Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хаттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 232 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
Жоба
Қаржы министрі
Сұлтанов Бақыт мырзаға
Қаржы министрлігі
Астана
Қазақстан Республикасы
Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ- 1b) (Қарыз № 8156-KZ) Қарыз туралы келісімге түзетуге қатысты
Құрметті Сұлтанов мырза:
Біз 2012 жылғы 10 қазандағы Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Қарыз алушы) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – Банк) арасындағы Қарыз туралы келісімге (бұдан әрі – Қарыз туралы келісім) сілтеме жасаймыз. Біз Қарыз алушы Қаржы министрлігінің Жобаны қайта құрылымдау және ұсынылып отырған қайта құрылымдауға байланысты Қарыз туралы келісімге белгілі бір түзетулер енгізу туралы Банкке сұрау салынған 2017 жылғы 10 ақпандағы хатына да сілтеме жасаймыз.
Банк тиiсінше қарағаннан кейін Қарыз туралы келісімге мынадай түзетулер енгізуді ұсынатынын Сізге хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз:
1. Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көзделген Жобаның мақсаты мынадай редакцияда жазылсын:
"Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожол дәлізінің және Орталық – Оңтүстік дәлізінің таңдалған жол учаскелерінде тасымалдау тиімділігін арттыру және автожолдарды басқаруды жетілдіру осы Жобаның мақсаты болып табылады.".
2. Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көзделген Жобаның 1-құрауышы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-құрауыш: Таңдалған жол учаскелерін реконструкциялау және салу
(а) Консультанттардың қызметтерін ұсыну және Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожол дәлізі мен Орталық – Оңтүстік дәлізінің құрамындағы таңдалған жол учаскелерінде, оның ішінде ілеспе айналма жолдарды, көпірлерді, көлік айрықтары мен қосалқы құрылыстарды реконструкциялау мен салу жөніндегі жұмыстарды орындау.";
(b) Жоба шеңберінде құрылыс жұмыстарын басқару және қадағалау жөніндегі консультанттардың қызметтерін ұсыну.".
3. Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада көзделген Жобаның 2-құрауышының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын (өзгерістер курсивпен көрсетілген):
"2-құрауыш: Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожол дәлізінің және Орталық – Оңтүстік дәлізінің учаскелеріндегі автожолдарды басқаруды жетілдіру."
4. Қарыз туралы келісімге 2-қосымшадағы І.В.1(b) бөлім мынадай редакцияда жазылсын (өзгерістер курсивпен көрсетілген):
"(b) Жобаның ҚОӘБ-нің, ҚОӘБ2-нің және барлық қолданылатын ҚОҚЖ ережелеріне сәйкес іске асырылуына кепілдік береді; және".
5. Қарыз туралы келісімге 2-қосымшадағы І.В.4-бөлім жаңа (d) тармағымен толықтырыла отырып, мынадай редакцияда жазылсын:
"(d) Жобаны іске асыру барысында материалдық мәдени ресурстар табылған жағдайларда, кездейсоқ олжаларға қатысты рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді. Қарыз алушы кездейсоқ олжаларға қатысты рәсімдер ережелерінің құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарға енгізілуін және осы ережелердің Жобаны іске асыру барысында қолданылуын да қамтамасыз етеді.".
6. Қарыз туралы келісімнің Толықтыруының І бөліміндегі 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоршаған және әлеуметтік ортаны басқару жоспарлары" немесе "ҚӘОБЖ" Жоба шеңберінде Қарыз алушы орындайтын жұмыстарға қатысты ҚОӘБ-ға, ҚОӘБ2-ге және осы Келісімге 2-қосымшаның І.В бөлімінің 1-тармағына сәйкес Қарыз алушы қабылдаған және Банк үшін қанағаттанарлық нақты объектілер бойынша құжаттарды білдіреді, оларда атап айтқанда: (і) тиісінше орындалуын және олардың сақталуы жөнінде жүйелі ақпараттың түсуін қамтамасыз етуге қабілетті барабар институционалдық тетіктермен, мониторинг және есептілік тетіктерімен қатар, ықтимал экологиялық тәуекелдерді басқару жөніндегі егжей-тегжейлі шаралар және Жобаның іс-шараларын іске асыруға байланысты көрсетілген, қоршаған ортаға теріс әсер етуді жеңілдету, төмендету және/немесе өтеу бойынша шаралар; (ii) табиғи мекендеу ортасына ықтимал әсерлер және Жоба шеңберіндегі жұмыстар кезінде мердігерлер үшін салдарды жеңілдету бойынша тиісті шаралар; және (iii) Қарыз алушының заңнамасына сәйкес дайындалған материалдық мәдени ресурстар мен басқару жоспарлары айқындалған, олар Банктің алдын ала жазбаша келісімімен мерзімді түзетілуі және толықтырылуы мүмкін; және "ҚӘОБЖ" осындай сияқты ҚӘОБЖ-ның біріне жатады.".
"Қоршаған ортаны қорғау жоспарлары" және "ҚОҚЖ" анықтамалары "Қоршаған және әлеуметтік ортаны басқару жоспарлары" және "ҚӘОБЖ"-ға ауыстырылуға тиіс және Қоршаған ортаны қорғау жоспарларына немесе ҚОҚЖ-ға әрбір сілтеме Қоршаған және әлеуметтік ортаны басқару жоспарларына немесе ҚӘОБЖ-ға сілтеме болып саналады.
7. Қарыз туралы келісімге Толықтырудың І бөліміндегі 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын және Келісімдегі ККМ немесе Көлік және коммуникациялар министрлігіне әрбір сілтеме ИДМ-ге сілтеме болып саналады:
"ИДМ" Қарыз алушының Инвестициялар және даму министрлігін немесе оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.".
8. Қарыз туралы келісімге Толықтырудың І бөліміндегі 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоныс аударудың негіздемелік саясаты" немесе "ҚНС" Қарыз алушы 2008 жылғы 1 мамырда дайындаған, бекіткен және жариялаған, 2009 жылғы 18 наурызда жаңартқан және жариялаған (2009 жылғы 25 наурызда Банктің Infoshop арқылы жариялаған), 2016 жылғы 29 сәуірде қайта қараған және жариялаған (2016 жылғы 9 мамырда Банктің Infoshop арқылы жариялаған), Банк үшін қанағаттанарлық, нақты объектілер бойынша Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарын (ҚІЖ) дайындау кезінде қолданылатын, құнын бағалауды жүргізу тәртібін, қоғамдық консультациялар мен тұрғындардың қатысуын, мониторинг пен бағалауды, ақпаратты ашу өлшемшарттарын қоса алғанда, қоныс аудару тәртібін, институционалдық тетіктерді, біліктілік өлшемшарттарын, құқықтар мен өтемақыларды және Жобаның теріс әлеуметтік әсерін жеңілдету үшін барлық қажетті міндеттерді белгілейтін құжатты білдіреді.".
9. Осымен Қарыз туралы келісімге Толықтырудың І бөліміне әліпбилік ретпен мынадай редакциядағы анықтамалар қосылады, бұл ретте Толықтырудағы қалған анықтамалардың нөмірленуі тиісті түрде өзгереді:
(і) "Орталық – Оңтүстік дәлізі" Астана және Алматы қалалары арасындағы қолданыстағы жол дәлізін білдіреді.";
(іі) "Кездейсоқ олжаларға қатысты рәсімдер" жобаны іске асыру барысында учаскедегі қызметті уақытша тоқтата тұруды және мәдени құндылықтарға жауапты мемлекеттік органға есептілік ұсынуды қоса алғанда, Қарыз алушының қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қолдануын талап ететін материалдық мәдени ресурстар табылған жағдайларда сақталуға тиіс рәсімдерді білдіреді.";
(ііі) "Қоршаған және әлеуметтік ортаға әсерді бағалау 2" немесе "ҚОӘБ2" Қарыз алушы 2017 жылғы 26 мамырда дайындаған және жариялаған (2017 жылғы 26 мамырда Банктің сыртқы сайтында жариялаған), Банк үшін қанағаттанарлық Орталық – Оңтүстік дәлізінің Балқаш – Бурылбайтал учаскесі үшін Қоршаған және әлеуметтік ортаға әсерді бағалауды білдіреді, онда өзгеден басқа: (і) Жоба іс-шаралары жүргізілетін объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы; (іі) жоғарыдағы (і) тармақта көрсетілген іс-шаралардың ықтимал және нақты теріс экологиялық және әлеуметтік әсерлері; және (ііі) Жоба шеңберінде теріс экологиялық әсерлерді жеңілдетуге, жоюға немесе өзгеше өтеуге бағытталған Жобаны іске асыру және пайдалану барысында қабылданатын шараларды көрсете отырып, нақты объектілер үшін ҚӘОБЖ әзірлеу рәсімдері қамтылады.";
(iv) "Таңдалған жол учаскелері" Қарыз алушының аумағы шегінде Алматы – Қорғас учаскесін және Орталық – Оңтүстік дәлізінің Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы жолының Балқаш – Бурылбайтал учаскесін және келісілген техникалық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық талдау негізінде Қарыз алушы таңдап алуы және Банк мақұлдауы мүмкін кез келген басқа учаскені білдіреді.".
Қарыз туралы келісімнің мұнда түзетулер көзделмеген барлық басқа ережелері өзгеріссіз қалады және толық заңды күшінде болады.
Мархабат етіңіз, осы хаттың қоса берілген данасына қол қою, күнін көрсету және бізге қайтару арқылы Қарыз алушының атынан жоғарыда көрсетілген түзетумен Өзіңіздің келісетініңізді растаңыз. Түзету Банк Қарыз алушының атынан осы түзетудің орындалуы мен берілуі барлық қажетті мемлекеттік рәсімдермен тиісті түрде шешілгенін немесе ратификацияланғанын көрсететін хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді.
Құрметпен,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
Қолы ______________________________
Лилия Бурунчук
Өңірлік директор
Орталық Азия
КЕЛІСІЛДІ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қолы:_________________________
Уәкілетті өкіл
Лауазымы:_____________________
Күні:__________________________
Көшірмелер:
Тимур Сүлейменов мырза, Ұлттық экономика министрі
Марат Бекетаев мырза, Әділет министрі
Қайрат Әбдірахманов мырза, Сыртқы істер министрі
Жеңіс Қасымбек мырза, Инвестициялар және даму министрі
Руслан Бекетаев мырза, Қаржы вице-министрі
Мереке Пішембаев мырза, Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
Вернер Грубер мырза, Атқарушы директор, Дүниежүзілік банк
Сирил Приссетте мырза, Атқарушы директордың аға кеңесшісі, Дүниежүзілік банк
Айнұр Ертілесова ханым, Атқарушы директордың кеңесшісі, Дүниежүзілік банк