Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 633 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 391 қаулысымен
бекітілген

Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 332-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жататын қалдықтарға қолданылмайды.

2-тарау. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібі

      3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды жою актісінде көрсетілген күн тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі пайдалануға жарамсыз деп тану күні болып танылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.06.2021 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қажет болған жағдайда, тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп айқындау үшін жою кедендік рәсімімен тауарлардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы өзге мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

      5. Тауарларды жою актісіне барлық комиссия мүшелері және қатысқан адамдар қол қойған сәттен бастап коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған қалдықтар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылауда емес деп есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады