"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысымен бекітілген |
Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Ескету. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 14.07.2022 № 477 қаулысымен.
Р/с | Атауы | Мемлекеттік әріптес | Жеке әріптес | Іске асыру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Алматы-Қорғас" автомобиль жолы учаскесіндегі "Нұр жолы" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | "Eurotransit Terminal" ЖШС | 2018-2026 жылдар |
2. | Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі | "РенЭлл Кокшетау" ЖШС |
2022 – 2029 жылдар |