1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған күкіртпен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 184 қаулысы.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған күкіртпен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 184 қаулысымен
бекітілген

1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған күкіртпен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған күкіртпен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм (бұдан әрі – Келісім) бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған күкіртпен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағаларды айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер, анықтамалар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

      1) ақпарат көзі – Күкірт Argus FMB (Argus Media Limited, Ұлыбритания);

      2) дифференциал – мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;

      3) келісімшарт – тауардың сатып алу-сату шарты;

      4) күкірт белгіленімі – ақпарат көзінде жарияланатын баға белгіленімі;

      5) мәміле (сату) бағасы – келісімшарт валютасында көрсетілген және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес есептелген, келісімшартқа сәйкес бір өлшем бірлігі үшін тауар бағасы;

      6) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;

      7) сатып алушының маржасы – күкірттің 1 (бір) метрикалық тоннасы үшін бағасына күкіртті сатып алушыны таңдау бойынша жүргізілген тендердің қорытындысы бойынша айқындалатын сатып алушы үстемесінің мөлшері;

      8) тауар – Келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау есебіне пайдалы қазбаларды беру шеңберінде салық төлеуші берген және мемлекет атынан алушы алған тауарлық күкірт;

      9) FCA немесе EXW – Инкотермс 2010 сәйкес жеткізу базистері;

      10) Rail-Tariff – жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауға арналған тарифті автоматтандырылған есептеу жүйесі;

      11) Swift-хабарлама – халықаралық банкаралық ақпарат беру және төлемдер жасау жүйесі.

2-тарау. Күкіртке мәміле (сату) бағасын айқындау тәртібі

      3. Қарабатан станциясы FСА немесе EXW жеткізу шарттарымен Балтық теңізі портынан (Усть-Луга порты) одан әрі сату үшін күкіртті жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

                  P = B – D – М

      мұндағы:

      P – күкірттің мәміле (сату) бағасы;

      В – тиеп-жөнелту күнінің алдындағы соңғы төрт аптада ақпарат көзінде жарияланған, келісімшарттың талаптарына сәйкес қолданылатын, келісімшарт бойынша күкірттің 1 (бір) метрикалық тоннасы үшін белгіленімдердің орташа арифметикалық мәні.

      Осы бағыт бойынша белгіленімдер ақпарат көзінде мынадай:

      CFR Жерорта теңізі;

      CFR Солтүстік Африка;

      CFR Бразилия белгіленімдерінің бірін қолдана отырып жарияланады.

      Белгіленімді таңдау экспорт бағытына байланысты жүзеге асырылады.

      D – мынадай шығыстарды қамтитын дифференциал:

      вагондарды (ашық вагондарды) жалдау;

      жүкті теміржолмен тасымалдау құны, жүк тиелген вагондарды жүкпен жөнелту және бос вагондарды (ашық вагондарды) қабылдау, вагондарды (ашық вагондарды) тиеу және түсіру пункттеріне беру-әкету, жүк тиелген вагондарды (ашық вагондарды) кірме жолдарында тоқтап тұру-сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер;

      кедендік ресімдеу;

      теміржол бойынша экспедициялау;

      вагондарды (ашық вагондарды) қадағалау;

      пломбалау және жапсырма салу;

      тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы маневрлік жұмыстар;

      тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы станциялық жұмыстар;

      вагондардың (ашық вагондардың) тоқтап тұруы;

      күкіртті порттарда сақтау;

      порттық алымдар;

      сақтандыру;

      жүк инспекциясы;

      күкіртті ылғалдандыру;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      конверттерді кәдеге жарату;

      фрахт бойынша шығыстар;

      порттарда ауыстырып тиеу;

      кеме демереджі (тоқтап тұруы).

      М – сатып алушы маржасы.

      4. Қарабатан станциясы FСА немесе EXW жеткізу шарттарымен Қара теңіз порттарынан (Кавказ, Новороссийск, Ильичевск порттары) кейіннен сату үшін күкіртті жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

                              P = B – D – М

      мұндағы:

      P – күкірттің мәміле (сату) бағасы;

      В – тиеп-жөнелту күнінің алдындағы соңғы төрт аптада ақпарат көзінде жарияланған, келісімшарттың талаптарына сәйкес қолданылатын, келісімшарт бойынша күкірттің 1 (бір) метрикалық тоннасы үшін белгіленімдердің орташа арифметикалық мәні.

      Осы бағыт бойынша белгіленімдер ақпарат көзінде мынадай:

      CFR Жерорта теңізі;

      CFR Солтүстік Африка;

      CFR Бразилия белгіленімдерінің бірін қолдана отырып, жарияланады.

      Белгіленімді таңдау экспорт бағытына байланысты жүзеге асырылады.

      D – мынадай шығыстарды қамтитын дифференциал:

      вагондарды (ашық вагондарды) жалдау;

      жүкті теміржолмен тасымалдау құны, жүк тиелген вагондарды жүкпен жөнелту және бос вагондарды (ашық вагондарды) қабылдау, вагондарды (ашық вагондарды) тиеу және түсіру пункттеріне беру-әкету, жүк тиелген вагондарды (ашық вагондарды) кірме жолдарында тоқтап тұру-сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер;

      кедендік ресімдеу;

      теміржол бойынша экспедициялау;

      вагондарды (ашық вагондарды) қадағалау;

      пломбалау және жапсырма салу;

      тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы маневрлік жұмыстар;

      тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы станциялық жұмыстар;

      вагондардың (ашық вагондардың) тоқтап тұруы;

      күкіртті порттарда сақтау;

      порттық алымдар;

      сақтандыру;

      жүк инспекциясы;

      күкіртті ылғалдандыру;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      конверттерді кәдеге жарату;

      фрахт бойынша шығыстар;

      порттарда ауыстырып тиеу;

      кеме демереджі (тоқтап тұруы);

      рейдте тиеу.

      М – сатып алушы маржасы.

      5. Қарабатан станциясы FСА немесе EXW жеткізу шарттарымен Қытай бағытында кейіннен сату үшін күкіртті жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

                        P = B – D – М

      мұндағы:

      P – күкірттің мәміле (сату) бағасы;

      В – тиеп-жөнелту күнінің алдындағы соңғы төрт аптада ақпарат көзінде жарияланған, келісімшарттың талаптарына сәйкес қолданылатын, келісімшарт бойынша күкірттің 1 (бір) метрикалық тоннасы үшін белгіленімдердің орташа арифметикалық мәні.

      Осы бағыт бойынша ақпарат көзінде жарияланатын CFR Қытай белгіленімі қолданылады.

      D – мынадай шығыстарды қамтитын дифференциал:

      вагондарды (ашық вагондарды) жалдау;

      жүкті теміржолмен тасымалдау құны, жүк тиелген вагондарды жүкпен жөнелту және бос вагондарды (ашық вагондарды) қабылдау, вагондарды (ашық вагондарды) тиеу және түсіру пункттеріне беру-әкету, жүк тиелген вагондарды (ашық вагондарды) кірме жолдарында тоқтап тұру-сақтау бойынша көрсетілетін қызметтер;

      кедендік ресімдеу;

      теміржол бойынша экспедициялау;

      вагондарды (ашық вагондарды) қадағалау;

      пломбалау және жапсырма салу;

      тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы маневрлік жұмыстар;

      тиеу және (немесе) тиеп-жөнелту станцияларындағы станциялық жұмыстар;

      вагондардың (ашық вагондардың) тоқтап тұруы;

      күкіртті станцияларда сақтау;

      сақтандыру;

      жүк инспекциясы;

      күкіртті ылғалдандыру;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      қаптардың құны;

      пакетке салу үшін төлем жасау;

      бос вагондарды (ашық вагондарды) пломбалау.

      М – сатып алушы маржасы.

3-тарау. Дифференциал құрамбөліктерін айқындау

      6. Ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында тауарды жеткізу шарттарына қатысты дифференциалға тауарды тиісті межелі нарыққа дейін жеткізуге байланысты сатып алушының негізделген және бастапқы құжаттардың көшірмелерімен құжаттамалы түрде расталған шығыстары қосылады.

      7. Теміржол арқылы тасымалдау құны және теміржол арқылы тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе шығыстар шарттардың, төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен, ұлттық тасымалдаушылардың ("Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамы, "Российские Железные Дороги" ашық акционерлік қоғамы және басқалары) деректерімен, Rail-Tariff ақпараттық бағдарламасының деректерімен расталады.

      8. Теміржол бойынша экспедициялау тиісті қызметтерді көрсету шарттарының, төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен расталады.

      9. Тасымалдау кезінде жүкті сақтандыру құны шарттардың немесе сақтандыру полистерінің немесе төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен, сақтандыру құны бойынша сатып алушының есептесуімен расталады.

      10. Жүктің сапасы мен санын айқындау бойынша жүк инспекциясының құны инспекторлық қызметтер көрсету шарттарының, төлем шоттарының (инвойс), тәуелсіз инспекторлық компаниялар есептерінің көшірмелерімен, инспекция құны бойынша сатып алушының есептесуімен расталады.

      11. Порттағы порттық алымдардың құны тиісті қызметтерді көрсету шарттарының, төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен расталады.

      12. Ауыстырып тиеу бойынша шығыстардың құны тиісті қызметтерді көрсету шарттарының, төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен расталады.

      13. Теңіз тасымалының (фрахт) құны фрахт шарттарының (chartеr party, time-charter) немесе танкер фрахты шарттарынан (CP recap) үзінділердің, төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен және фрахт құнының 1 (бір) тоннасы үшін сатып алушының есептесуімен расталады.

      14. Порттағы кеме демереджі (тоқтап тұруы) фрахт шарттарының (chartеr party, time-charter) немесе танкер фрахты шарттарынан (CP recap) үзінділердің, төлем шоттарының (инвойс) көшірмелерімен расталады. Бұғаздардағы кеме демереджі (тоқтап тұруы) капитан немесе бұғаздар жөніндегі агент берген тайм-шит немесе тұрақ уақытын есепке алу актісінің, фрахт шарттарының (chartеr party, time-charter) немесе танкер фрахты шарттарынан (CP recap) үзінділердің, капитан немесе кеме агенті берген бункерлік отын шығысын, бункерлік отын бірлігінің құнын және бұғаздарда тоқтап тұрған кезде жұмсалған бункерлік отын құнының есептеуін растайтын құжаттардың, кеменің иесі немесе кеме иесінің өкілі берген кеме демереджі (тоқтап тұруы) үшін шоттардың көшірмелерімен (инвойстармен) расталады.

      15. Кедендік ресімдеу құны тиісті қызметтерді көрсету шарттарының, төлем шоттарының (актілердің) көшірмелерімен расталады.

      16. Вагондардың (ашық вагондардың) тоқтап тұру құны тиісті шарттардың, төлем шоттарының (инвойстармен), тоқтап тұру уақытын есепке алу және есептеу құжаттарының көшірмелерімен расталады.

      17. Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстарының құны келісімшарттың, аккредитивті ашу үшін банк комиссиясы туралы банк белгісі бар құжаттың және SWIFT-хабарлама көшірмелерімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады