актілерде айқындалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген, объектiсi мүліктік мүдделер болатын не сақтандыру объектісі жоқ сақтандыру шарттары мәніссіз болып табылады.";

      4) 809-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 817-бабының 3-тармағында көзделген белгілері бар сақтандыру жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.";

      5) 816-бапта:

      1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген міндетті сақтандыру кезінде пайда иеленуші осы заңнамалық актілермен, міндеттелген сақтандыру кезінде – заңнамалық актілермен не тараптардың келісімімен айқындалады. Ерікті сақтандыру түрлері бойынша пайда иеленушіні сақтанушы тағайындайды.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.";

      6) 817-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру шарты сақтандыру мүддесінің болуын көздеуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Сақтандыру мүддесі – сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда иеленушінің) жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, тәуекелдердің алдын алудағы және сақтандыру жағдайының туындауына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.

      1-2. Сақтандыру жағдайы – туындаған кезінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің жүзеге асырылуы көзделетін оқиға.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға төменде аталған белгілердің бәрін (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда):

      оның туындау ықтималдығын және кездейсоқтығын;

      оның туындауының нақты уақытына немесе орнына, сондай-ақ оның туындауы нәтижесінде болатын шығын мөлшеріне қатысты болжанбайтындығын;

      ол туралы тараптар немесе, ең болмағанда, сақтанушы алдына ала білген немесе алдын ала хабардар етілген оқиғаның шарттың қолданылу шегінде сөзсіз және ол объективті түрде болуға тиіс қауіптің жоқтығын;

      оқиғаның туындауы сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда иеленушінің) мүліктік мүддесі үшін жағымсыз, экономикалық тұрғыдан тиімсіз салдарларының болуын;

      оқиғаның туындауы сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда иеленушінің) еркімен және (немесе) ниетімен байланысты болмауын және пайда алу және (немесе) ұтыс алу (алыпсатарлық тәуекел) мақсатын көздемейтінін иемденуге тиіс.";

      7) 818-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде олар міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде белгіленеді.

      Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәртібі мен мерзімдері шартта айқындалады. Міндетті сақтандыру кезінде олар міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде айқындалуы мүмкін.";

      8) 819-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру сомасының мөлшері шартта белгіленеді. Міндетті сақтандыру кезінде олардың міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде белгіленген мөлшерден кем болуына болмайды.";

      9) 820-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртібі шартта белгiленедi. Талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде белгіленген мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау тәртібі міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде айқындалады.

      3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерi шартта айқындалады.

      Міндетті сақтандыру бойынша ол міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде айқындалуы мүмкін.";

      10) 823-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "823-бап. Ортақ сақтандыру және бірлесіп қайта сақтандыру

      1. Сақтандыру объектiсi бірлескен қызмет (ортақ сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (сақтандыру пулын) құру арқылы бiрнеше сақтандырушы бірлесіп бір ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін.

      Қайта сақтандыру объектісі бірлескен қызмет (бірлесіп қайта сақтандыру) туралы шарт негізінде жай серіктестік (қайта сақтандыру пулын) құру арқылы бiрнеше қайта сақтандырушы бірлесіп бір бірлескен қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандырылуы мүмкін.

      Бұл ретте ортақ сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шартында әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) келісілген үлестегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын талаптар болуға тиіс.

      Егер ортақ сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шартында өзгеше белгіленбесе, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушылары сақтанушы (пайда иеленуші) немесе қайта сақтанушы алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының міндеттемелері бойынша, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асырғаны үшін ортақтасып жауап береді.

      2. Сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) арасында тиісті келісім болған кезде сақтанушымен (қайта сақтанушымен) өзара қарым-қатынастарда олардың бірі барлық сақтандырушылардың (қайта сақтандырушылардың) мүддесін білдіре алады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының ортақ істеріне басшылықты және оларды жүргізуді сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларымен тиісті келісім болған кезде сақтандыру брокері жүзеге асыра алады.";

      11) 824-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелін жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы.

      Қайта сақтандырушының сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ретінде жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәуекелімен байланысты оның мүліктік мүдделері қайта сақтандыру объектілері болуы мүмкін.

      Қайта сақтандырушының заңсыз мүліктік мүдделері қайта сақтандыруға жатпайды.

      Объектісі қайта сақтанушының заңсыз мүліктік мүдделері болып табылатын не қайта сақтандыру объектісі жоқ қайта сақтандыру шарттары мәніссіз болып табылады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      12) 825-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "825-бап. Сақтандыру шартының нысаны

      1. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:

      1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;

      2) сақтандырудың міндетті сақтандыру туралы заңнамада көзделген үлгі талаптарына не сақтандырушының біржақты тәртіппен әзірлеген сақтандыру қағидаларына қосылу (қосылу шарты) және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн ресімдеуi жолымен жасалады.

      2. Мiндеттi сақтандыру бойынша шарттың жазбаша нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрін реттейтін заңнамалық актілерінде не міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген ең төменгі талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімімен айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша сақтандырушы айқындайды не тараптардың келісімiмен айқындалады.

      Сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы сақтандырудың үлгі талаптарына немесе қағидаларына сәйкес сақтандыру түрлері бойынша әзірленген шарттарды қолдануға құқылы.

      3. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның мәніссіздігіне алып келеді.";

      13) 825-1-бапта:

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) дауларды шешу тәртібі, оның ішінде өтініш беруші (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда иеленуші) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тарту туралы шешімін даулаған жағдайда сақтандыру омбудсманына жүгіну арқылы дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру қағидаларының негiзiнде сақтандыру қағидаларының жекелеген ережелерін өзгертуді, алып тастауды, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу кезінде айқындалатын қосымша талаптарды көздейтін сақтандыру шарттары жасалуы мүмкiн.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер шартта сақтандыру қағидаларының қолданылуы тікелей көрсетілсе және қағидалардың өзі шартпен бірге немесе оның сыртқы жағында бір құжат болып жазылса не оған қоса берілсе, қағидалардағы және сақтандыру шартына енгізілмеген талаптар сақтанушы (пайда иеленуші) үшін міндетті болып табылады. Соңғы жағдайда шарт жасасу кезінде сақтанушыға сақтандыру қағидаларының берілуі шарттағы жазбамен куәландырылуға тиіс.";

      14) 826-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 6-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірі және сәйкестендіру нөмірі (егер ол жеке тұлға болса) немесе атауы, орналасқан жері, байланыс телефонының нөмірі және идентификаттау нөмірі (егер ол заңды тұлға болса);";

      "6-2) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы туралы нұсқау;";

      "10-1) сақтанушының шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер мүліктік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі ықпал етуі мүмкін болса, сақтандырушыға дереу хабарлау міндеті (осы Кодекстің 834-бабының 1-тармағы).";

      15) 826-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушының сақтандырушымен келісімi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және басқаның) түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм iшiнде жүйелi сақтандыру сақтандырудың бiр шарты негiзiнде сақтанушыға бас полис ресімдеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.";

      16) 828-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен таныстыруға және оның талап етуі бойынша қағидалардың көшiрмесiн беруге (жіберуге);";

      17) 830-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агентiнiң өз кәсiби қызметiнiң нәтижесiнде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтердi, кәсiби сақтандыру рыногының басқа қатысушысына не сақтандыру агентiне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе ортақ сақтандыру жөніндегі қатынастарға байланысты ақпарат беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқылы емес.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Сақтандыру құпиясы сақтандыру омбудсманының қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша жария етілуі мүмкін.";

      18) 832-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "832-бап. Шарт жасасу кезiнде сақтанушы беретiн мәлiметтер

      1. Шарт жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) туындауы мүмкін залалдардың мөлшерiн айқындау үшiн елеулi мәнi бар сақтанушының өзiне белгiлi жағдайларды, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгiсiз болса және белгiлі болуға тиiстi емес болса, хабарлауға мiндеттi.

      Сақтандырушы әзірлеген сақтандыру ережелерiнде немесе шарт жасасу кезеңiнде сақтанушыға жiберiлген сақтандырушының жазбаша сауалына нақты айтылған мән-жайлар елеулi деп танылады.

      Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде міндетті сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актіде айқындалған жағдайлар елеулi деп танылады.

      2. Сақтандыру шартын сақтандырушының елеулі жағдайларға қатысты жазбаша сауалында көрсетілген сұрақтарға сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасауға болмайды.

      Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бiр сұрақтарына сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасалған болса, сақтандырушы сақтанушының тиісті жағдайларда хабарламағандығын негiзге ала отырып, кейiннен шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.

      3. Егер шарт жасалып болған соң сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер бергендiгi анықталған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстiң 844-бабының 1-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген салдарды қолдануды талап етуге құқылы.

      Егер сақтанушының үнсіз қалған мән-жайы жоққа шығып қалған болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.";

      19) 833-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізудің тәртібі мен талаптары міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде айқындалуы мүмкін.";

      20) 835-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының туындағаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартына сәйкес дәлелді себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар табыс етілсе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.";

      21) 837-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Зиян келтiргенi үшiн жауапкершілік шарты бойынша сақтанушының емес, өзге тұлғаның жауапкершілігі сақтандырылған жағдайда, сақтанушы, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, бұл туралы сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, сақтандыру жағдайы туындағанға дейін кез келген уақытта бұл тұлғаны басқасымен ауыстыруға құқылы.";

      22) 841-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртiппен ресімдеген сақтандыру полисiне енгiзiлген талаптар мен мәлiметтер өзгертілген;";

      23) 843-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мәмiлелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негiздемесiнен басқа, сақтандыру шарты мына жағдайларда, егер:

      1) шарт жасасу кезiнде сақтандыру объектiсi болмаса;

      2) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса;

      3) сақтандыру жағдайы ретiнде осы Кодекстiң 817-бабының 3-тармағында көзделген белгiлерiнен айрылған оқиға көзделсе;

      4) шарт талаптары сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайы туындаған кезде жүзеге асыру мүмкіндігін болдырмаса;

      5) сақтанушы шарт жасасу кезiнде құқыққа сыйымсыз, оның iшiнде сақтандыру жағдайы туындаған соң шарт жасасу арқылы пайда табуды алдын ала мақсат еткен болса;

      6) сақтанушыда (сақтандырылған адамда, пайда иеленушіде) сақтандыру мүддесі болмаса;

      7) тараптар арасында осы Кодекстің 826-4-бабының 1-тармағында көзделген шарттың елеулі талаптары туралы келісім болмаса, жарамсыз деп танылады.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакция жазылсын:

      "1) егер құқыққа сыйымсыз мүліктік мүдделер сақтандыру объектiсi болса (осы Кодекстің 807-бабының 2-тармағы, 824-бабы 1-тармағының төртінші бөлігі);";

      3) тармақшадағы "(осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы) маңызсыз болады." деген сөздер "(осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) сақтандыру (қайта сақтандыру) объектісі болмаса, мәніссіз болады".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 212-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес табыс етілуі талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) табыс етпеуі -";

      2) 227-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушыларының, сақтандыру тобы құрамына кiретiн заңды тұлғалардың, актуарийдің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушыларының, инвестициялық портфельдi басқарушының iрi қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң, арнаулы қаржы компаниясының, ислам арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың, микроқаржы ұйымдарының өздерi қабылдаған және (немесе) өздерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шектеулi ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген мiндеттердi орындамауы, уақтылы орындамауы";

      3) 228-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу";

      4) 228-баптың бірінші және екінші бөліктерінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуі -";

      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның дұрыс емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты табыс етуі -";

      5) 230-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі талаптарды сақтамауы -";

      6) 612-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы -";

      7) 797-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде), 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 572, 573, 574, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде), 597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 612 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 613 (екiншi бөлiгiнде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;".

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 20-4-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйелеріне қатысушылардың, төлем жүйелері операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі – тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:";

      2) 61-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, төлемдер және төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру туралы заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің сақтауын қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.";

      3) 62-5-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын.

      5. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат, № 4, 7-құжат):

      1) 3-бапта:

      1-1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) актуарий – актуарилерді оқытудың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырған жеке тұлға;

      1-2) актуарийлер бірлестігі – актуарийлердің ерікті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың кәсіби қызметтеріне жағдай жасау және осы Заңда белгіленген өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) – бiр мезгiлде бiрнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған бірлескен қызметі туралы шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты – сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының бірлескен қызметі туралы шарттың шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушылары мен сақтанушы (цедент) арасында жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) сақтандыру брокерi – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандыру шарттарын және (немесе) цеденттің (қайта сақтанушының) тапсыруы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша өз атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) тәуелсіз актуарий – осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және актуарийдің есептеулерін бағалауды жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы – бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде сақтандыру қызметін сақтандырудың жекелеген түрлері (сыныптары) немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелдері бойынша бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;

      32) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым.";

      2) 5-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      3) 6-бапта:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;";

      "11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) осы тармақтың 9), 10), 11) және 11-1) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Міндеттелген сақтандыру міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандыру түрлері және ең төмен талаптары заңнамалық актілермен белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де талаптары мен тәртібі тараптардың келісуі бойынша айқындалатын міндетті сақтандыру түрін білдіреді.

      Міндеттелген сақтандыру осы Заңның 6-бабының 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жеке сыныбы болып табылмайды.

      8. Сақтандыру түрін талаптары мен тәртібі жеке заңнамалық актілермен реттелетін міндетті сақтандыруға жатқызу үшін экономикалық тұрғыдан негізді, жаппай және әлеуметтік-қоғамдық тұрғыдан маңызды өлшемшарттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.";

      4) 7-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Ғарыш объектілерін сақтандыру ғарыш объектісін иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, тұлғаға өзі көлік құралын пайдалану салдарынан келтірген залалды өтеу міндетіне байланысты келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру үшінші тұлғаларға өзі ғарыш объектісін пайдалануға байланысты келтірген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.";

      9 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11) және 11-1) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты сақтанушының келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.";

      "11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлікті сатқаннан кейін қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.";

      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.

      2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болғанда ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.

      4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана "жалпы сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      6. Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

      7. Цедент сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде цедентте қайта сақтандырудың барлық талаптарын көрсете отырып қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдер қабылдауы туралы жазбаша нысандағы растауы болуға міндетті.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға тек уәкілетті органның қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, уәкілетті органда тіркелген қайта сақтандыру пулына және Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы. Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімін уәкілетті орган жүргізеді. Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі, Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарын тіркеу және тізілімнен алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы бере алады. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы жасаған уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қайта сақтандыру шарттары туралы есеп ұсынады.

      10. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға осы тәуекелдерді орналастыру талаптары туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.

      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға тек уәкілетті органның қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, уәкілетті органда тіркелген қайта сақтандыру пулына, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына және Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы. Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы жүргізеді. Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі, Қазақстан Республикасының резиденттері емес қайта сақтандыру ұйымдарын тіркеу және тізілімнен алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокері филиалының делдалдығы арқылы бере алады. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы жасаған уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес қайта сақтандыру шарттары туралы есеп ұсынады.

      13. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.";

      6) 10-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;

      11-2) дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйым;";

      7) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне:

      1) сақтандыру нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;

      2) ішкі құжаттарды әзірлеу;

      3) сақтандыру нарығына қатысушыларды оқытуды өткізу;

      4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;

      5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;

      7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі өз мүшелерінің кәсіби қызметінің мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.";

      8) 10-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі мынадай ішкі құжаттарды:

      1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;

      2) кәсіби әдеп кодексін;

      3) дауларды шешу тәртібін;

      4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.

      Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестіктерін басқарудың жоғарғы органы бекітеді және олар өз мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.";

      9) мынадай мазмұндағы 10-3-баппен толықтырылсын:

      "10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі

      1. Актуарийлер бірлестігі коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады, оның қызметі осы Заңмен, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, бағалаушылар бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі.

      2. Актуарийлер бірлестігінің мәртебесі оны Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізген күннен бастап иеленеді.

      3. Актуарийлер бірлестігіндегі мүшелікке (қатысушыларға) қабылдау және мүшелігін (қатысуын) тоқтату талаптары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленеді.

      Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің тізілімін жүргізеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      4.Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша заңнамалық актілерімен айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне актуарлық бағалау мен сараптаманы жүргізу;

      2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде жасалған аннуитет шарттары бойынша талдау жүргізу және межелі жасқа жету көрсеткіштерін жаңарту;

      3) актуарийлерді ең қысқа міндетті оқыту бағдарламасы бойынша оқыту және емтихандар өткізу;

      4) ішкі құжаттарды әзірлеу;

      5) өз қызметін жүзеге асырған кезде өз мүшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;

      7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      5. Актуарийлер бірлестігінің қызметкерлері және мүшелері олардың өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.

      6. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібін және негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің кәсіби әдеп кодексін және кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік және өзге де талаптарды бұзу туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігінің жоғарғы органының құзыретіне жатады.";

      10) 11-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің құрамына кіруге міндетті.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру түрлері бойынша қолданыстағы сақтандыру қағидаларын орналастыруға міндетті, олар бойынша сақтандырушының ресми интернет-ресурсында сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау мүмкіндігі көзделеді.

      Ерікті сақтандыру шарттарын тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың ресми интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасаған жағдайда, сақтандыру ұйымы қолданыстағы сақтандыру қағидаларын олардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

      Тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болмауы;

      2) актуарлық қызметте кемінде үш жыл және тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы және актуарийлер бірлестігінің мүшесі болып табылуы;

      3) уәкілетті органның актуарлық қызметке арналған лицензиясы болуы немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының немесе актуарийлер бірлестігінің мүшесі болуы.";

      11) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптары негізінде жасалады.

      2. Бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) пул қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы;

      2) сақтандыру түрлері (сыныптары) және пул қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;

      3) ортақ сақтандырудың (бірлескен сақтандырудың) жеке шарты бойынша міндеттемелердің ең көп мөлшерін, қабылданатын тәуекелдер бойынша пулдың әрбір қатысушысы жауапкершілігінің ең көп үлесін қоса алғанда, пулдың және оның қатысушыларының жиынтық міндеттемелерінің ең көп мөлшері;

      4) ортақ сақтандыру (бірлескен сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындау талаптары, тәртібі;

      5) шарттың қолданылу мерзімі;

      6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      7) дауларды шешу тәртібі;

      8) тараптардың қолдары.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысатын бірлескен қызмет туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органда тіркелуге тиіс.

      3. Ортақ сақтандыру (бірлескен сақтандыру) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қойылатын талаптарға жауап беруге тиіс.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің шеңберінде жасалған ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен жасасу күні, пулдың қатысушылары туралы мәліметтер, сондай-ақ пулдың қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің уәкілетті тұлғасының қолы болуға тиіс.

      5. Пулдың әрбір қатысушысы сақтандыру резервтерін қабылданған міндеттемелердің көлеміне сәйкес қалыптастырады.

      6. Лицензиясында сақтандырудың тиісті сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының сақтандыру пулына қатысуға тыйым салынады.

      7. Сақтандырудың тиісті саласы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған оның қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушылары пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған басқа қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

      9. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      10. Пулдың қатысушылары мен сақтандыру брокерінің арасында келісім болған кезде, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартыла алады.

      Бұл ретте сақтандыру брокеріне жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары жүктеледі.

      14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:

      1) өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға, негiзгi немесе қосымша қызмет түрi ретiнде осы Заңның 11-1-бабының 4 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда сақтандыру брокерiнiң, актуарийдің қызметiн көрсетуге;

      2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "сақтандыру", "қайта сақтандыру", "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы", "сақтандыру брокерi" деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды бiлдiретiн не осы Заңның 11-1-бабының 4 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда сақтандыру брокерi, актуарий ретiнде көрiнетiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ.

      2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      12) 15-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      13) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:

      "15-2. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасаған кезде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда, сақтандыру шарттары сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу жолымен жасала алады.

      2. Сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) және сақтандырушы арасындағы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Ерікті сақтандыру шарттары тиісті келісім негізінде сақтандырушының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың ресми интернет-ресурстарын пайдалана отырып та жасала алады.

      3. Сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес сақтандырушының ресми интернет-ресурсын және (немесе) басқа ұйымдардың ресми интернет-ресурстарын пайдалана отырып, сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтандыру ұйымы:

      1) сақтанушыға сақтандыру шартын жасау не оны жасаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жіберуді;

      2) сақтанушының сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушының сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына тәулік бойы кіруін қамтамасыз ете отырып, сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;

      4) сақтанушыға (сақтандырылған адамға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтер өзгерту, сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру оқиғасының басталуы туралы хабардар ету;

      келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты сақтандыру ұйымына электрондық нысанда (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) жасау және жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымнан (бұдан әрі – ұйым) жіберіледі.

      Сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаның тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес сақтандырушының ресми интернет-ресурсын және (немесе) басқа ұйымдардың ресми интернет-ресурстарын пайдалана отырып, сақтандыру шартын жасаған кезде, осы сақтандыру шарты сақтандырушы сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп-бөліп төленген жағдайда, алғашқы сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап ұсынған талаптармен сақтанушымен жасалды деп есептеледі.

      6. Осы баптың 2-тармағына сәйкес сақтандырушының ресми интернет-ресурсын және (немесе) басқа ұйымдардың ресми интернет-ресурстарын пайдалана отырып, сақтандыру шартын жасаған кезде, сақтанушы міндетті сақтандырудың тиісті түрі бойынша заңнамада көзделген сақтандырудың үлгілік талаптарымен не сақтандырушының сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (алғашқы сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы оған ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасауға өз келісімін растайды.

      7. Сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасауға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, сақтандыру шарттарын жасау жөніндегі сақтандыру агенттерінің қызметіне жол берілмейді.";

      14) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына, сақтандыру омбудсманына сақтанушыларға ақпарат беру жөнiнде қойылатын талаптар

      1. Сақтанушыларға (сақтандырылған адамдарға, пайда алушыларға), сақтандыру шартын жасауға ниетті адамдарға өз қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында сақтандыру ұйымының, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ресми интернет-ресурсы болуға тиіс.

      2. Сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады, атап айтқанда:

      1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режімі, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің;

      2) акционерлер туралы мәліметтер;

      3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтер;

      4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      5) лицензия нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер;

      6) жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер;

      7) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы үш есептік жыл үшін жылдық қаржылық есептілік;

      8) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы үш есептік жыл үшін (бар болса) жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік;

      9) алдыңғы үш есептік жыл үшін қызметінің қорытындылары туралы есептер;

      10) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің (бар болса) бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер;

      11) сақтандыру ұйымына рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер (берген жағдайда);

      12) құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдары туралы мәліметтер (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы-сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының көшбасшысы үшін);

      13) сақтандыру түрлері бойынша ерікті нысандағы қолданыстағы сақтандыру қағидалары, олар бойынша алдыңғы редакцияларды, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шығу мүмкіндігімен сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау мүмкіндігі көзделеді;

      14) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналардың) мөлшері туралы ақпарат. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

      3. Сақтандыру брокерінің ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;

      3) шарттың нөмірін және жасалған күнін, сақтандырушының атауын, сақтандыру объектісін және шартты жасау нысаны болып табылатын тәуекелдер тізбесін, оның қолданылу кезеңін және шарт бойынша сақтандыру сомасын қоса алғанда, сақтандыру брокерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты туралы мәліметтер.

      4. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) қатысушы сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер;

      5. Сақтандыру омбудсманының ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 6), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) сақтандыру омбудсманын сайлау туралы ақпарат;

      3) сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының тізбесі;

      4) сақтандыру омбудсманының қызметін регламенттейтін ішкі қағидалар, оның ішінде дауларды шешу және шешімдер қабылдау бойынша өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру нарығының қатысушыларымен жасалған меморандумдар.

      6. Дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) осы баптың 2-тармағының 1), 4), 6), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;

      2) басшылар туралы мәліметтер;

      3) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер.

      7. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының, сақтандыру омбудсманының ресми интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      8. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда, сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте бiр айдан кешiктiрмей хабарландыру жариялау арқылы немесе сақтандырушының ресми интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттi.

      Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда, сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте бiр айдан кешiктiрмей хабарландыру жариялау арқылы немесе өзінің ресми интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттi.

      9. Сақтанушы исламдық сақтандыру шартын жасасқан кезде исламдық сақтандыру ұйымынан сақтандыру қағидаларының осы Заңның 6-1-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындысын сұратуға құқылы.";

      15) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.

      Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруына және сақтандыру шарттарын жасауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуына тыйым салынады.

      2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін:

      1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;

      2) өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру брокерінің қызметі мынадай брокерлік қызмет түрлерін жүзеге асыруды қамтуы мүмкін:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметі;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) үшін жеке және заңды тұлғаларды іздестіру және тарту;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасау;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырма талдау жасау мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинау;

      5) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемшарттарын әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау бойынша сараптамалық қызметтер көрсету;

      6) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеу, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинау;

      7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеу;

      8) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін жинау;

      9) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру бірлескен қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыру;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда кінәрат-талаптарды шағымдарды қарау кезінде құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз ету;

      11) консультация өткізуді және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесу;

      12) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеу;

      13) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін оларды кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинау;

      14) сақтандыру жағдайы басталған кезде мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша шығындарды қарау және реттеу жөніндегі құжаттарды дайындау;

      15) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау бойынша сарапшылар көрсететін қызметтерді ұйымдастыру;

      16) осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін оның қатысушыларымен жасалған келісімнің негізінде басқару.

      4. Сақтандыру брокеріне сақтанушыдан (цеденттен) немесе сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан) алынған сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомаларын орналастыру бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге орналастыруға құқылы.

      18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады.

      Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы өкілеттік берген әрекеттерді өзі жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.

      Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi.

      2. Сақтандыру ұйымы өзiнiң атынан және оның тапсырысы бойынша сақтандыру агентi жасасқан сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға міндетті.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің мынадай әрекеттерді:

      1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктерден тыс әрекеттер жасағаны;

      2) уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру ұйымының сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны;

      3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі шатастырғаны;

      4) Қазақстан Республикасының сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны;

      5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауаптылықта болады.

      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті жүзеге асыруына байланысты емес әрекеттері үшін жауаптылықта болмайды.

      3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi шарттар, оның iшiнде сақтандыру есептілігі бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу мәселелерi жөніндегі шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.

      4. Сақтандыру агентiне сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге заңды тұлға болып табылатын сақтанушыдан төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауға тыйым салынады.

      Осы шектеу сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетін адамдардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауына қолданылмайды.

      Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) сақтандыру ұйымының банк шотына аудару немесе кассасына салу арқылы толық көлемде сақтандыру ұйымына тапсырылады.

      Сақтандыру ұйымының сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) толық көлемде алғаннан кейін жүзеге асырады.

      5. Сақтандыру агентiне тапсырма шарты бойынша оған тиесілі сыйақыны сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан ұстап қалуына тыйым салынады.

      6. Осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан да көп сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.

      Сақтандыру агенттерінің:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша;

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру шарттары бойынша;

      сақтанушылар ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.

      Мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтандыру агенттерінің делдалдығы кезінде сақтандыру шарттарын жасауға құқылы емес.

      7. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шартын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрлері, оның ішінде жалға алуға ақы төлеу жөніндегі шығыстары, сыйақылардың кез келген түрлері, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді.";

      16) 18-1-баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) уәкілетті орган сақтандыру ұйымына сақтандыру агенті жасаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың анықталуы бойынша қолданған шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкция;";

      4) тармақшадағы "тоқтату негіз болып табылады." деген сөздер "тоқтату;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) сақтандыру агентінің соңғы екі жыл ішінде сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырмауы негіз болып табылады.";

      17) 18-2-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлға бола отырып, осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;";

      2-тармақтың 6) тармақшасындағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен аустырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) өзі сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) толық көлемде сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.";

      18) 19-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Актуарийлiк қызмет:

      1) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерін есептеу;

      2) сақтанушыларға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берілетін қарыздар мөлшерін айқындау;

      3) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша ірі мәміленің жасалғаны туралы актуарийлiк қорытынды жасау;

      4) сақтандыру тарифтерін есептеу методологиясын және экономикалық негіздеуді әзірлеу, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлемесін есептеу;

      5) аннуитеттік сақтандыру және өмірді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру резервтерін бағалау үшін өмірінің соңына дейінгі көрсеткіштерді талдау және жаңарту;

      6) актуарийлiк есептеулер мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету және ұсынымдар беру;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер;

      8) тәуекелдерді және (немесе) тәуекелдердің болуымен негізделген қаржылық міндеттемелерді талдау және сандық, қаржылық тұрғыдан бағалау, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеу және тиімділігін бағалау бойынша қызметтер көрсетуді қамтиды.";

      19) 20-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам – бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі осы құжаттарды мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым аудиторлық есепте көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне қатысты – осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға;

      сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің құрамына кіретін ұйымға қатысты – осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

      Осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне қатысты – осы Заңның 55-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерін лицензиядан айыруға;

      сақтандыру холдингіне қатысты – осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.";

      20) 26-бапта:

      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) өзгерген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.";

      19-тармақ алып тасталсын;

      21) 26-1-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) табыс етілген құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы не уәкілетті органның табыс етілген құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;";

      13) тармақшадағы "болмауы негіз болып табылады." деген сөздер "болмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) еншілес ұйымды құруға (сатып алуға) не ұйымның капиталына қомақты қатысуға осы Заңның 32-бабының 6-тармағында көрсетілген негіздер бойынша рұқсат беруден бас тарту негіз болып табылады.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыздығының белгісі болып табылады.";

      22) 27-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) нотариат куәландырған және заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) көшірмелері;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін – таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;";

      23) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұсынылған құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы не уәкілетті органның табыс етілген құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;";

      24) 32-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұсынылған құжаттардың Заңның осы бабында аталған талаптарға сәйкес болмауы не уәкілетті органның табыс етілген құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;";

      25) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шелімі негізінде, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімінсіз, қатысушылардың жалпы жиналысының не акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өз филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      4. Сақтандыру брокерінің филиалы - сақтандыру брокерінің заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру брокері орналасқан жерден тыс орналасқан, өзінің қызметін сақтандыру брокерінің атынан жүзеге асыратын және оған сақтандыру брокері берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру брокері филиалының сақтандыру брокерімен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру брокерінің атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.

      6. Сақтандыру брокерінің өкілдігі – сақтандыру брокерінің заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру брокері орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру брокерінің атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру брокерінің сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау жөніндегі делдалдық қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.

      7. Сақтандыру қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сақтандыру брокерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің талаптарын сақтамауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеу үшін құжаттар берілген күні Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 228-бабының бесінші, он екінші бөліктерінде, 229-бабының бірінші бөлігінде, 230-бабының бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түрінде уәкілетті орган қолданған қолданыстағы санкциялардың болмауы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің филиалдарын ашудың міндетті шарттары болып табылады.

      8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.

      9. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін тіркеген әділет органының белгісін және мөрін қоя отырып, уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері енгізілген өзгерістер туралы хабарламаны қабылдауға уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.

      10. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмай ашуға құқылы.

      12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

      1) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;

      3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын немесе, егер сақтандыру брокерінің тиісті мемлекеттегі қызметі қызметтің лицензияланатын түрі болып табылмаса, тіркеу нөмірін көрсете отырып электрондық растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокері шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;

      4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокері мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

      5) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің өкілдігі басшысының атына нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.

      14. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің өкілдігі енгізілген өзгерістер туралы хабарламаны қабылдауға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокері өкілдігінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметі тоқтатылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

      16. Осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, резидент-сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, резиденті емес сақтандыру брокерінің өкілдігін жабуды талап етеді.

      Осы баптың 2, 7, 8, 10, 12 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін қолданады.";

      26) 37-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      8) тармақша алып тасталсын;

      9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өтініш берушінің штатында сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;";

      "11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;";

      2-тармақта:

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қол қойған, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;

      3) сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, сондай-ақ лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және олардың сақтандыру сыйлықақыларын ұлғайту көзделетін өзгерісін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін қоса алғанда, сақтандырудың осы сыныптары бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауға тыйым салуға әкеп соғады.

      Сақтандырудың осы сыныптары бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне алған міндеттемелерін орындауға не сақтанушының келісімі болған кезде сақтандыру портфелін өткізуді жүзеге асыруға және (немесе) сақтанушылармен жасалған сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі өткізілген жағдайларда, осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру шарттарын мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) сақтандыру портфелінің өткізілгенін растайтын құжаттарды табыс етеді.";

      8-тармақта:

      1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) брокерлік қызметтің түрлері шегінде лицензия беру туралы өтінішті;";

      "6) сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін ішкі жұмыс регламентін;";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру брокері уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төменгі мөлшерге сәйкес келуін растайтын құжаттарды;

      3) брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша брокерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі көзделетін ішкі жұмыс регламентін;

      4) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету талаптарын;

      5) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.

      8-2. Лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайда, лицензия брокерлік қызметтің осы түрі алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.

      8-3. Сақтандыру брокерінің делдалдық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тастау үшін сақтандыру брокері уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.";

      27) 37-1-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.

      Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі болған кезде қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.

      Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 1-тармағының сақтанушының келісімін алу жөніндегі талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.

      Сақтандыру ұйымы сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын 2 (екі) мерзімді баспасөз басылымында және (немесе) ресми сайтта (интернет-ресурста) алдағы уақытта болатын сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жариялайды.";

      28) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар беруден бас тарту

      1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):

      1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптарды сақтамауы;

      2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;

      3) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі;

      4) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.

      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына не брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:

      1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);

      2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);

      3) өтініш берген күні сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына не сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.";

      29) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;

      5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;

      6) өтініш беруші лицензия алу үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес магистр дипломының көшірмесін;

      7) Қазақстан Республикасының резиденттері емес жеке тұлғалар үшін – тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      8) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (бар болса);

      9) жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін құжаттың көшірмесін табыс етеді.

      Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.

      Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

      Уәкілетті орган лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

      3. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      4. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий әрбір үш жыл сайын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес өзінің біліктілігін растайды.

      5. Мынадай:

      1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;

      3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайлар лицензия беруден бас тартуға негіздер болып табылады.

      6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.";

      30) 43 және 44-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкiлеттi орган:

      1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

      2) сақтандыру нарығын реттеудің қағидаттары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді;

      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;

      9) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;

      10) жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

      11) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншік капиталының ең аз мөлшеріне талаптарды белгілейді және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

      12) сақтандыру брокерлері қызметінің шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды;

      13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;

      14) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;

      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн тағайындауға (сайлауға) келісім бередi;

      16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртібін белгiлейдi;

      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;

      19) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;

      20) құнын төлеп сатып алу сомасы есебінің тәртібін белгілейді;

      21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің сақтандыру брокерлерiнiң және сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымдарының, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;

      22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есебін және бас бухгалтерлік кітабын автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;

      23) ұйымның:

      ақпараттық процеске;

      қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды белгілеуге;

      дерекқордың сақталуына;

      үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;

      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасау, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарына және интернет-ресурстарына талаптарды белгілейді;

      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының деректеріне рұқсатсыз кіруден ақпараттың сақталуын және қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді;

      26) қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін және ерекшеліктерін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын айқындайды;

      27) Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін, Қазақстан Республикасының бейрезидент қайта сақтандыру ұйымдарын тіркеу және тізілімнен шығару қағидаларын айқындайды;

      28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдайды;

      29) сақтандыру қызметi субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды, сондай-ақ сақтандыру холдингтерін және сақтандыру топтарын тексерудi жүргізеді;

      30) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      31) сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкция қолданады;

      32) сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;

      33) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;

      34) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;

      35) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатысты еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;

      36) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;

      37) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;

      38) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;

      39) ертерек ден қою шараларын қолданады;

      40) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) және сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін белгілейді;

      41) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға орындауға міндетті шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;

      42) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;

      43) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      44) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;

      45) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының ресми интернет-ресурсына ақпарат орналастыру тәртібін белгілейді;

      46) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      47) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп айырысуларды тағайындау талаптарын және жүргізу тәртібін белгілейді;

      48) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері оларға жалған (толық емес) есептілік берілген жағдайда қаржылық және өзге есептілікті түзетуді талап етуге құқылы;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болады.

      44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметін тексеру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетінше не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдарға және қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және ақпаратқа тексеру жүргізуге қажетті кез келген дереккөздерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметін тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін жауапты болады.

      4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өкiлеттiктер шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымдардың және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мынадай шарттардың бірін:

      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;

      уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      31) 46-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының үлестес тұлғаларының, олардың лауазымды адамдарының немесе жұмыскерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқандығын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлесіп сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      32) 46-1-бап алып тасталсын;

      33) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-бап. Сақтандыру резервтерi

      1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.

      2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға ғана арналған.

      3. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.";

      34) 48-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын, 4) тармақшадағы "беруге тыйым салынады." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) осы Заңның 25-1-бабында көзделген талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыздарды тартуды қоспағанда, заңды және жеке тұлғалардан қарыз қаражатын тартуға;";

      "5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтанушыларға, сыйақылардың кез келген түрлерін, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы төлеуге, сондай-ақ сақтандыру шартына сақтандыру сыйлықақысы сомасының азаюына әкелетін бұзу немесе өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру сыйлықақысының барлық немесе бір бөлігінің сомаларын қайтаруға тыйым салынады.";

      35) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

      1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бөлек жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы (міндеттемелердің қабылданатын көлемі) не жекелеген шарты бойынша міндеттемелерінің қабылданатын көлемі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.

      2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiм "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес уәкілетті органның актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдiң қорытындысы негiзiнде қабылданады.";

      36) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызметке қатысуы

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 13-бабында белгіленген талаптарға сәйкес консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау ынтымақтасқан негiзде жүзеге асырылады. Ынтымақтасып қадағалау қағидаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      37) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Ертерек ден қою шаралары

      1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

      2. Сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін сақтандыру тобының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген не уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.

      4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобына қатысушыларды тексеру қорытындылары бойынша сақтандыру топтарына қатысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыға сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.

      Сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға тапсыруға міндетті.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар жоспарда белгіленген не уәкілетті орган белгілеген мерзімде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыларға шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде тапсырмаған, осы жоспардың іс-шараларын орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру холдингіне) және (немесе) оның (олардың) ірі қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

      Тиісті жоспардың (жоспарлардың) мерзімдері мен іс-шаралары аяқталғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор (факторлар) жойылмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру холдингіне) және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне осы Заңның 53-3-бабының 2-тармағының
5) тармақшасында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және (немесе) ірі қатысушы оларға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде іс-шараларды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда іс-шаралар жоспарын орындау мерзімін уәкілетті органның лауазымды адамы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының өтінішхаты бойынша ұзартуы мүмкін.

      7. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      38) 53-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 53-2-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;";

      39) 53-2-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган сақтандыру агентінің делдал қызметін жүзеге асыруға байланысты сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолдануға құқылы.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде беру қажеттігіне бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша нұсқамада белгiленген мерзiмде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, іс-шаралар жоспарының аяқтау нысаны не оның орындалуын растайтын құжат, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған, жазбаша нұсқамаға сәйкес ұсынылған іс-шаралар жоспары орындалмаған, уақытылы орындалмаған жағдайда, жазбаша нұсқама осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалмаған деп саналады.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы хабарлауы жазбаша ескерту болып табылады.

      Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне не оның (олардың) басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) ол шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қайтадан бұзуға жол берілмеу міндетін жүктейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда, уәкілетті орган сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, актуарийге, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға байланысты емес себептер бойынша бұзушылықты іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою және (немесе) орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті органның лауазымды адамы ұзартуы мүмкін.";

      40) 53-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-3-бап. Санкциялар

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокеріне бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.

      2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;

      2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;

      3) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервацияны енгізуді;

      4) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруды;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды;

      6) осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына не осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы. Осы Заңның 34-бабында көрсетілген адамдарды уәкілетті орган қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің тиісті лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуды жүргізеді.

      3. Уәкілетті орган "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-2-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лауазымды адамын қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.";

      41) 54-баптың 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 2-4), 2-5) және 2-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-4) осы Заңның 17-бабы 2-2-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзған;

      2-5) сақтандыру брокерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзіндік капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамаған;

      2-6) сақтандыру брокерінің сақтандыру шартын жасауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу фактісі анықталған;";

      8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) сақтандыру брокері сақтандыру брокерінің кәсіби жауапкершілігімен байланысты тәуекелдер объектісі болып табылатын, үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты болмай сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      42) 54-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми сайтында (интернет-ресурсында) жарияланады.

      Консервациялау сатысында сақтандыру портфелін беру кезінде хабарландыруда сақтанушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда қарсылықтарды беру тәртібі, мерзімдері және олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжай көрсетіледі.

      3. Консервациялау сатысында уақытша әкімшілік уәкілетті органмен келісім бойынша сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде сақтандыру портфелін ішінара (бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша) немесе толық беру туралы шешім қабылдайды.";

      43) 55-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау";

      44) 55-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешім

      1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімі:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;

      3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесін;

      5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;

      6) консервациялау режимінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, табысы туралы декларацияны, меншiгiнiң бар екендігі және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы нұсқамасын;

      7) уақытша әкімшіліктің ұсынымын қамтуға тиіс.

      2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзiмдi екі басылымда және (немесе) уәкілетті органның ресми сайтында (интернет-ресурсында) жариялайды.";

      45) 55-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ұсынымдар беруге (негізгі іс-шаралар жоспарын ұсынуға);

      2) орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;

      3) оның қызметі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат беруді талап етуге;

      4) істелген жұмыс туралы есепті тыңдауға;

      5) консервациялау мерзімін ұзартуға;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметінің ерекшеліктері және оның үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының қағидаттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      46) 56-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензияларынан айыру туралы шешiм оны уәкілетті орган қабылдаған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензиядан айыру туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында және уәкілетті органның ресми сайтында (интернет-ресурсында) жарияланады.";

      47) 59-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:

      1) уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;

      2) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;

      3) осы Заңның 40-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы Заңда белгіленген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуына әкеп соққан сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып, актуарий қызметін жүзеге асырған;

      5) лицензия беруге негiз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактiсi анықталған;

      6) актуарий уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекітілген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.";

      48) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерінен (акционерлерiнен) мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға (инвесторларға) сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға (инвесторларға) сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционердің акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға (инвесторларға) ауысады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.";

      49) 62-баптың 6) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды өткізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде алдағы өзгерістер туралы өздерінің барлық сақтанушыларына тікелей хабарлау және тиісті хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми интернет ресурсында жариялау арқылы хабардар етуге міндетті.";

      50) 63-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;";

      51) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:

      1) уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша (мәжбүрлеп таратылуы) таратылуы мүмкiн.";

      52) 67-бапта:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берiлген барлық лицензияларды бір апта мерзімде уәкiлеттi органға қайтаруға мiндеттi.

      5. Уәкiлеттi органнан өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясын құрады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiктері заңнамада белгiленген тәртiппен соған көшедi.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тарату комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есепті және тарату балансын бекіткен күннен бастап он күн iшiнде оларды әдiлет органдары мен уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.";

      53) 68-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;";

      54) 69-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;";

      55) 69-1-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдары) қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми интернет-ресурсында жариялайды.";

      56) 70-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1.      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны лицензиясынан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасаған мәмілені мынадай негіздер бойынша жарамсыз деп тану туралы талапты ұсына алады:

      1) басқа тараптың:

      егер мәміле бағасының және (немесе) оның өзге талаптарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін салыстырмалы жағдайларда ұқсас мәмілелер жасалатын бағадан және (немесе) өзге де талаптардан нашар жағына айтарлықтай айырмашылығы болса;

      егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мүліктің немесе ол жүзеге асырған өзге міндеттемелерді орындаудың нарықтық құны алынған міндеттемелерді қарсы орындаудың міндеттемелерді осындай қарсы орындаудың талаптары мен мән-жайларын ескере отырып айқындалған құнынан айтарлықтай асатын болса;

      егер мәміле өтеусіз немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жасалса, міндеттемелерді теңдей емес қарсы орындауы;

      2) егер мәміле кредиторлардың бірінің басқа кредиторлар алдында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелері бола отырып, мәміле жасалған кезде орындалу мерзімі басталмаған талаптарын қанағаттандыруға әкелген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген кредиторға немесе өзге де тұлғаға қатысты талаптарды қанағаттандыру кезінде басқа кредиторлардың алдында кредиторлардың біріне басымдық беруге әкеп соқтыратын есеп айырысуды жасауы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде ол жасасқан мәмілелердің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талаптың ескіру мерзімі олар анықталған күннен бастап бес жылды құрайды.

      Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мәміле жарамсыздығының салдары қолданылады.";

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарын жасасқан сақтанушылар арасында ішкі резервтік қорды бөлу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      57) 72-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бiрiншi кезекте, сақтандыру ұйымын тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) алтыншы кезекте, жасалған сақтандыру шарттары бойынша осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге, кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған кепiлдiк төлемдерi, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда басқа сақтандыру ұйымына берілген мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстары және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның талаптары қанағаттандырылады;";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күні белгілеген бағам бойынша теңгемен қанағаттандырылады.";

      58) 74-1-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Екінші деңгейдегі банк немесе банк холдингі болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы, сақтандыру холдингі есептілікті Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес ұсынады.";

      59) 79-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      6. Ұйым өз қызметінде:

      1) ақпараттық жүйелерді, деректер базасын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлары болуға;

      2) деректер базасын және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін аталған ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға;

      3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ұйымның бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің жыл сайынғы аудитін жүргізуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес деректер базасының субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңның 80-бабының 2-тармағында тізбеленген ақпаратқа "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру шартының электрондық нысанда жасалуы туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;

      6) электрондық нысандағы сақтандыру шарттары жөніндегі ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда осы сақтанушымен жасалған электрондық нысандағы сақтандыру шарттары туралы ақпаратты қарау үшін тәулік бойынша нақты уақыт режимінде ұйымның ресми интернет-ресурсында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы ұйымның ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беруге;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұйымның негізгі функциялары:

      1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;

      2) мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;

      3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарийлік зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;

      3-1) сақтандыру нарығы жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорытындылау және оларды уәкілетті органға және жеткізушілерге ұйымның ресми интернет-ресурсы арқылы сұратуы бойынша беру үшін ақпараттық талдамалық жүйені құру және жүргізу;

      4) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу;

      5) әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша электрондық нысандағы сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты сақтауға арналған сақтандыру шарттары бойынша электрондық деректер базасын жүргізу;

      6) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізу болып табылады.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.

      Сақтандыру ұйымдарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне және деректер қорына "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.

      Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";

      60) 80-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі – сақтандыру жағдайлары туралы, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері туралы, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты құрайтын сақтандыру есебі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дерекқорды қалыптастыру үшін:

      1) ұйыммен ақпарат беру туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;

      2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;

      3) уәкілетті орган;

      4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар ақпарат берушілер болып табылады.";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тәулік бойы нақты уақыт режимінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, алуға құқылы.";

      61) 81-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері туралы, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) ақпарат береді.";

      62) 82-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуге, оның ішінде:

      сақтандырушыға сақтандыру агентінің бірыңғай тізілімде болуы туралы ақпаратты беруге және сақтандыру агенттерінің сақтандыру шарттарын жасаған кезде делдалдық қызметтер көрсетуге өкілеттіктерін растауға;

      осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерін бірыңғай тізілімнен шығаруға міндетті;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) өзін-өзі реттеуші ұйымнан кәсіпкерлік қызметпен байланысты ақпараттық материалдарды сатып алуды жүзеге асыруға;";

      63) мынадай мазмұндағы 15-тараумен толықтырылсын:

      "15-тарау. Сақтандыру омбудсманы

      86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызметінің қағидаттары, оны сайлау және өкілеттіктерін тоқтату тәртібі

      1. Сақтандыру омбудсманы, мыналарды:

      1) міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандыру ұйымдары арасында туындайтын;

      2) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады.

      Сақтандыру омбудсманы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) ретінде жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері болатын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру түрі (сыныбы) бойынша ғана өтініш жасай алады.

      Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптар сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      2. Сақтандыру омбудсманы өз қызметінде мынадай:

      1) тараптардың тең құқықтылығы;

      2) сақтандыру омбудсманы шешім қабылдаған кезде объективтілігі және әділдігі;

      3) сақтандыру құпиясын және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау;

      4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;

      5) шешім қабылдау рәсімінің айқындылығы және негізділігі қағидаттарын басшылыққа алады.

      3. Сақтандыру омбудсманын сайлауды және өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатуды сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі жүзеге асырады

      4. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің көпшілік дауысымен сайланады. Сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.

      5. Егер сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің отырысына қатысатын сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің мүшелері жиынтығында дауыстардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін иеленсе, сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің отырысы заңды, ал кворум талаптары сақталған болып танылады.

      6. Сақтандыру омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.

      7. Бір адам қатарынан екі реттен артық сақтандыру омбудсманы болып сайлана алмайды.

      8. Сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін өзінің бастамасы бойынша мерзімнен бұрын тоқтату өкілеттіктер тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.

      87-бап. Сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесі және оның құзыреті

      1. Сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесі мыналардан:

      1) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар әрбір сақтандыру ұйымының;

      2) уәкілетті органның бір өкілінен қалыптастырылады.

      2. Өкілдер кеңесінің құзыретіне:

      1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін үміткерлер қатарынан сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау;

      2) құрылымды және штатты бекіту (сақтандыру омбудсманы офисінің);

      3) сақтандыру омбудсманының қызметін (бюджетін) қаржыландыру тәртібін айқындау;

      4) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;

      5) сақтандыру омбудсманының осы Заңның 88-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін немесе оның осы Заңның 91-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамауы анықталған жағдайда сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату;

      6) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер кіреді.

      88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру омбудсманын сайлау үшін мынадай:

      1) жоғары заң білімі және (немесе) жоғары экономикалық білімі бар;

      2) мінсіз іскерлік беделі бар;

      3) сақтандыру саласында бес жылдан асатын жұмыс стажы бар;

      4) уәкілетті орган сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын сақтандыру ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.

      Сот заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам, сондай-ақ оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын адам сақтандыру омбудсманы болуға ұсынылмайды.

      2. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымында кез келген лауазымды атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқығы жоқ.

      89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтандыру омбудсманы:

      1) сақтандыру ұйымдарынан өтініш берушінің өтінішін қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратуға;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, сақтандыру омбудсманының қызметі туралы материалдарды жариялауға;

      3) штат құруға (сақтандыру омбудсманының офисін) құқылы.

      2. Сақтандыру омбудсманы:

      1) өз қызметінде осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа алуға;

      2) дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;

      3) сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің алдында өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беруге міндетті.

      90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі

      1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке өзі қабылдайды және жазбаша нысанда дауға қатысатын тараптарға жібереді.

      2. Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.

      3. Сақтандыру ұйымдарының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.

      Сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) және сақтандыру ұйымының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі оны сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болып табылады.

      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      5. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы), сақтандырушы өз құқығын қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.

      91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі

      1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді шешу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі қағидалардың негізінде жүзеге асырылады.

      2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесі мүшелерінің жарналары есебінен қаржыландырылады. Жарналарды төлеу талаптары мен тәртібі сақтандыру омбудсманының ішкі құжатында айқындалады.

      3. Сақтандыру омбудсманы дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге міндетті.

      4. Осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы өтеусіз жүзеге асырады.

      92-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу

      Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу ерекшеліктері міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.".

      6. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат;
№ 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 1-2, 2-құжат; № 4, 7-құжат):

      17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi, актуарийлер бірлестігі және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 23, 118-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) сақтандыру сертификаты – сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандырушы жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін ресімдеген, сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемі талаптары туралы ақпарат қамтылатын құжат;";

      2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары

      Шығу туризмі саласындағы туроператорда шетелге шығатын әрбір туристке қатысты жасалған туристі міндетті сақтандыру шарттары болған кезде туроператорлық қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.

      2. Туроператор туристерге дербес немесе туристер алдындағы өзінің міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді турагенттер арқылы ғана жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың турөніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.

      3. Турагент туристерге туроператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырған туристік өнімді ғана ұсынады және өткізеді.

      Туроператор мен турагенттің арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер, турагенттің туристермен туроператордың атынан мәмілелер жасауға өкілеттіктері, турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызмет көрсететін тұлғалар кінәрат-талап қойған жағдайдағы туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл тәртібі, туристік маршруттың сипаттамасы, туристік өнім туралы дәйекті ақпарат және әрбір тараптың туристік өнім туралы ақпаратты ұсынбауы немесе дәйексіз ақпаратты ұсынуы үшін туристің алдындағы жауапкершілігі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде қызметтерді кім көрсететініне немесе көрсеткеніне қарамастан, туристік өнімге кіретін туристік қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.

      4. Туристік өнімнің құрамында жоқ экскурсиялық қызметті немесе туризм нұсқаушысының қызметін көрсеткен кезде экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының), туризм нұсқаушысының қызметін көрсететін адамдар туристерге саяхаттың ерекшеліктері, олар саяхат жасаған кезде кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беруге, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде саяхат кезінде туристермен болатын төтенше жағдайлар туралы мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына ақпарат беруге міндетті.

      5. Діни туризм саласындағы туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.";

      3) 15-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар

      Гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары хабарламаға туризм саласында дайындықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.";

      4) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Туристік қызметті жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру

      1. Турагент туристік өнімді сату кезінде шетелге шығатын туристке туристік жолдаманы, туристік ваучерді, сақтандыру сертификатын (сақтандыру полисінің көшірмесін) және туристік қызмет көрсетуге арналған шартта көзделген өзге құжаттарды беруге міндетті

      2. Сақтандыру шартында туристерге медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тікелей уақытша болатын елде (жерде) басталған кезде олардың шығыстарын өтеу көзделуі тиіс.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің болуы туралы талапты белгілеуге құқылы.

      4. Шығу саласындағы туроператор шетелге шығатын туристі "Туристі міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәуекелдерден сақтандыруға міндетті.".

      8. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) зиянды өтеу резервi – осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын, комиссиялық сыйақыны шегергенде, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар, сондай-ақ инвестициялаудан алынған кірістер (шығындар) есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;

      3-1) кепілдік берілетін сақтандыру түрлері – осы Заңда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген сақтандыру түрлері";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – комиссиялық сыйақыны шегергенде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, міндетті жарналар, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығындар) есебiнен, сондай-ақ ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебінен қалыптастыратын ақша сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) консультациялық комитет – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы – сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультациялық-кеңесші орган.";

      2) 3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган Қордың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзғанын анықтаған, Қордың лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамағанын анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға мына шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолданады:

      1) орындауға міндетті жазбаша нұсқама береді;

      2) жазбаша келісім жасайды.

      2. Қорға анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдауға, және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігіне нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.

      Жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына әкеп соққан себептердің сипаттамалары, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша ұйғарымына сотта шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      3. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі және жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар тізбесін және (немесе) Қор анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін өзіне қабылдайтын шектеулердің тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім Уәкілетті орган мен Қордың арасында жасалған жазбаша келісім болып табылады.

      Жазбаша келісімге Қор тарапынан міндетті түрде қол қойылуға тиіс.

      4. Уәкілетті орган Қорға оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта белгіленген шектеулі ықпал ету шараларының кез келгенін қолданады.

      5. Уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының бұзушылықтарын, Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлататын құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы - сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.";

      3) 3-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2-бап. Санкциялар

      Уәкiлеттi орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түріндегі санкцияны Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай:

      1) Қор активтерiн инвестициялау тәртібі мен мөлшерiн, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi кезекті ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзу;

      2) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және талаптарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепілдік төлемдерін, сақтандыру портфелін төлеудің, сондай-ақ жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдерін бұзу;

      3) уәкiлеттi органға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзудың өзіне белгiлi болған фактілері туралы бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) хабардар етпеу;

      4) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы алынған мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру;

      5) Қордың аудиторлық ұйымның жүргiзiлген аудит туралы есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды Қор аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы;

      6) осы Заңда белгіленген өзінің құзыреті шегінде уәкілетті органның талаптарын орындамау негiздерінiң бiрi бойынша керi қайтарып алумен бiр мезгiлде қолданады.";

      4) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкiлеттi орган:

      1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк төлемдерін жүзеге асыру тәртібінің мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

      2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын қатысудың үлгі шартын бекітеді;

      3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;

      4) Қордың есептiлiгiн (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) ұсынудың көлемiн, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;

      5) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгiлейдi;

      6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы – сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеудің, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерінің, шартты міндеттемелерді қалыптастырудың және есепке алудың әдістемесін бекітеді;

      7) Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiнің мөлшермелесін келiседi;

      8) Қордың басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім береді, сондай-ақ келісімді беру тәртібін және келісімді алуға қажетті құжаттардың тізбесін белгілейді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады;

      10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстердi және толықтыруларды келiседi;

      11) Қор қызметін тексереді;

      12) корпоративтік стратегияны, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты, ішкі аудит жөніндегі саясатты, есептік саясатты, сондай-ақ енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;

      13) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.";

      5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары

      1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.

      Қор сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.

      2. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де Қордың акционері болуы мүмкін.

      Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      3. Қордың акциялары тек ақшамен ғана төленеді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционері акцияларының саны Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санынан он пайыздан артық болуға болмайды.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қор акцияларын иеленуіне қарамастан, Қордың директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері кіреді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өкілдерінің саны Қордың директорлар кеңесі құрамының кемінде жиырма пайызын құрауға тиіс.

      Қордың директорлар кеңесінің құрамына дауыс беру құқығымен тұрақты негізде қатысушы сақтандыру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қатысушы сақтандыру ұйымдарының саны Қордың директорлар кеңесі құрамының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Қатысушы сақтандыру ұйымдары өкілдерінің қатарына "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын, қатысушы сақтандыру ұйымдары өкілдерінің кемінде елу пайызын құрайтын қатысушы сақтандыру ұйымдарының өкілдері кіруге тиіс.

      5. Қор мыналарды:

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;

      зиянды өтеу резервінің қаражатын;

      Қордың қаржылық-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражатын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктерде бөлек банк шоттарын ашады.

      Қорға сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған банк шоттарында орналастырған ақшаны осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.";

      6) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Консультациялық комитет

      1. Барынша маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдарды дайындау үшін Қорда консультациялық комитет құрылуы тиіс.

      2. Консультациялық комитет консультациялық-кеңесші орган нысанында құрылады және ол туралы ереженің негізінде іс- әрекет етеді.

      Консультациялық комитеттің негізгі міндеттері, өкілеттіктерінің мерзімі және мүшелерін сайлау тәртібі, олардың өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату, сондай-ақ Консультациялық комитеттің қатысумен және сырттай өтетін отырыстарын шақыру, дайындау және өткізу тәртібін қоса алғанда, оның қызметін ұйымдастыру тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың Директорлар кеңесі бекітетін Консультациялық комитет туралы ережеде айқындалады.

      3. Консультациялық комитеттің құзыретіне Консультациялық комитет туралы ережеде айқындалған Қордың қызмет мәселелерін алдын ала қарау жатады.

      4. Консультациялық комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсыным сипатында болады.";

      7) 7-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру шарттары (сақтандыру полистері) заңнамалық актілердің және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ресімделген және онда сақтандырушының және (немесе) сақтандыру агентінің қолы бар, сондай-ақ сақтандырушының (аннуитет шарттары бойынша) мөрімен бекітілген жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тізіліміне және (немесе) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға енгізілмеген сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру шарттары Қор кепілдіктерімен өтеледі.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген кепілдік берілген сақтандыру түрлеріне:

      1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      3) туристі міндетті сақтандыру;

      4) "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру жатады.

      2-2. Кепілдік берілген аннуитетті сақтандыру шеңберінде Қор:

      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын жасасқан қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігін;

      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын жасасқан қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін толық көлемде беруді;

      мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен аннуитеттік сақтандыру шарттарын жасасуды қамтамасыз етеді.

      Қордың мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепілдік беру тәртібі мен талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      8) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "қамтамасыз ету болып табылады" деген сөздері алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.";

      9) 10-баптың бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақшалары алып тасталсын;

      10) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кепілдік берілген төлемдердің ерекшеліктері, тәртібі мен мөлшері, оның ішінде сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша, осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.";

      11) 18-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "құқылы" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жыл сайынғы аудиттің нәтижелері бойынша шекті мәні "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан алынған инвестициялық пайдадан жеті жарым пайыз аспауы тиіс комиссиялық сыйақы алуға құқылы.";

      2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін, зиянды өтеу резервін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың жарналарын инвестициялаудан түскен кірісті (шығынды) есепке алуды "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша бөлек жүргізуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) ресми интернет-ресурстарында аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілігін жариялауға;".

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Сақтанушыға (сақтандырылғандарға, пайда алушыға), сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар адамдарға өзінің қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Қор өзінің ресми интернет-ресурсында, атап айтқанда, мына ақпаратты:

      1) өзінің, оның ішінде филиалдарының және өкілдіктерінің толық атауын, мекенжайын (орналасқан орнын), телефон нөмірлерін, жұмыс режимін;

      2) акционерлері туралы мәліметтерді;

      3) басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді;

      4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді;

      5) жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтерді;

      6) аудиторлық ұйым растаған алдыңғы есептік үш жыл үшін жылдық қаржылық есептілікті;

      7) алдыңғы есептік үш жыл үшін қызмет қорытындылары туралы есептерді;

      8) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтерді (бар болса);

      9) қатысушы-сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтерді орналастыруға міндетті.".

      9. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы"
2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;";

      2) 4-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жекеше нотариустың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған жекеше нотариустың қызметiн жүзеге асыру;";

      3) мынадай мазмұндағы 4-2-баппен толықтырылсын:

      "4-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Сақтандыру жағдайының басталу фактісін және оның салдарын растау үшін қажетті ақпаратқа ие әділет органдары, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      4) 8-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жасалады.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі электрондық нысанда ресімделеді.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмауы үшін сақтандырушы жауапты болады. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш беру арқылы не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда ақпаратпен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      5) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн электрондық нысанда мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн электрондық нысанда мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушының арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн электрондық нысанда мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану талап етілмейді.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тартудың себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түріндегі хабарламаны тез арада жіберуді;

      2) сақтанушының жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтандырушының интернет-ресурсына сақтанушының тәулік бойы қолжеткізуін қамтамасыз ете отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн электрондық нысанда мiндеттi сақтандыру шартын сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтерді өзгерту, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

      келтірілген зиянның мөлшерін бағалау;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініш, хабарлама және (немесе) өзге құжаттар, мәліметтер) құру және сақтандыру ұйымына жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында уәкілетті орган белгілеген электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін ескере отырып белгіленеді.

      4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда сақтанушы осы сақтандыру шартын жасасты деп саналады.

      5. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, ол онымен өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасатынына өзінің келісімін растайды.

      6. Сақтандырушы сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, жекеше нотариустардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша қызметіне жол берілмейді.";

      6) 13-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;";

      7) 14-баптың 2-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) сақтандыру жағдайының басталуы фактісін және сақтандырушы өтеуі тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жеткіліксіз және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы хабарлауы;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы Заңның 19-1-бабында көзделген жағдайда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды сақтандыру омбудсманына жіберуге;";

      8) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Сақтандыру сыйлықақысы Интернет желісін пайдалана отырып төлем жүйелерін қолданумен, қолма-қол ақшасыз төлем арқылы төленуі мүмкін.";

      9) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы не үшiншi тұлға сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда ұсынады.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемi туралы талап сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемi туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша беруінен босатпайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге мiндеттi.

      Сақтанушы (сақтандырылған, пайда алушы) сақтандыру төлемi туралы талапты электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда, сақтандырушы осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.";

      10) мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, пайда алушының) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.".

      10. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылары арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;";

      2) 4-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жауапкершiлiгi аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған аудиторлық ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру болып табылады;";

      3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Сақтандыру жағдайының басталуы фактісін және оның салдарын растауға қажетті ақпаратқа ие аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      4) 8-бапта:      

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жасасылады.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі электрондық нысанда ресімделеді.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапкершілікте болады. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау арқылы не сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпаратпен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      5) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Электрондық нысандағы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Электрондық нысандағы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушының арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшін электрондық нысанда өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану талап етілмейді.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға электрондық хабар түріндегі аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу не оны жасаудан бас тарту (бас тартудың себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны тез арада жіберуді;

      2) сақтанушының аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтерді өзгерту, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

      келтірілген зиянның мөлшерін бағалау;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандыру ұйымына электрондық нысанда жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында уәкілетті орган белгілеген электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезінде осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптармен сақтанушы жасасқан болып саналады.

      5. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісімін растай отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

      6. Сақтандырушы өзінің ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру ұйымдарының сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасуға арналған ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша қызметіне рұқсат етілмейді.";

      6) 13-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын келіспеушіліктердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға құқылы;";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;";

      7) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Сақтандыру сыйлықақысы Интернет желісін пайдалана отырып төлем жүйелерін қолданумен, қолма-қол ақшасыз төлем жасау арқылы өленуі мүмкін.";

      8) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы не аудиттеу субъектісі сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда ұсынады.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемi туралы талап сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте, электрондық нысандағы сақтандыру төлемi туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушының орналасқан жері бойынша беруден босатпайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушiге ұсынылған құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге мiндеттi.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемi туралы талапты электрондық тәсілмен жіберген жағдайда, сақтандырушы осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.".

      11. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 12-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;";

      2) 4-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көлiк құралының иесi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда оны пайдалану;";

      3) 7 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралын пайдалануға жол бермеу

      1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмаған жағдайда, көлік құралын пайдалануға жол берілмейді.

      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді көлiк құралдары иелерiнiң орындауын тексеруге мiндеттi.

      8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

      1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен көрсетілген Қормен қатысу шартын жасасуға міндетті.

      2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болдырмауға, бiр сақтандырушыларға басқалар алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша негiзсiз артықшылықтар беруге немесе оларды алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берілмейді.

      3. Көлiк құралдарының иелерi көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын осы сақтандыру көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ғана сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ететін жағдайда басқа мемлекеттердің сақтандырушыларымен жасасуға, оның ішінде электрондық нысанда жасасуға құқылы.";

      4) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ішкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көлiк оқиғасы және оның салдары туралы қолдағы ақпаратты сақтандырушы, сақтандыру омбудсманы және Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өтiнiш жасаған кезде оларға осы ақпаратты беруге мiндеттi.";

      5) 10-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисiн электрондық нысанда ресімдеуi арқылы жасалады.

      Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын өтініші көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау арқылы не сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпаратпен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiнің мазмұны және оны ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленедi.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      6) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Стандартты шарт пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жасалады.";

      7) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кешендi шарт пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына жасалады.";

      8) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Электрондық нысандағы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Электрондық нысандағы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушының арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Электрондық нысандағы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану талап етілмейді.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырушы:

      1) сақтанушыға электрондық хабар түріндегі көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау не оны жасаудан бас тарту (бас тартудың себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны тез арада жіберуді;

      2) сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, электрондық нысандағы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтерді өзгерту, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

      келтірілген зиянның мөлшерін бағалау;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініштер, хабарламалар және (немесе) өзге де құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандыру ұйымына жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаның тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында уәкілетті орган белгілеген электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптармен сақтанушы жасасқан болып саналады.

      5. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісімін растай отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

      6. Сақтандырушы сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасау мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру ұйымдарының сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында ақпараттық іс-қимыл жасау арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасауға арналған ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша қызметіне жол берілмейді.";

      9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы бір жұмыс күні ішінде сақтанушыға және дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату туралы хабарлайды. Бұл ретте, көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.";

      10) 16-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      2) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      11) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен, оның ішінде тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiмен таныстыруға;

      2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн ресімдеуге;";

      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы туралы мәліметті (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) жазбаша түрде беруге;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Заңда белгіленген мерзімде және тәртiппен сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің бағалау жүргізуге арналған өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар мен сақтандырушы өтеуі тиісті зиянның мөлшері жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жеткіліксіз және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы хабардар етуге;";

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) осы Заңның 29-1-бабында көзделген жағдайда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды сақтандыру омбудсманына жіберуге;";

      12) 18-баптың 1-тармағында:

      4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртiппен осы адамда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының бар екендiгi туралы мәлiметтердi (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) растау туралы жазбаша өтiнiш жасауға;

      4-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының бар не жоқ екендігі туралы мәлiметтердi (сақтанушының тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлiк құралын мемлекеттік тiркеу нөмiрi, нөмiрi және жасалған күнi) беру туралы жазбаша түрде өтiнiш жасауға;";

      5-1) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      13) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерiн азайту

      1. Көлiк құралдарының иелерi – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге тиiс сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшеріндегі сақтандыру сыйлықақысын төлейдi.

      Егер көлiк құралын осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мұндай жеңiлдiк берiлмей жүзеге асырылады.

      2. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалатын жағдайда сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушыға осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көзделген жеңілдік ескеріле отырып, төленуге тиiс сақтандыру сыйлықақысының елу пайызынан аспайтын мөлшерде жеңілдік берілуі мүмкін.

      Бұл ретте, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы мен жеңілдік (бар болса) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасы бір мезгілде көрсетілуге тиіс.";

      14) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Сақтандыру сыйлықақысы төлем жүйелері қолданылып қолма-қол ақшасыз төлем арқылы Интернет желісі пайдаланыла отырып төленуі мүмкін.";

      15) 22-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен
зиян мөлшерін айқындауға байланысты өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.

      Сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша мүлікке келтірілген зиянның айқындалған мөлшеріне қатысты дауды қарауға және шешуге қатысты кез келген құжатты сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.";

      16) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажет құжаттарды қоса бере отырып, қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемiн алу тәртібін көрсетiп, жазбаша нысанда Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талап қояды.

      Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажет құжаттарды қоса бере отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талап өтініш берушіні сақтандырушының орналасқан жері бойынша құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға беруден босатпайды.";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы өтінішті электрондық тәсілмен жіберген жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда бере алады.

      Өтініш беруші сақтандырушыға өзі келіп өтініш білдірген жағдайда, анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің алғандығы туралы белгісі бар екінші данасы сақтандырушыда қалады.";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде, ішкі істер органдары берген оқиғаның схемасымен бірге жол жүрісі қағидаларының бұзылғандығы туралы хаттаманың негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құқылы.";

      17) 26-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде, жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар адам кінәсінен сақтандыру жағдайы туындаған адамда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болған жағдайда, келтірілген зиянның өтемін алу үшін жәбірленушінің көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға өтiнiш жасауға құқылы.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келтірілген зиянды өтейді.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Тікелей реттеуді жүзеге асыру қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.";

      18) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

      "29-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, пайда алушының, жәбірленушінің) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.";

      19) 30, 30-1, 30-2, 30-3 және 30-4-баптар алып тасталсын.

      12. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат;
№ 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 8, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тасымалдаушы – қалалық рельстік көлікті қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігі құралын иеленуші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және олардың мүліктерін ақыға немесе жалға алу бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;

      15) жолаушының мүлкі – тасымалдау кезінде зиян келтірілгені үшін тасымалдаушы жауап беретін жолаушының багажы және жолаушының өзімен алып жүретін қол жүгі.";

      2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттары:

      жәбірленушілердің мүліктік мүдделерін осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қорғауды қамтамасыз ету;

      жауапкершілігі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдауды жүзеге асыруы;

      тараптардың тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету болып табылады.";

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу

      1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.

      2. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

      3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындауын тексеруге мiндеттi.

      4. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.";

      4) 8-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы қолдағы ақпаратты сақтандырушы, сақтандырылушы, пайда алушы және сақтандыру омбудсманы өтініш жасаған кезде оларға осы ақпаратты беруге міндетті.";

      6) 10-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушы сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.

      Сақтанушының өтініші тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

      Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапкершілікте болады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау арқылы не сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің мазмұны және оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Электрондық нысандағы тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Электрондық нысандағы тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушының арасында электрондық ақпараттық ресурстарын алмасу үшін пайдаланылады.

      Электрондық нысандағы тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану талап етілмейді.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Сақтандырушы тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып:

      1) сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау не оны жасаудан бас тарту (бас тартудың себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түріндегі хабарламаны тез арада жіберуді;

      2) сақтанушының тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін беруді;

      3) сақтандырушының интернет-ресурсына сақтанушының тәулік бойы қолжеткізуін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысандағы тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтерді өзгерту, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

      келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтініш, хабарлама және (немесе) өзге құжаттар, мәліметтер) жасау және сақтандыру ұйымына жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаның тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында уәкілетті орган белгілеген электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы сақтандырушы ұсынған талаптарда сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушы осы сақтандыру шартын жасасқан деп саналады.

      5. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген, сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасатынына өзінің келісетінін растай отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

      6. Сақтандырушы сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтанушы мен сақтандырушы ұйымның арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру келісімшарттарын электронды нұсқада жасауға арналған, сақтандыру ұйымының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі сақтандыру агенттерінің қызметіне жол берілмейді.";

      8) 12-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жаңадан жасасу кезiнде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:


      ССБ = СС * n/N, мұнда:


      ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);

      СС - тасымалдаушыны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);

      n - тасымалдаушыны мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген күннен бастап өтiнiш жасалған күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiнгi мерзiм (күнмен);

      N - тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жасалған мерзiмi (күнмен).";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, көлік құралдары иелерінің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:


Р/с №
 

Сақтандыру мерзімі

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру
сыйлықақысынан пайызбен)


1

2

3


1

1 айға дейін, қоса алғанда

20


2

1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда

30


3

2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда

40


4

3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда

50


5

4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда

60


6

5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда

70


7

6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда

75


8

7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда

80


9

8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда

85


10

9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда

90


11

10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда

95


12

11 айдан жоғары

100

      ";

      9) 13-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      2) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;";

      10) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;

      2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар мен сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшері жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні бұл туралы жеткіліксіз және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, хабардар етуге;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) осы Заңның 24-1-бабында көзделген жағдайда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды сақтандыру омбудсманына жіберуге.";

      11) 15-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      12) 16-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырған кезде бір жолаушыға есептелетін жылдық сақтандыру сыйлықақысының мынадай мөлшерлері белгіленеді (айлық есептік көрсеткішпен):


Р/с

 

Көлік құралының атауы
 

Бір жолаушы орнына жылдық сақтандыру
сыйлықақысының мөлшері (АЕК-пен)


1

Автобустар мен шағын автобустар (жолаушы орындарының ең көп рұқсат берілетін санын ескере отырып, бір жолаушыға есептегенде):



1) Жеңіл автомобильдер

0,11


2) Қалааралық және халықаралық қатынастағы автобус тасымалы

0,033


3) Ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастағы автобус тасымалы

0,033


4) Қалалық қатынастағы жүйелі және жүйелі емес автобус тасымалы

0,0013


2

Трамвайлар (бір көлік құралына есептегенде)

0,0003


3

Троллейбустар (бір көлік құралына есептегенде)

0,0006


4

Ішкі су көлігі



1) Қала маңындағы, қала ішілік, экскурсиялық-серуендеу, транзиттік, жергілікті тасымалдау және су арқылы жеткізу бағыттары

0,07


2) Туристік тасымалдау бағыттары

0,53


      2. Темір жол тасымалын, трамвайдан басқа, қалалық рельстік көлікте тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау бойынша іске асырылатын қызмет көрсетуден түскен, тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартының қолданылу күшінің кезеңі ішінде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша алған (алуға тиіс) кіріс сомасының 0,2 пайызын құрайды, бір ай ішінде алынған (алынуға тиіс) кірістен ай сайынғы жарналар түрінде төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Әуе көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасының кемінде 0,1 пайызын құрайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаған жағдайда сақтандырушының қалауы бойынша сақтанушыға міндетті сақтандырудың аталған түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген, төленуге тиiстi сақтандыру сыйлықақысының он пайызынан аспайтын мөлшерде жеңілдік берілуі мүмкін.

      Бұл ретте, тасымалдаушының жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы мен жеңілдік (бар болса) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасы бір мезгілде көрсетілуі тиіс.";

      13) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Теміржол тасымалынан басқа, жолаушылар тасымалының өзге де түрлерін жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша көбейте алады, бірақ ол 2 реттен аспауға тиіс.";

      14) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Сақтандыру сыйлықақысы төлем жүйелерін қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау жолымен Интернет желісін пайдалана отырып төленуі мүмкін.";

      15) 19-бабының 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ мүлікті тасымалдау кезінде жолаушылардың мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктеледі.";

      16) 20-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі бөлек көрсетілуі тиіс және ол кемінде мынаны құрайды (айлық есептік көрсеткішпен):

      әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

      қайтыс болуға – 5000;

      мүгедектің:

      I тобы белгіленсе – 5000;

      II тобы белгіленсе – 3500;

      III тобы белгіленсе – 2500;

      "мүгедек бала" – 5000.

      мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес;

      әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тасымалдау кезінде жолаушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі тасымалдаушының кінәсына қарамастан өтеуге жатады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, сақтандырушы жәбірленушіні жерлеген тұлғаға жерлеуге қажетті шығыстарды жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.";

      17) 21-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте сақтандыру төлемі туралы электрондық нысандағы талап өтініш берушіні сақтандырушының орналасқан жері бойынша құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынудан босатпайды.";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық тәсілмен жіберген жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.";

      18) 24-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының залалдың тиісті өтемін залал келтіруге кінәлі тұлғадан алуы;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру төлемінен бас тартуға негіздер бар болған кезде сақтандырушы өтінішті және барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талап қойған тұлғаға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі келтірілген сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.";

      19) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

      "24-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, пайда алушының, жәбірленушінің) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.".

      13. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) қаржылық ұйымдар, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;";

      2) 11-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сақтандыру полистерiнiң мазмұнына және ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарын есепке алу тәртібін айқындайды;".

      14. "Туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн", "туроператордың немесе турагенттiң жауапкершілiгiн" деген сөздер "туристі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

      2) турагент – шығу туризмі саласында туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) туристі міндетті сақтандыру – шетелге шығатын туристің мүліктік мүдделерін осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан болжанбаған шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты қорғау бойынша кешенді қатынастар;

      4) сақтандыру жағдайы – басталуына орай туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

      5) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

      6) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырылушыға (пайда алушыға) туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуге міндетті ақша сомасы;

      7) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

      8) сақтандыру сертификаты – жасалған сақтандыру (сақтандыру полисі) шартын растау ретінде берілген туристке қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғау бар және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын, растайтын құжат;

      9) сақтандырушы – "жалпы сақтандыру" немесе "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы;

      10) сақтанушы – сақтандырылушымен туристің пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор;

      11) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасында келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;

      12) сақтандырылушы – шетелге шығатын турист;

      13) ассистанс – саяхаттау кезінде қиын жағдайға тап болған сақтандырылушыға сақтандыру ұйымдары, заңды тұлғалар ақша түрінде және (немесе) сақтандыру жағдайы туындауы салдарынан техникалық, медициналық жәрдем көрсету арқылы нақты-заттай нысанда көмек көрсету;

      14) ассистанс компания – туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырылушыға ассистанс ұсыну туралы сақтандырушымен шарт жасаған заңды тұлға.";

      3) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар салдарынан болжанбаған шығыстар туындаған жағдайда шетелге шығатын туристің мүліктік мүддесін сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету туристі мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.";

      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Туристі мiндеттi сақтандырудың объектiсi

      Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының туындауы салдарынан болжанбаған шығыстар туындау тәуекеліне байланысты сақтандырылушының мүліктік мүддесі туристі мiндеттi сақтандырудың объектісі болып табылады.";

      5) 5-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңда белгіленген туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді шығу туризмі саласындағы туроператордың орындауын мемлекеттік бақылауды туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі
міндеттерді шығу туризмі саласындағы туроператордың орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар

      Туристік қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын шығу туризмі саласындағы туроператор шетелге шығатын туристің мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруға жатады.

      7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасамай қызметін жүзеге асыруына жол бермеу.

      Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасамай туристiк қызмет көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.";

      7) 7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туристі мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:

      1) "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын;

      2) көптілді тәуліктік үйлестіру орталығы және сақтандырылушы уақытша келген елде (жерде) өңірлік желісі бар ассистанс компаниямен осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар орын алған кезде сақтандырылушыға ассистанс ұсыну туралы шарт немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметті көрсетуге арналған лицензиясы бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарт жасасуға міндетті.

      Әрбір сақтандырылушыға және ассистанс компания ұсынатын сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады.

      Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс ұсыну туралы шарт жасайтын ассистанс компаниясына қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-әрекет ету тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      8) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:

      "7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау үшін және туристің мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін анықтау үшін қажетті ақпаратқа ие мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      9) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристі мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негізiнде сақтандырылушының пайдасына жүзеге асырылады.

      Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасау туристі міндетті сақтандыру шартын жасау бойынша міндеттемеден сақтанушыны босатпайды.";

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн және сақтандыру сертификатын ресімдеу арқылы жазбаша нысанда жасалады.

      Туристі міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандырушы уақытша келген еліне (жеріне) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхаттау күнінің санына байланысты осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламасының біреуін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша келген елдің туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігіндегі заңнама талаптарына сәйкес келеді.

      Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сақтанушының өтiнiшi туристі мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

      Туристі мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, бұл дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

      Сақтандырушы әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын тек турагент арқылы беруге міндетті. Сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтанушы сақтандыру полисінің көшірмесін тек турагент арқылы ұсынуға міндетті.

      5-1. Туристі міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеу бойынша және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.";

      10) 9-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Туристі мiндеттi сақтандыру шарты туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген, алайда сақтандырылушының Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу кезеңінен аз емес мерзімге жасалады. Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңі туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.

      Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шекарасынан өту туралы шекара бақылау-өткізу пунктінің белгісін алған сәттен бастап күшіне енеді және қолданылуы тоқтатылады.

      3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызмет көрсету аумағы болып табылады.

      Туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Егер туристі міндетті сақтандыру шартында басқа көзделмесе, сақтандыру аумағынан мыналар алып тастауға жатады:

      1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына баруға ұсынылмайтын аумақтар;

      2) сақтандырылушы уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында үзіліссіз 90 күннен астам жүруіне рұқсат беретін басқа да құжаты болатын мемлекет;

      3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекет.

      Сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жатқан жағдайларда қолданылмайды.";

      11) 12-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері";

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      2-тармақтың 4), 6), 7) тармақшалары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Сақтандырылушының:

      1) сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде сақтандыру полисінің көшірмесін алуға;

      2) сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан туристі міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, сақтандыру полисінің көшірмесінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

      3) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша қызмет көрсетпеген, толық емес немесе сапасыз қызмет көрсеткен жағдайлар туралы сақтандырушыны хабардар етуге;

      4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемінің мөлшерін бағалау нәтижелерімен танысуға;

      5) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;

      6) егер төтенше жағдайларда не дәлелді себептер бойынша сақтандырылған адам ассистанс компанияға хабарламаған және сақтандырылған адамға медициналық көмек көрсетілген жағдайда, сақтандыру төлемін алуға құқылы.

      2-2. Сақтандырылушы:

      1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде сақтанушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтер ұсынуға;

      2) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру полисінің көшірмесінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген талаптармен танысуға және сөзсіз сақтауға;

      3) сақтандыру полисінің көшірмелерін және (немесе) сақтандыру сертификатының және сақтандыру жағдайына жататынын растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) сақтандыру жағдайынан зиянды азайтуға шаралар қабылдауға;

      5) сақтандыру жағдайы туындаған кезде техникалық, медициналық және басқа да көмек ұйымдастыру, іс-әрекеттерді келісу және шығыстарды жүзеге асыру мақсатында жеке өзі немесе өкілі арқылы ассистанс компанияға болған оқиға туралы дереу сақтандыру сертификатында көрсетілген байланыстың кез келген қолжетімді тәсілі арқылы хабарлауға;

      6) сақтандыру жағдайы орын алған кезде ассистанс компанияның, сақтандырушының және өзге де құзырлы тұлғалардың және уақытша келген елдің (жердің) билік органдарының ұсыныстарын, нұсқауларын орындауға;

      7) сақтандыру жағдайларынан келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы жай-күйді анықтау үшін қажетті қолда бар құжатты сақтандырушыға ұсынуға;

      8) төтенше жағдайда медициналық көмекті алған және ассистанс компанияға дәлелді себептер бойынша басталған сақтандыру жағдайы туралы дереу хабарлау мүмкіндігі болмаған кезде ассистанс компанияға орын алған жағдай туралы екі тәулік ішінде не бірінші мүмкіндік кезінде хабарлауға;

      9) құжаттарды сақтандырушының сұратуы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды расталған аудармасымен шет тілінде ұсынуға;

      10) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға керi талап құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге міндетті.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Туристі мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының және сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн өзге де құқықтары мен мiндеттерi көзделуі мүмкiн.";

      12) 13-баптың 2-тармағында:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушыны міндетті сақтандырудың талаптарымен және тәртібімен, оның ішінде тараптардың туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;

      2) туристі міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуге;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды сақтандыру омбудсманына жіберуге.";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде ассистанспен қамтамасыз етуге міндетті бір және (немесе) бірнеше ассистанс компаниялармен шарт жасасуға міндетті.";

      13) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Сақтандырушының жауапкершілігінің шегі

      1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы), әрбір сақтандыру жағдайы бойынша өтеуге жататын шығыстардың түрі осы Заңның қосымшасында белгіленген.

      2. Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) долларымен белгіленеді. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні белгілеген бағам бойынша АҚШ доллары қолданылады.

      Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің)
заңнамасында, туристі міндетті сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сақтандырушы жауапкершілігінің сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша шекті көлемі еуромен белгіленеді.

      3. Шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) көтерген шығыстарды, егер тиісті шаралар сәтті болмаса да, осы шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болса немесе жүргізілсе, сақтандырушы өтеуі тиіс.

      Осындай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемінің жалпы сомасы және шығыстар өтемақысы туристің міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспау, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын
орындау салдарынан туындаса, олар туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша өзіне тиесілі сақтандыру сомасына қарамастан, толық мөлшерде өтеледі.

      Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы оларға ұшыраған тұлғаға тікелей өтейді.

      15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әр сақтандырылушыға әрбір күн үшін жеке есептеледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сақтандыру шарты жасалған күні белгілеген бағам бойынша АҚШ долларымен бір жол жүру үшін төмендегі мөлшерді құрайды:


Жол жүру күні саны

1-бағдарлама

2-бағдарлама

3-бағдарлама

10-ға дейін

1,12

1,51

1,83

11-ден 20-ға дейін

1,12

1,48

1,70

21-ден 40-қа дейін

1,12

1,43

1,59

41-ден 60-қа дейін

1,03

1,40

1,53

61-ден 90-ға дейін

1,03

1,35

1,48

91 және одан жоғары

0,95

1,30

1,40

      Сақтандыру сыйлықақысын есептеу мақсаты үшін сақтандырылушының жолда жүру уақытын қоса алғанда, уақытша болатын елдің (жердің) аумағында болатын күн саны (мерзім) пайдаланылады.

      Туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі еуромен белгіленген кезде халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасында көзделген жағдайларда, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әр сақтандырылушы бойынша жеке есептеледі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру шарты күшіне енген күні белгілеген бағам бойынша еуромен жоғарыда көрсетілген мөлшерді құрайды.

      2. Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін сақтандырушы сақтандыру тәуекеліне өзі жүргізген бағалаудың нәтижелері бойынша, алайда 2 еседен артық емес арттыра алады.";

      14) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Сақтандыру жағдайы

      1. Туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін туындаған, материалдық зиянның туындауына әкелген және құзыретті органдар берген құжаттармен расталған мына оқиғалар:

      1) туристі сақтандыру аумағында жарақаттарға, химиялық, биологиялық және улы заттармен улануға, ағзан функцияларының бұзылуына, сақтандырылған адамның өліміне әкелген міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде орын алған жазатайым оқиға.

      Жазатайым оқиға деп күтілмеген, қасақана емес, қысқа мерзімді
сыртқы оқиға немесе сақтандырылған адамға қатысты әсер етушілік түсіндіріледі;

      2) сақтандырылушыға кенеттен қатты ауырған, денсаулығы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары қозған жағдайда жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;

      2. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы туристің нақты шығыстары сомасын негізге ала отырып, сақтандырылушы не осы шығыстарды көтерген тұлғаға ұсынған осы шығыстарды растайтын құжаттар негізінде айқындайды.

      Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде осы Заңға сәйкес айқындалады.

      3. Шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылушы) көтерген шығыстарды, егер тиісті шаралар сәтті болмаса да, осы шығыстар сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болса немесе жүргізілсе шығыстарды сақтандырушы өтеуі тиіс.

      Мүндей шығыстар нақты көлемде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің жалпы сомасы және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы туристің міндетті сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай көлемнен аспауы үшін, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындау салдарынан туындаса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.";

      15) 18-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырылушы сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды қоса бере отырып қояды.

      2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар:

      1) сақтандыру сертификатының немесе сақтандыру полисінің көшірмесі;

      2) туристік қызмет көрсетуге шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      3) пайда алушының – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе пайда алушының өкілі – заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхат;

      4) сақтандырылушы паспортының көшірмесі;

      5) туристік жолдамаға ақы төлеуді растайтын;

      6) сақтандыру жағдайының болу фактісін және сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттар ұсынылады.

      Сақтандыру жағдайының болу фактісін растайтын құжаттардың тізбесі және сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына келтірілген
зиянның мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. ";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтандырылушы айқындаған тұлға, ал сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерлері пайда алушы болып табылады.

      Сақтандырушының осы Заңды белгіленген жауапкершілігі көлемінің шегінде келтірілген зиянды туристке (оның мұрагеріне) өтеген және сақтандырушыдан өз шығыстарын өтеу құқығын алған өзге тұлға пайда алушы болуы мүмкін.

      6. Әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін сақтандырушы сақтандырылушы ұсынған құжаттар бойынша оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.";

      16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

      Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтірген кінәлі тұлғаға кері талап қою құқығы төленген сома шегінде өтеді.";

      17) 20-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

      1) сақтандырылушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана әрекеттерiнiң;

      2) сақтандырылушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан толық немесе iшiнара бас тартуға құқылы.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтандырылушының залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша нақты шеккен шығыстарды негізге алына отырып ұсынылатын құжаттарды қоспағанда, сақтандырылушының осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттарды толық көлемде бермеуі;";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздерден басқа, сақтандырушы мынадай:

      1) сақтандырылушы кәсіби спортпен айналысқан жағдайда сақтандыру төлемінен босатылады. Кәсіби спорт деп қызметінің негізгі түрі ретінде спортпен айналысу және сақтандырылушының жалақы алуы немесе спорттық жарыстарға дайындығы мен оларға қатысқаны үшін өзге ақшалай сыйақы алуы түсініледі;

      2) сақтандырылған адамның алкогольдік мас болудың ауыр дәрежесі жағдайында болуы, сондай-ақ есірткі немесе токсиндік масаю салдарынан басталған жағдайлар, мына жағдайларды қоспағанда:

      емдеген дәрігердің нұсқамасы бойынша дәрілік заттарды қолдану;

      есірткі, уытты заттарды амалсыз қолдану не құқық қорғау және (немесе) сот органдары белгілеген оларды күштеп енгізу;

      3) сақтандырылушы уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандырылушы сақтандыру жағдайы бойынша жүгінгеніне байланысты алған емдеуші дәрігерінің нұсқауларын орындаудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемінен босатылады.";

      18) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.";

      19) көрсетілген Заңға қосымша осы Заңға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      15. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы"
2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;";

      2) мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:

      "5-3-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Қолайсыз табиғи құбылыстар және олардың салдары туралы ақпаратқа ие жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға және сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      3) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Заңның 17-1-бабында көзделген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды сақтандыру омбудсманына жіберуге;";

      4) 15-баптың 1-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, пайда алушының) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.".

      16. "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 8, 45-құжат):

      1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға";";

      2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Авариялар, оқыс оқиғалар және қауіпті өндірістік факторлар мен олардың салдары туралы ақпаратқа ие өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      3) 8-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисiн ресімдеу арқылы жазбаша нысанда жасалады.

      Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі электрондық нысанда ресімделеді.

      Сақтанушының өтiнiшi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

      Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау арқылы не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасала алады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiнің мазмұны және ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленедi.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Электрондық нысандағы объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Электрондық нысандағы объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) және сақтандырушының арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Электрондық нысандағы объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану талап етілмейді.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтандырушы объектілер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартын жасау кезінде:

      1) сақтанушыға объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау не оны жасаудан бас тарту (бас тартудың себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түріндегі хабарламаны тез арада жіберуді;

      2) сақтанушының объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтандырушының интернет-ресурсына сақтанушының тәулік бойы қолжеткізуін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысандағы объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтерді өзгерту, объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

      келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) жасау және сақтандыру ұйымына жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаның тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасудың уәкілетті орган белгілеген тәртібі ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырушы ұсынған талаптарда сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушы осы сақтандыру шартын жасасқан деп есептеледі.

      5. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасатынына өзінің келісімін растай отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

      6. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру ұйымдарының сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шартын жасауға арналған ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, объектілер иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      5) 12-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      6) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен, оның ішінде тараптардың объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтарымен және мiндеттерімен таныстыруға;

      2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн ресімдеуге;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуі тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жеткіліксіз және (немесе) дұрыс
ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы хабарлауға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) осы Заңның 21-1-бабында көзделген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды сақтандыру омбудсманына жіберуге;";

      7) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      8) 17-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру сыйлықақысын төлем жүйелерін қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз ақы төлеу арқылы Интернет желісін пайдаланып төлеуге болады.";

      9) 19-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар қоса беріле отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте, электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушының орналасқан жері бойынша беруден босатпайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық тәсілмен жіберген жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.";

      10) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, пайда алушының, үшінші тұлғалардың) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.".

      17. "Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға.";

      2) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері

      Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым жағдайдан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:

      "6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Сақтандыру оқиғасының басталу фактісін растау және жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      4) 8-баптың 1-тармағының 6) тармақшысы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) осы Заңның 24-1-бабында көзделген жағдайда, сақтандырушы сақтандыру омбудсманына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін өзі алған құжаттарды жіберуге;";

      6) 10-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      7) 11-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) сақтандыру агентінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірін және сәйкестендіру нөмірін (егер ол жеке тұлға болса) немесе атауын, орналасқан жерін, телефон нөмірін және сәйкестендіру нөмірін (егер ол заңды тұлға болса);

      12) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы туралы нұсқауды қамтуға тиіс.";

      8) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

      "24-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, пайда алушының) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.".

      18. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 8, 45-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) сақтандыру омбудсманы – "Сақтандыру қызметі туралы"
2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға";";

      2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл

      Қоршаған ортаның авариялық ластануы жағдайлары және олардың салдары туралы ақпаратқа ие қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бөлімшелері және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар жүгінген кезде ұсынуға міндетті.";

      3) 7-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жасалады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисі электрондық нысанда ресімделеді.

      Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті талаптардың толық болмағаны үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады.

      Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау арқылы не сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Электрондық нысандағы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымына қойылатын талаптар

      1. Электрондық нысандағы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) және сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) және сақтандырушы арасындағы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

      Электрондық нысандағы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану талап етілмейді.

      2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып сақтандырушы мiндетті экологиялық сақтандыру шартын жасау кезінде:

      1) сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау не оны жасаудан бас тарту (бас тартудың себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түріндегі хабарламаны тез арада жіберуді;

      2) сақтанушының мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;

      3) сақтандырушының интернет-ресурсына сақтанушының тәулік бойы қолжеткізілімін қамтамасыз ете отырып, электрондық нысандағы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын сақтауды;

      4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) мыналар:

      мәліметтерді өзгерту, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын қайта ресімдеу;

      мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

      сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау;

      келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізу;

      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті электрондық нысандағы ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) жасау және сақтандыру ұйымына жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.

      Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаның тәртібіне және мазмұнына қойылатын талаптар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасудың уәкілетті орган белгілеген тәртібі ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырушы ұсынған талаптарда сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушы осы сақтандыру шартын жасасқан деп есептеледі.

      5. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасатынына өзінің келісімін растай отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

      6. Сақтандырушының ресми интернет-ресурсын пайдалана отырып, сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.

      7. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру ұйымдарының сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасауға арналған ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасау жөніндегі қызметіне жол берілмейді.";

      5) 11-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      6) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуі тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жеткіліксіз және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы хабарлауға;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) осы Заңның 22-1-бабында көзделген жағдайда, сақтандырушы сақтандыру омбудсманына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды жіберуге міндетті.";

      7) 13-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін негізсіз азайту туралы шешімін даулау үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге;";

      8) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Сақтандыру сыйлықақысын төлем жүйелерін қолдана отырып қолма-қол ақшасыз ақы төлеу арқылы Интернет желісін пайдаланып төлеуге болады.";

      9) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберуге болады. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушының орналасқан жері бойынша беруден босатпайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Құжатты қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдаған күнді көрсете отырып анықтама беруге міндетті.

      Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талаптарды электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.";

      10) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Өтініш берушінің (сақтанушының, жәбірленушінің, пайда алушының) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімін немесе зиянның сақтандырушы айқындаған мөлшерінің нәтижесін даулау сақтандыру омбудсманының дауларды сотқа дейін реттеу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Бұл ретте өтініш беруші дауларды сотқа дейін реттеу рәсімін қолдану үшін тиісті өтінішпен сақтандырушыға жүгінеді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін алған құжаттарды өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қарау және дауларды шешу үшін сақтандыру омбудсманына жіберуге міндетті.

      3. Өтініш беруші мен сақтандырушы арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта өзінің құқығын қорғау үшін жүгінуге құқылы.".

      19. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):

      1) 60-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомаларын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап зейнетақы аннуитетi шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер осы Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу үшін не сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда:

      1) сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі осы баптың 10-тармағына сәйкес айқындалады;

      2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан кезең-кезеңімен төленетін сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнгі қолданыста болған ең төменгі зейнетақының мөлшерінен төмен болмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мерзiмдiк сақтандыру төлемдерi ай сайын, тоқсан сайын немесе зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының келісімі бойынша өзгеше тәртіппен, бірақ осы Заңның талаптарына сәйкес жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитетi шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына аударған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      2) 61-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген кезде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін мiндеттi және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын пайдалану;";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан немесе зейнетақы аннуитетi шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы шарттың түпнұсқасын және (немесе) зейнетақы аннуитетi шартына қосымша келiсiмді ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;".

      20. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):

      54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.

      21. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; № 1-2, 2-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 1-қосымшада:

      56-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

56.

Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия

1. Сақтандыру шарттарын жасау бойынша
2. Қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша

Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді;
лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ";

      58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

58.

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия
 

1. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру.
2. Ауру жағдайына арналған сақтандыру.
3. Автомобиль көлігін сақтандыру.
4. Теміржол көлігін сақтандыру.
5. Әуе көлігін сақтандыру.
6. Су көлігін сақтандыру.
7. Жүктерді сақтандыру.
8. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру.
9. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
10. Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
11. Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
12. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
13. Қарыздарды сақтандыру.
14. Ипотекалық сақтандыру.
15. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру.
16. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру.
17. Өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру.
18. Титулдық сақтандыру.
19. Сот шығыстарын сақтандыру.
20. Ғарыш объектілерін сақтандыру.
21. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Иеліктен шығарылмайтын;
конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;
1-сынып
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  ";

      2) 2-қосымшада:

      366-жол алып тасталсын.

      22. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; № 4, 7-құжат):

      6-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің сақтандыру шартын жасауға байланысты көрсетілетін қызметті ұсыну жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 15) тармақшасының төртінші, жетінші, жиырма бесінші абзацтарын, 26) тармақшасының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарын, 41) тармақшасының төртінші абзацын;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасын, 11-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 5) тармақшасын, 8) тармақшасын, 10) тармақшасының екінші абзацын, 13) тармақшасын, 14) тармақшасын, 16) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 3) тармақшасын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасын, 9) тармақшасының үшінші абзацын, 12) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 14) тармақшасын, 17) тармақшасын, 20-тармағын;

      3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 5) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 5) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін қолданылады.

      3. Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде тиiстi лицензияны қайта ресiмдеуге мiндеттi.

      Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың бұрын жасалған шарттары бойынша осы тармақтың бірінші бөлiгiнде көрсетiлген сақтандыру ұйымы олардың қолданылу мерзiмi өткенге дейiн өзiне қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.

      4. Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар туроператорлар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде тиісті лицензияны қайта ресiмдеуге мiндеттi.

      Туристік қызмет көрсетуге бұрын жасалған шарттар бойынша осы тармақтың бірінші бөлiгiнде көрсетiлген туроператорлар өзiне қабылдаған мiндеттемелердi туристің саяхаты аяқталғанға дейін орындауға мiндеттi.

      5. "Жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің құрамына кіруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
     

  "Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне
сақтандыру және сақтандыру
қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" 2018 жылғы
" " № Қазақстан
Республикасының Заңына
қосымша
 
  "Міндетті туристік сақтандыру
туралы" 2003 жылғы
31 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына
қосымша

     




































Туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары


Р/с

Сақтандыру жағдайы ретінде танылған оқиғалар және өтелуге тиісті шығыстардың түрі

Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (АҚШ долларымен/евромен)

1-бағдарлама

2-
бағдарлама

3-бағдарлама

1.

Жазатайым оқиға:




1.1

медициналық қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрі-дәрмектерге, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда стационарлық және амбулаториялық емдеу шығыстары;
сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар бойынша медицина мекемесіне тасымалдау шығыстары;
медициналық қызметкерлердің ілесіп жүру шығыстарын (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғылықты жеріне өздігінен қайтуына мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасымалдау шығыстары;
мәйітті ашып қарау, бальзамдау және оның мәйітханада болуы, табытты сатып алу, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеу шығыстарын қоса алғанда қайтыс болғандардың күлi салынған сауыттарды немесе мәйiттердi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыру шығыстары.

10 000

30 000

50 000

1.2

жазатайым оқиға салдары болып табылатын стоматологиялық тексеру, рентген арқылы тексеру, тістерді жұлу немесе пломбалау нәтижесінде жарақат алу шығыстары

100

300

300

1.3

егер емдеуші дәрігер және ассистанс компаниясының өкілі сақтандырылушының денсаулық жағдайын хал үстінде, өміріне қауіп төніп тұрған ретінде бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен асса жалғыз саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелет жасқа толған немесе кәмелет жасқа толмаған баласы бар жақын туысының біреуі үшін жол жүру құжаты (билет) шығыстары

800

1000

1200

1.4

сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының нәтижесінде сақтандыру аумағында сақтандырылушының қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, қарт жақын туыстарын тасымалдау ақысын төлеуге жұмсалған шығыстар

800

1000

1200

1.5

Сақтандырушының, ассистанс компаниясының атына жүзеге асырылған хабарлардың, телефон қоңырауларының және өзге де байланыс қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалған шығыстар;
сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап оның Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күнге дейін қонақ үйде тұру ақысын төлеуге жұмсалған шығыстар (5 (бес) күннен аспайтын);
жол жүру құжаттарының күшін жоюмен немесе ауыстырумен байланысты шығыстары;
шет елде болу мерзімінің пайдаланылмаған бөлігі үшін қонақ үйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға көрсетілген басқа да туристік қызметтерден бас тартумен байланысты шығыстар

800

1 000

1 200

2.

Сақтандырылушыға кенеттен қатты ауырған, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулары қозған жағдайда жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету:




2.1

медициналық қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрі-дәрмектерге, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда стационарлық және амбулаториялық емдеу шығыстары;
сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар бойынша медицина мекемесіне тасымалдау шығыстары;
медициналық қызметкерлердің ілесіп жүру шығыстарын (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғылықты жеріне өздігінен қайтуына мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасымалдау шығыстары;
мәйітті ашып қарау, бальзамдау және оның мәйітханада болуы, табытты сатып алу, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеу шығыстарын қоса алғанда қайтыс болғандардың күлi салынған сауыттарды немесе мәйiттердi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыру шығыстары

10 000

30 000

50 000

2.2

жүктілік кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, медициналық қызметтерге, сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар бойынша медицина мекемесіне тасымалдау шығыстарын қоса алғанда, амбулаториялық емдеу шығыстары

300

500

600

2.3

Егер емдеуші дәрігер және ассистанс компаниясының өкілі сақтандырылушының денсаулық жағдайын хал үстінде, өміріне қауіп төніп тұрған ретінде бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен асса жалғыз саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелет жасқа толған немесе кәмелет жасқа толмаған баласы бар жақын туысының біреуі үшін жол жүру құжаты (билет) шығыстары

800

1000

1200

2.4

сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының нәтижесінде сақтандыру аумағында сақтандырылушының қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, қарт жақын туыстарын тасымалдау ақысын төлеуге жұмсалған шығыстар

800

1000

1200

2.5

Сақтандырушының, ассистанс компаниясының атына жүзеге асырылған хабарлардың, телефон қоңырауларының және өзге де байланыс қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалған шығыстар;
сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап оның Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күнге дейін қонақ үйде тұру ақысын төлеуге жұмсалған шығыстар (5 (бес) күннен аспайтын);
жол жүру құжаттарының күшін жоюмен немесе ауыстырумен байланысты шығыстары;
шет елде болу мерзімінің пайдаланылмаған бөлігі үшін қонақ үйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға көрсетілген басқа да туристік қызметтерден бас тартумен байланысты шығыстар

800

1 000

1 200





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады