Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тауарларды жою актісінде көрсетілген күн тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі пайдалануға жарамсыз деп тану күні болып танылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |