"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 944 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында:

      "Кіріспе" деген 2-тарауда:

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) кәсіпкер – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілері;";

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар" деген 5-тарауда:

      50-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.";

      109-тармақ мынадай мазмұндағы атаумен және 109-1-тармақпен толықтырылсын:

      "Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

      109-1. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады