2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 438 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 795 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 795 қаулысымен.

      "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Мемлекеттік комиссия Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Мемлекеттік комиссия Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспардың жобасын әзірлесін және 2019 жылғы 1 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып айқындалсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы25 маусымдағы
№ 438 қаулысына
қосымша

2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, хатшы

      комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      "Nur Оtan" партиясының хатшысы (келісу бойынша)

      Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – мәдениеттанушы, қоғам қайраткері (келісу бойынша)

      Сейсенбаев Роллан Шәкенұлы – абайтанушы, жазушы, драматург (келісу бойынша)

      Сүлейменов Олжас Омарұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, ақын, қоғам қайраткері (келісу бойынша)

      "Қазақстан Жазушылар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (келісу бойынша)

      "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады