"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 212 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 247 қаулысы

      2013 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімнің 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 212 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың жергілікті атқарушы органдары шекара маңы аймағын табиғи өрттерден бірлесіп қорғау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті (құзыретті) органдар болып айқындалсын.

      1-2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін хабардар етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады