Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет мині | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Н.В. Пан |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1 жолымен толықтырылсын:
2-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет мині | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Н.В. Пан |
";
реттік нөмірі 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. | Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі | Әділет мині, ЖС (келісім бойынша) | Сәуір | Маусым | Тамыз | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
12. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет мині, ЖС (келісім бойынша) | Сәуір | Маусым | Тамыз | Н.В. Пан, А.Қ. Қыдырбаева |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |