Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары:
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай, тиісінше бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкін.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен бөлінген ақшаны алушы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл қорытындылары бойынша тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарға олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруге тиіс.";
2) "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері және республикалық бюджет, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының мөлшері негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
7. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есепті қаржы жылында стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер және стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелері;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) нысаналы даму трансферттері бойынша – нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламалар жобаларында көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді талдау.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып:
1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежесінің дұрыстығы нысанына сәйкестігін;
2) стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі нысанасына қарайды.";
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындылары ескеріле отырып қалыптастырылады.";
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейiнгi мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын;
2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
4) екі есепті қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыштың түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;
5) екі есепті қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартылған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар туралы деректерді;
6) жергілікті бюджеттік инвестициялар мен шығыстардың атауын көрсете отырып, төмен тұрған бюджеттер бөлінісінде екі есепті қаржы жылында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану туралы ақпаратты;
7) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мыналарды:
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын;
екі есепті қаржы жылында бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасын, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражатының көлемінен ауытқуы туралы мәліметтерді (себептерін, салдарларын);
республикалық бюджет жобасында олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екі есепті қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді;
алдыңғы қаржы жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетілген, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпаратты қамтитын ақпаратты ұсынады.
Түсіндірме жазбаға, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын есепке алу туралы ақпарат енгізіледі.
Түсіндірме жазбаға бюджеттік инвестициялар бөліне отырып мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бөлінісінде, оның ішінде бюджет жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |