"Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 477 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      "Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

      "

2.

Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

"РенЭлл Кокшетау" ЖШС

2022 –
2029 жылдар

                        ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады