Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарында аурулар ошақтары мен орман зиянкестерінің профилактикасы және оларды жою бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 712 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарында аурулар ошақтары мен орман зиянкестерінің профилактикасы және оларды жою бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№712 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарында аурулар ошақтары мен орман зиянкестерінің профилактикасы және оларды жою бойынша іс-қимыл туралы КЕЛІСІМІ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      1998 жылғы 11 қыркүйектегі Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2008 жылғы 10 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңы ынтымақтастығы туралы конвенцияға негізделе отырып,

      2013 жылғы 31 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімнің ережелерін дамыта отырып,

      орман аурулары мен зиянкестерінің ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралас аумақтарына таралуын болдырмау жөніндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындай отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай мағыналар бар негізгі терминдер пайдаланылады:

      зиян организмдердің ормандағы түрлері - саны артқан немесе белгілі бір деңгейде дамуы мен таралуы кезінде орманға және орман өнімдеріне экологиялық және экономикалық залал келтіре алатын тірі организмдер түрлері (өсімдіктердің инфекциялық ауруларын қоздырғыштар мен зиянкестер);

      орман патологиясының мониторингі - экологиялық мониторингтің кіші жүйесі, орман патологиясының және ормандардың санитариялық жай-күйі туралы ақпаратты жинау, талдау және пайдалану, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының дамуы және таралуы, орманның басқа да қолайсыз табиғи және антропогендік факторлардан бүлінуі (зақымдануы). Орман патологиясы жағдайын болжау және орманды қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді қабылдау мақсатында жүргізіледі;

      уәкілетті органдар — Тараптар осы Келісімді іске асыру үшін шешімдер қабылдау және қажетті іс-шараларды іске асыру бойынша өкілеттіліктер берген осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдары және/немесе ұйымдары.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаты осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарындағы орман аурулары ошақтары мен зиянкестерінің профилактикасы және оларды жою, орман патологиясы мониторингін және осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарындағы қорғаныш деңгейін дамыту бойынша, олардың орманның жойылуына әсерін және экономикалық залалды барынша азайту үшін өзара бірлескен шаралар әзірлеу бойынша ынтымақтастық болып табылады.

3-бап

      Тараптар өздерінің уәкілетті органдарының тізбесін айқындайды, ал осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарлама тапсыру кезінде депозитарийге беріледі. Уәкілетті органдар тізбесінің өзгергені туралы Тараптардың әрқайсысы осындай шешім қабылданған күннен бастап 30 күн ішінде депозитарийге хабарлайды, ол осы туралы басқа Тараптарды хабардар етеді.

4-бап

      Тараптар осы Келісімге сәйкес өздерінің уәкілетті органдары арқылы осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің заңнамасы мен халықаралық шарттарын сақтаған кезде, өзара келісілген шешімдер мен іс-шараларды әзірлеу үшін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарындағы орман аурулары ошақтары мен зиянкестері профилактикасы және оларды жою мәселелері бойынша пікірлер мен ақпарат алмасу, консультациялар өткізу жолымен іске асырады

5-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары ынтымақтастықты:

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аудандарында орман патологиясы мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат алмасу және консультациялар жүргізу;

      зиянды организмдермен күрес бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат алмасу;

      осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аудандарында орман патологиясы мониторингі саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;

      ормандарды қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу саласында өзара ғылыми және техникалық көмек көрсету;

      орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі оқу курстары мен семинарларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.

6-бап

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аумақтарында орман аурулары ошақтары мен зиянкестерінің профилактикасы және оларды жою саласында осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері бойынша өзара іс-қимылды үйлестіруші Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңес болып табылады.

7-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін Тараптар Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы үкіметаралық кеңесі бекітетін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің шекара маңы аудандарында таралған зиянды организмдердің (инвазивтік және карантиндік) орман түрлерінің жалпы тізбесін (тізбелерін) қалыптастырады.

8-бап

      Осы Келісімді іске асыру бойынша ынтымақтастықты қаржылай қамтамасыз ету ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетінде мүдделі министрліктерге және ведомстволарға олардың функцияларын қамтамасыз етуге көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

9-бап

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан өзі үшін туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

10-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар тиісті хаттамамен ресімделеді

11-бап

      Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері жолымен немесе Тараптар келіскен басқа да рәсім арқылы шешіледі.

12-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

13-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен ТМД-ға қатысушы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.

      Қосылатын мемлекет үшін Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

14-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы Келісімнің қолданылуы кезінде туындаған міндеттемелерді реттей отырып, одан шыққанға дейін 6 айдан кешіктірмей өзінің осындай ниеті туралы депозитарийге жазбаша хабарламаны жібере отырып, осы Келісімнен шығуға құқылы.

15-бап

      ___________ жылғы _____________________________ қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.

      Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін
      Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      Түрікменстан Үкіметі үшін
      Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
      Украина Үкіметі үшін
      Қырғыз Республикасының Үкіметі Үшін
      Молдава Республикасының Үкіметі Үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады