Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 286 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады