Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балалар саудасының алдын алу мене жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері:
1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 2019 – 2020 жылдардағы 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, 2021 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2019 – 2020 жылдары, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 2021 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 10 ақпаннан кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 609 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындау үшін жауаптылар | Орындау мерзімі |
Болжанатын шығыстар | Қаржы-ландыру көзі |
кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||
1. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар | ||||||||
1 | Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ әкімдіктердің жанында жұмыс істейтін осыған ұқсас өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету | ВАК отырыстары |
ІІМ |
2018 – 2020 жылдар | талап етілмейді | – | ||
2 | Адам сатушылардың қылмыстық кірістерін анықтауға, бақылауға және алуға қаржылық мониторинг органдарының қатысуы, сондай-ақ осы органдардың аталған жұмыстағы құзыретті құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру | ІІМ-ге ақпарат | Қаржымині, ІІМ, БП (келісім бойынша) | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
33.1 |
Мыналар: | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы |
ІІМ | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
4 |
Балалардың құқықтары мен мүдделерін бұзуды, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау мүмкіндігін болдырмау мақсатында балаларды, оның ішінде шетелдік азаматтардың асырап алуы саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша тексерістер жүргізу | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы | БҒМ, БП (келісім бойынша), Қазақстан Республикасында-ғы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша), СІМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
5 |
Адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен кешенді және/немесе келісілген ведомствоаралық профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялар өткізуде тәжірибе алмасу мақсатында ТМД органдарының отырыстарына қатысу | ТМД органдарының жұмысына қатысу |
ІІМ, БП (келісім бойынша), | 2018 – 2020 жылдар | 005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | РБ | ||
2. Адам саудасы құрабандарына көмек көрсету жөніндегі ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар | ||||||||
6 | Адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін коммерциялық емес (үкіметтік емес) қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік қаржылық және өзге де көмек, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көмек көрсетуді жалғастыру және осындай көмек көрсету практикасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың дағдарыс орталықтарының қызметі |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | жыл сайын |
2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
РБ | ||
7 | Адам саудасы құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы |
Еңбекмині | жыл сайын |
2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
РБ | ||
8 | Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің шетелде қалған адам саудасы құрбандарын анықтау, оларға уақтылы және тиісті көмек көрсету, олардың қауіпсіздігін, құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, отанға жылдамырақ қайтуын қамтамасыз ету бойынша шет елдермен өзара іс-қимыл жасасу және тәжірибе алмасу жөніндегі жұмысын жалғастыру | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы | СІМ |
2018 – 2020 | 001 "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасына сәйкес | РБ | ||
9 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша "сенім телефондарының", "қызу желілердің" жұмысын ұйымдастыру | "сенім телефондарының", "қызу желілердің" жұмыс істеуі |
ІІМ, | жыл сайын | Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі қаржыландыратын Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның Көші-қон агенттігі) "Өңірлік және жаһандық қатерлер контексінде Орталық Азияда адам саудасына қарсы күресті және осал мигранттарды қорғауды күшейту" жобасының қаражаты есебінен | – | ||
3. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарымен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық | ||||||||
10 | ТМД-ның Атқару комитеті және Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру бюросы үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адам саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығының 2014 – 2018 жылдарға арналған бағдарламасының және Қылмысқа қарсы күрестегі бірлескен шаралардың 2019 – 2023 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат дайындау |
ТМД-ның Атқару комитетіне ақпарат |
ІІМ (жинақтау), | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
11 | Адам саудасы құрбандарының өтініштерін қараудың уақтылығы мен заңдылығын, сондай-ақ оларды шыққан мемлекетіне ерікті және қауіпсіз түрде жіберу рәсімін орындаудың негіздемесі мен тәртібін не мұндай адамдардың болатын жері, мерзімдері және жағдайлары туралы мәселенің өзгедей заңды шешімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру | тексерістер туралы есептер |
ІІМ, БП | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
12 | Адам саудасына қарсы іс-қимылмен айналысатын үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен және орталықтармен, олардың тиісті мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастықты қолдау және дамыту | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы |
ІІМ, Еңбекмині, СІМ, МСМ, БҒМ, Әділетмині, | 2018 – 2020 жылдар | талап етілмейді | – | ||
4. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-профилактикалық шаралары | ||||||||
13 | БАҚ-тағы және Интернеттегі адам саудасына және балалар порнографиясына байланысты сол сияқты осындай қызметтерге сұраныс тудыратын жарнама хабарландырулар мен ақпараттық материалдарға қатысты мониторинг жүргізу және құзыретті органдар арасында деректер алмасу | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы |
ІІМ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, АКМ, | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
14 | Балалардың сексуалдық, еңбекте немесе криминалдық пайдаланудың ықтимал құрбандарына айналу мүмкіндігін жоққа шығару мақсатында өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға уақтылы әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуге бағытталған нақты профилактикалық шараларды іске асыруды жалғастыру | профилактикалық шаралар |
БҒМ, Еңбекмині, | жыл сайын |
2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде |
ЖБ | ||
15 | Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жүйелі түрде мониторингтеуді және жоспардан тыс тексерістерді жүзеге асыруы |
тексерістер нәтижелері, |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
16 | Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының адам саудасына ықпал ететін шешімдерді қабылдауына және қызметті жүзеге асыруына қатыстылығы фактілері бойынша ақпаратпен, оның ішінде прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру барысында алынған ақпаратпен алмасу | ВАК жұмыс органына ақпарат, ВАК хаттамасы |
БП | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
17 | Адам саудасына, оның ішінде балаларды сатуға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мәдени-ағарту және ақпараттық-насихат іс-шараларын, тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және өткізу |
ақпараттық науқандар, |
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері, | жыл сайын |
2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде Астана қаласының әкімдігі |
РБ | ||
18 | Адам саудасына қарсы күрес саласындағы құзыретті органдардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде бірыңғай республикалық медиа-жоспар шеңберінде жария ету | БАҚ-та мақалалар, жарияланымдар, сөз сөйлеу, баспасөз релиздері | ІІМ, Еңбекмині, АКМ, БҒМ, БП (келісім бойынша), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
5. Ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету | ||||||||
19 | ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау және сот органдарымен жұмыс тәжірибесімен, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, әдістемелік ұсынымдармен, статистикалық және өзге де ақпаратпен, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласындағы тергеу-сот практикасының нәтижелерімен алмасу | ВАК жұмыс органына ақпарат |
ІІМ, ЖС (келісім бойынша), | жыл сайын | талап етілмейді | – | ||
20 | Адам саудасына қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында құзыретті органдардың, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер өкілдерінің консультацияларын, семинарларын, кеңестерін, жұмыс кездесулерін өткізу |
семинарлар, |
ІІМ, БП | 2018 – 2020 жылдар | талап етілмейді | – | ||
21 | Ғылыми зерттеулер, адам саудасына, мәжбүрлі және кіріптарлық еңбекке, балалар еңбегінің ең нашар нысандарына қарсы күрестің практикасы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу. Осы қылмысқа қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ғылыми құралдар, мақалалар, жарияланымдар |
ІІМ-нің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы және | 2018 – 2020 жылдар | талап етілмейді | – | ||
22 | Мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен, омбудсмендермен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, адам саудасына қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер және тренингтер өткізу және оларға қатысу |
семинарлар, | ІІМ, Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2018 – 2020 жылдар | ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің "Халықаралық дөңгелек үстел: Адам саудасына қарсы іс-қимыл" жобасының қаражаты есебінен | – | ||
6. Кадрлық қамтамасыз ету | ||||||||
23 | Мүдделі мемлекеттік органдардын қызметкерлерін даярлауда, біліктілігін арттыруда, қайта даярлауда, оның ішінде консультациялар және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерде тағылымдамалардан өту арқылы ынтымақтасу | біліктілікті арттыру курстары, тренингтер, тағылымдамалар |
ІІМ, | 2018 – 2019 жылдар | Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның Көші-қон агенттігі) Даму Қорының Қазақстанға, Қырғызстанға және Тәжікстанға арналған "Интернет желісінде азғырып көндіруге қарсы іс-қимыл арқылы адам саудасына қарсы күрес" жобасының қаражаты есебінен | – | ||
24 | ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес мамандарын даярлау жөніндегі оқу орталығында ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жалғастыру | оқыту курстары | ІІМ | жыл сайын | 001 "Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде | РБ | ||
25 | Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының базасында адам саудасына байланысты қылмыстық істерді қарау бойынша судьялардың біліктілігін арттыруды жалғастыру | оқыту курстары, семинарлар, тренингтер |
ЖС | жыл сайын | 017 "Сот кадрларына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру" бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде |
РБ | ||
26 | Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы базасында адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қадағалауды және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру әдістемесін оқытуды енгізу арқылы прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жалғастыру | оқыту курстары, семинарлар, тренингтер |
БП | 2018 – 2020 жылдар | ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы офисінің "Көші-қон бағыттарындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы симуляциялық оқыту" жобасының қаражаты есебінен | – | ||
27 | Құқық қорғау органдары мен басқа да құзыретті органдар үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу-әдістемелік материалдармен алмасу | оқу материалдары |
ІІМ, БП | 2018 – 2020 жылдар | талап етілмейді | – | ||
28 | Әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың, қызу желі операторларының, еңбекпен қамту қызметтерінің қызметкерлерін, сондай-ақ адам саудасының құрбандарымен жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту курстарын ұйымдастыру және өткізу | оқыту курстары | ІІМ, Еңбекмині | 2018 жыл | Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі қаржыландыратын Орталық Азия бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының (БҰҰ-ның Көші-қон агенттігі) "Өңірлік және жаһандық қатерлер контексінде Орталық Азияда адам саудасына қарсы күресті және осал мигранттарды қорғауды күшейту" жобасының қаражаты есебінен | – | ||
Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар | ||||||||
29 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi 2020 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберу | Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы | Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар | 2020 жыл | талап етілмейді | – |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚК – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия
АКМ – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
ЖБ – жергілікті бюджет
РБ – республикалық бюджет