"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің;
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Васильевич Склярдың;
2) "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Васильевич Склярдың сайлануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |