СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатқа баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 728 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатқа баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 1 қазандағы
№ 728 қаулысымен
бекітілген

СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатқа баға белгілеу қаулылары (әдістемесі) Жалпы ережелер

      1. Осы СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатқа баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) СЭҚ ТН 7208, 7209, 7210, 7225 кодтары бойынша суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты сатып алу-сату бойынша экспорттық мәмілелерді жасау кезінде мәмілелер (өткізу) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар осы Қағидаларда көрсетілген шарттарда суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты жеткізуге қолданылады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынандай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бағалар диапазоны – "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен нарықтық бағаларды айқындау әдістерінің немесе ақпарат көздерінің бірін қолдану нәтижесінде айқындалған нарықтық бағалардың ең төменгі және ең жоғары мәндерімен шектелген нарықтық бағалардың бірқатар мәндері;

      2) дифференциал – мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны Заңға және осы Қағидаларға сәйкес салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;

      3) жеткізу базистері – сатушы мен сатып алушы арасында тауарды жылжыту жөніндегі міндеттерді бөлуді, тиісті құжаттарды ресімдеуді және көлік шығыстарын төлеуді, тауарға меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға өту сәтін, тауардың кездейсоқ зақымдану немесе жоғалу тәуекелін, сондай-ақ жеткізу күнін айқындауды көздейтін сыртқы сауда мәмілесінің шарттары;

      4) мырышталған болат (маркалы мырыш бүркілген) – темірден немесе болаттан жасалған, апталған, гальван немесе басқа бүркілген жалпақ илек;

      5) суықтай илектелген болат – темірден немесе болаттан жасалған, суықтай илектелген (суық күйінде жаншылған), апталмаған, гальван немесе басқа бүркілмеген жалпақ илек;

      6) СЭҚ ТН 7208 коды – ені 600 мм немесе одан артық темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған, ыстықтай илектелген, апталмаған, гальван немесе басқа бүркілмеген жалпақ илек;

      7) СЭҚ ТН 7209 коды – ені 600 мм немесе одан артық, суықтай илектелген темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жалпақ илек (апталмаған, гальван немесе басқа бүркілмеген суық күйінде жаншылған);

      8) СЭҚ ТН 7210 коды – ені 600 мм немесе одан артық, апталған, гальван немесе басқа бүркілген темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жалпақ илек;

      9) СЭҚ ТН 7225 коды – ені 600 мм немесе одан артық қосындылы болаттың басқа түрлерінен жасалған жалпақ илек;

      10) техникалық ерекшелік – келісімшартқа үстеме қосымша, онда жеткізудің негізгі шарттары (тауар, тауардың көлемі, мерзімі, құны, сапасы) келісіледі;

      11) тиісті нарық – суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың нарықтық баға қалыптасатын межелі (жеткізу) нарығы немесе суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың межелі (жеткізу) нарығының базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын нарық;

      12) ыстықтай илектелген болат – темірден немесе болаттан жасалған, ыстықтай илектелген, апталмаған, гальван немесе басқа бүркілмеген жалпақ илек;

      13) CIS FOB Black Sea – суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың бағасын көрсететін, FOB Қара теңіздің негізгі порттарының шарттарымен өткізілетін "Metal Bulletin" журналының ақпарат көзі жариялайтын бағалар;

      14) FOB "Free On Board" (франко борт "Бортта еркін") – Инкотермс 2010-ға (немесе мәміле жасалған сәтте әрекет ететін Инкотермс өзге нұсқасына) сәйкес жеткізу базисі. Егер келісімшартта қолданылатын базиске қатысты өзге ережелер белгіленсе, келісімшартта көзделген ережелер пайдаланылады.

      4. Осы Қағидаларда суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың нарықтық бағасын айқындау үшін ақпарат көзі: "Metal Bulletin" журналы (Ұлыбритания) пайдаланылады.

      Ақпарат көзін қолдануға арналған тиісті нарық

      5. Суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың нарықтық бағасы қалыптасатын межелі (жеткізу) нарығы немесе суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың межелі (жеткізу) нарығының базасында нарықтық баға объективті қалыптасатын және (немесе) айқындалатын нарық суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың (ал олар болмаған кезде – біртекті тауарлардың) тиісті нарығы болып табылады.

      6. Суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты нарықтық баға қалыптасатын межелі (жеткізу) нарыққа жеткізу кезінде ақпарат көзін қолдану үшін тиісті нарық кедендік жүк декларациясында және экспорттаушының тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген жүк алушының деректері негізінде айқындалады.

      7. Суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты санкциялар, мемлекеттік реттеу немесе еркін сауданы шектеудің өзге де шаралары қолданылатын елдерге жеткізуді жүзеге асыру кезінде базасында межелі нарықтағы нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын нарық ақпарат көзінен бағаны айқындау үшін тиісті нарық болып табылады. Межелі нарық кедендік жүк декларациясында және экспорттаушының тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген жүк алушының деректерінің негізінде айқындалады.

      Мәмілеге қатысушылар

      8. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай шарттар бір мезгілде орындалса;

      1) егер суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты жеткізу трейдер (сауда брокері, агент, делдал) арқылы жүзеге асырылса;

      2) егер трейдер (сауда брокері, агенті, делдалы) кейінгі мәмілені трейдердің (сауда брокерінің, агенттің, делдалдың) маржасын ескере отырып, Заңға сәйкес бақыланатын мәмілеге қатысушымен келісілгенге ұқсас шарттарда жасаса, жеткізуші (өндіруші зауыт) және трейдері (сауда брокері, агенті, делдалы) суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты өткізетін тарап Заңға сәйкес бақыланатын мәмілеге қатысушылар болып табылады.

      9. Заңның 5-бабына сәйкес жоғарыда көрсетілген мәмілелердің бар екенін растау үшін трейдер (сауда брокері, агенті, делдалы) уәкілетті органға ұқсас шарттарды растайтын құжаттарды (кейінгі сатып алушымен келісімшарттарды, шоттарды) ұсынады.

      Ақпарат көздерінен алынған бағаларды қолдану

      10. Тауардың межелі (жеткізу) нарығына суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты жеткізуді жүзеге асыру кезінде және ақпарат көзіндегі салыстырмалы баға бақыланбайтын мұндай нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамалық расталған ақпарат бар болса (оларға қатысты санкциялар, мемлекеттік реттеу немесе еркін сауданы шектеудің өзге де шаралары қолданылатын елдерді қоспағанда), бағалар диапазоны ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға қолданылады. Мәміленің бағасы нарықтық бағамен салыстырылатын экономикалық шарттарға дифференциал арқылы келтіріледі.

      11. Ақпарат көзінде өздері үшін салыстырмалы бақыланбайтын бағасы жоқ нарықтарға, сондай-ақ оларға қатысты санкциялар, мемлекеттік реттеу немесе еркін сауданы шектеудің өзге де шаралары қолданылатын нарықтарға суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты жеткізуді жүзеге асыру кезінде межелі нарықтағы нарықтық баға базасында бағалар диапазоны ескеріле отырып, нарықтық баға объективті қалыптасатын және (немесе) айқындалатын нарықтағы ақпарат көзінен алынған бағаларды келтіру жолымен мәміле бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға дифференциал арқылы айқындалады.

      12. Суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың нарықтық бағасын айқындау үшін мәмілеге қатысушылар осы Қағидаларда белгіленген суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болаттың бағасын айқындау тәртібіне сәйкес айқындалған бағаны қолданады.

      13. Дифференциалдың құрамдастары негізді болуға және құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен расталуға тиіс. Мәмілеге қатысушы Заңның 5-бабына сәйкес уәкілетті органға дифференциалдың құрамдастарын растайтын құжаттарды және ақпарат көздерін ұсынады.

      Тиісті нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты бар мәмілелерде FOB Ақтау шартымен сату кезінде суықтай илектелген және ыстықтай илектелген болаттың бағасын айқындау тәртібі

      14. Суықтай илектелген және ыстықтай илектелген болатты FOB Ақтау шарттарында өткізу кезінде Қара теңіздің жағалауындағы порттар тиісті нарықтар болып табылады.

      15. Ақпарат көзінде бағасы бар тиісті нарықтарға тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты бар мәмілелер үшін нарықтық баға Заңның 13-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бағалар диапазоны ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға сияқты айқындалады.

      Нб = Qкөзі

      мұндағы:

      Нб – осы Қағидаларға сәйкес айқындалған ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген болаттың нарықтық бағасы;

      Qкөзі – "Metal Bulletin" журналында жарияланған, техникалық ерекшеліктің (ыстықтай илектелген, суықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне ең төменгі және ең жоғарғы бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалатын 1 (бір) тонна ыстықтай илектелген болаттың "CIS export hot rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы және 1 (бір) тонна суықтай илектелген болаттың "CIS export cold rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы:

      Qкөзі = (Qкөзі min. + Qкөзі max)/2

      мұндағы:

      Qкөзі min. – техникалық ерекшелік (суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең төменгі мәні;

      Qкөзі max. – техникалық ерекшелік (суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең жоғарғы мәні.

      16. Мәміле бағасы мынадай формула бойынша дифференциал арқылы нарықтық бағамен салыстырылатын экономикалық шарттарға келтіріледі:

      Padj = Pс+ D

      мұндағы:

      Padj – нарықтық бағамен салыстырылатын экономикалық шарттарға дифференциал арқылы келтірілген мәміле бағасы;

      Pс – келісімшартта және нақты өткізуге негіз болған тауарға ілеспе құжаттарда айқындалған суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты өткізу бағасы;

      D – Заңға сәйкес нарықтық бағаны мәміле бағасымен салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

      17. Дифференциал нарықтық баға қалыптасатын тауардың межелі (жеткізу) нарығына суықтай илектелген және ыстықтай илектелген болатты жеткізу үшін қажетті құжаттамалық және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстарды қамтиды.

      18. Дифференциалда мыналар қамтылуы мүмкін:

      1) суықтай илектелген және ыстықтай илектелген болатты Ақтау портынан ыстықтай илектелген болат үшін "CIS export hot rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы және суықтай илектелген болат үшін "CIS export cold rolled coil $ / T FOB Black Sea" бағасы айқындалатын орынға дейін жеткізу үшін қажетті шығыстар, оның ішінде:

      кемені жалға алу жөніндегі шығыстар;

      кеменің нормативтен тыс бос тұруы жөніндегі шығыстар;

      жүкті сақтандыру жөніндегі шығыстар;

      порттық алымдар;

      ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;

      жүкті инспекциялауға арналған шығыстар;

      аккредитивті ашу және қызмет көрсету бойынша банктік шығыстар;

      ерте төлем және алдын ала төлем бойынша банктік шығыстар;

      теміржол тасымалы бойынша шығыстар;

      экспедициялау және көлік-экспедиторлық құжаттарды ресімдеу жөніндегі шығыстар;

      экспедитор маржасы;

      экологиялық алымдар.

      2) МемСТ сәйкес болат сортына байланысты ақпарат көзінде көрсетілген нарықтық бағадан сапаға шегерім:

      бірінші сорт – 6%;

      екінші сорт үшін – 10%;

      үшінші сорт – 20%;

      өтімсіз суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болат – 30%.

      19. Дифференциалдың құрамдастары құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен Заңның 18-бабында белгіленген кезектілікпен расталады.

      Тиісті нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты жоқ мәмілелерде FOB Ақтау шартымен сату кезінде суықтай илектелген және ыстықтай илектелген болаттың бағасын айқындау тәртібі

      20. Тиісті нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты жоқ мәмілелер бойынша нарықтық баға Заңның 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағалар диапазоны ескеріле отырып, тиісті нарықтағы ақпарат көзінен алынған бағаны мәміле бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға дифференциал арқылы келтіру жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нб = - D

      мұндағы:

      Нб – осы Қағидаларға сәйкес айқындалған ыстықтай илектелген немесе суықтай илектелген болаттың нарықтық бағасы;

      Qкөзі – "Metal Bulletin" журналында жарияланған, техникалық ерекшеліктің (ыстықтай илектелген, суықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне ең төменгі және ең жоғарғы бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалатын 1 (бір) тонна ыстықтай илектелген болаттың "CIS export hot rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы және 1 (бір) тонна суықтай илектелген болаттың "CIS export cold rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы:

      Qкөзі = (Qкөзі min. + Qкөзі max)/2

      мұндағы:

      Qкөзі min. – техникалық ерекшелік (суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең төменгі мәні;

      Qкөзі max. – техникалық ерекшелік (суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең жоғарғы мәні.

      D – Заңға сәйкес нарықтық бағаны мәміле бағасымен салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

      21. Дифференциал нарықтық баға қалыптасатын тауардың межелі (жеткізу) нарығына немесе базасында тауардың межелі (жеткізу) нарығында базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын нарыққа суықтай илектелген және ыстықтай илектелген болатты жеткізу үшін қажетті, құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстарды қамтиды. Дифференциал МемСТ сәйкес болат сортына байланысты ақпарат көзінде көрсетілген нарықтық бағадан сапаға шегерімді қамтиды:

      бірінші сорт – 6%;

      екінші сорт – 10%;

      үшінші сорт – 20%;

      өтімсіз суық илектелген, ыстық илектелген болат – 30%.

      22. Дифференциалды құрамдастар құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен Заңның 18-бабында белгіленген кезектілікпен расталады.

      Тиісті нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты бар мәмілелерде FOB Ақтау шартымен жеткізу кезінде мырышталған болаттың бағасын айқындау тәртібі

      23. Мырышталған болатты FOB Ақтау шартымен сату кезінде Қара теңіздің жағалауындағы порттар тиісті нарықтар болып табылады. Егер ақпарат көздері тиісті нарықта мырышталған болатқа баға белгілеуді жарияламаса, ақпарат көзінің бағасы сапа сыйақысын есепке ала отырып, ыстықтай илектелген болаттың құнына байланысты анықталады.

      24. Ақпарат көзінде бағасы бар тиісті нарықтарға тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты бар мәмілелер үшін нарықтық баға Заңның 13-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бағалар диапазоны ескеріле отырып, ақпарат көзінен алынған баға сияқты айқындалады.

      Нб = Qкөзі + PR

      мұндағы:

      Нб – осы Қағидаларға сәйкес айқындалған ыстықтай мырышталған болаттың нарықтық бағасы;

      Qкөзі – "Metal Bulletin" журналында жарияланған, техникалық ерекшеліктің (ыстықтай илектелген сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне ең төменгі және ең жоғары бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалатын 1 (бір) тонна "CIS export cold rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы:

      Qкөзі = (Qкөзі min. + Qкөзі max.)/2

      мұндағы:

      Qкөзі min. – техникалық ерекшелік (мырышталған болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең төменгі мәні;

      Qкөзі max. – техникалық ерекшелік (суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең жоғарғы мәні.

      PR – 1 (бір) тонна үшін 100 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы.

      Мәміле бағасы мынадай формула бойынша дифференциал арқылы нарықтық бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға келтіріледі:

      Padj = Pc + D

      мұндағы:

      Padj – нарықтық бағамен салыстырылатын экономикалық шарттарға дифференциал арқылы келтірілген мәміле бағасы;

      Pс – келісімшартта және нақты өткізуге негіз болған тауарға ілеспе құжаттарда айқындалған мырышталған болатты өткізу бағасы;

      D – Заңға сәйкес нарықтық бағаны мәміле бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

      25. Дифференциал нарықтық баға қалыптасатын тауардың межелі (жеткізу) нарығына мырышталған болатты жеткізу үшін қажетті құжаттамалық және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстарды қамтиды.

      26. Дифференциалда мыналар қамтылуы мүмкін:

      1) мырышталған болатты Ақтау портынан ыстықтай илектелген болат үшін "CIS export hot rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы айқындалатын орынға дейін жеткізу үшін қажетті шығыстар, оның ішінде:

      кемені жалға алу жөніндегі шығыстар;

      кеменің нормативтен тыс бос тұруы жөніндегі шығыстар;

      жүкті сақтандыру жөніндегі шығыстар;

      порттық алымдар;

      ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;

      жүкті инспекциялауға арналған шығыстар;

      аккредитивті ашу және қызмет көрсету бойынша банктік шығыстар;

      ерте төлем және алдын ала төлем бойынша банктік шығыстар;

      теміржол тасымалы бойынша шығыстар;

      экспедициялау және көлік-экспедиторлық құжаттарды ресімдеу жөніндегі шығыстар;

      экспедитор маржасы;

      экологиялық алымдар.

      27. МемСТ сәйкес болат сортына байланысты ақпарат көзінде көрсетілген нарықтық бағадан сапаға шегерім:

      бірінші сорт – 6%;

      екінші сорт – 10%;

      үшінші сорт – 20%;

      өтімсіз мырышталған болат – 30%.

      28. Дифференциалдың құрамдастары құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен Заңның 18-бабында белгіленген кезектілікпен расталады.

      Тиісті нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты жоқ мәмілелерде FOB Ақтау шартымен жеткізу кезінде мырышталған болаттың бағасын айқындау тәртібі

      29. Тиісті нарыққа тасымалдау маршруты туралы құжаттамамен расталған ақпараты жоқ мәмілелер бойынша нарықтық баға Заңның 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағалар диапазоны ескеріле отырып, тиісті нарықтағы ақпарат көзінен алынған бағаны мәміле бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға дифференциал арқылы келтіру жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нб = Qкөзі + PR ̶ D

      мұндағы:

      Нб – осы Қағидаларға сәйкес айқындалған мырышталған болаттың нарықтық бағасы;

      Qкөзі – "Metal Bulletin" журналында жарияланған, техникалық ерекшеліктің (ыстықтай илектелген сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне ең төменгі және ең жоғары бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде мынадай формула бойынша айқындалатын 1 (бір) тонна "CIS export cold rolled coil $/t FOB Black Sea" бағасы:

      Qкөзі = (Qкөзі min. + Qкөзі max.)/2

      мұндағы:

      Qкөзі min. – техникалық ерекшелік (мырышталған болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең төменгі мәні;

      Qкөзі max. – техникалық ерекшелік (суықтай илектелген, ыстықтай илектелген болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне "Metal Bulletin" журналында жарияланған бағаның ең жоғарғы мәні.

      PR - 1 (бір) тонна үшін 100 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы.

      D – Заңға сәйкес нарықтық бағаны мәміле бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын дифференциал.

      30. Дифференциал нарықтық баға қалыптасатын тауардың межелі (жеткізу) нарығына немесе базасында тауардың межелі (жеткізу) нарығына нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын нарыққа мырышталған болатты жеткізу үшін қажетті құжаттамалық және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстарды қамтиды.

      31. Дифференциал МемСТ сәйкес болат сортына байланысты ақпарат көзінде көрсетілген нарықтық бағадан сапаға шегерімді қамтиды:

      бірінші сорт – 6%;

      екінші сорт – 10%;

      үшінші сорт – 20%;

      өтімсіз мырышталған болат – 30%.

      32. Дифференциалдың құрамдастары құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен Заңның 18-бабында белгіленген кезектілікпен расталады.

      Апта сайынғы баға белгілеуді қолдану

      33. Егер ақпарат көздерінде күн сайынғы (daily) бағалар жарияланбаса және ақпарат тек апта сайынғы (weekly) баға ақпараты ғана қолжетімді болса, осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшін мәміленің (өткізудің) нақты бағасы ақпарат көзінен алынған бағамен бір апта ішіндегі мәміленің орташа бағасын есептеу жолымен мынадай формула бойынша салыстырмалы шарттарға келтіріледі:

      PW = болаттың өткізілген түрінен түскен түсім / көлемі,

      мұнда:

      PW – бір аптадағы мәміленің орташа бағасы.

      Өткізілген болат түрінен түскен түсім – бір апта ішінде (дүйсенбіден жексенбіге дейін) жасалған мәмілелер бойынша шот-фактураларға сәйкес өткізілген болат түрінен түскен нақты түсім, ол техникалық ерекшелік (болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне сүйене отырып анықталады.

      Көлем – бір апта ішінде (дүйсенбіден жексенбіге дейін) жасалған мәмілелер бойынша шот-фактураларға сәйкес өткізілген болат түрінің нақты көлемі, ол техникалық ерекшеліктің (болатты сатып алу-сатуға арналған келісімшартқа үстеме қосымша) күніне сүйене отырып анықталады.

      34. Аптаның реттік нөмірін анықтау үшін тиісті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында келетін апта әрбір күнтізбелік жылдың бірінші аптасы болып есептеледі.

      Дифференциалдың құрамдастарын пайдалану тәртібі

      35. Мәміле бағасын ақпарат көзінен алынған бағамен салыстырылатын экономикалық шарттарға немесе ақпарат көзінен алынған бағаны мәміле бағасымен салыстырылатын экономикалық шарттарға келтіру үшін дифференциал ескеріледі.

      36. Дифференциалға тиісті нарыққа суықтай илектелген, ыстықтай илектелген және мырышталған болатты жеткізу және экономикалық жағдайлардың салыстырмалы болуын қамтамасыз ету үшін қажетті, құжаттамамен және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстар енгізіледі.

      37. Бастапқы құжаттармен расталатын дифференциал құрамдастарының мөлшері толық көлемде ескеріледі. Өзге жағдайларда дифференциал құрамдастарының мөлшері Заңның 18-бабында көзделген ақпарат көздеріне сәйкес қабылданады.

      Дифференциалдың құрамдастарын анықтау және дифференциалды растайтын құжаттар (ақпарат)

      38. Теңіз арқылы тасымалдау (жалдау) құны жалдау шарттарымен (charterparty, time-charter) немесе кемені жалдау шарттарынан үзінділермен, ақы төлеуге арналған шоттармен (invoice) және сатып алушының жалдау құнының 1 (бір) тоннаға арналған есеп-қисабымен немесе ақпарат көздерінің деректерімен расталады.

      39. Кемені жалдау құны кеме жалға алынған күні анықталады. Кемені жалдау бойынша бастапқы құжаттар болмаған жағдайда, жалдау құны ақпарат көздерінің деректері бойынша теңіз коносаменті күніне дейін 10 – 25 күн бұрынғы орташа мән ретінде айқындалады.

      40. Кеменің нормативтен тыс, бос тұруы бойынша шығыстар құны таймшитпен (timesheet) және инвойстармен (инвойс) расталады.

      41. Теңізбен, теміржолмен немесе өзге көлікпен тасымалдау кезінде жүкті сақтандыру құны шарттармен, немесе сақтандыру полистерімен, немесе ақы төлеуге арналған шоттармен (инвойс), сатып алушының сақтандыру құнын есептеуімен немесе ақпарат көздерімен расталады.

      42. Порттағы алымның құны қызметтер көрсетуге арналған шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс) немесе ақпарат көздерімен расталады.

      43. Порттардағы ауыстырып тиеу бойынша шығыстардың құны шарттармен, инвойстармен (инвойс) немесе ақпарат көздерімен расталады.

      44. Жүктің сапасы мен санын анықтау бойынша жүкті инспекциялаудың құны инспекторлық қызметтер көрсетуге арналған шарттармен, төлем шоттарымен (invoice), сатып алушының инспекция құнын есептеуімен, тәуелсіз инспекторлық компаниялардың есептерімен немесе ақпарат көздерімен расталады.

      45. Қайтарып алынбайтын аккредитив ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстарының құны мынадай құжаттармен расталады:

      1) банктік аккредитив талаптары айтылатын тауарды сатып алу-сату келісімшарттары;

      2) жеткізушінің (өндіруші зауыттың) пайдасына аккредитив ашу және аккредитивті ашуға арналған банктік шығыстар туралы банктің растауы;

      3) кеменің атауын, тауардың тиеп жөнелтілген күнін, тоннадағы көлемдерді, банктің пайыздық мөлшерлемесін, аккредитив сомасын және бір тонна үшін банк шығыстарының сомасын көрсете отырып, әрбір жеке жеткізу бойынша сатып алушының белгісі мен қолы қойылған мағынасын ашумен.

      46. Банктік шығыстар сатып алу-сату шарттарының талаптарымен және тиісті кезеңде тауарға төленгенін растайтын банктік үзінділермен расталады. Бұл ретте, мұндай шығыстар салыстырмалы экономикалық шарттардағы (қарыз алушының кредиттік рейтингін, қарыз кезеңін, көлемін, мерзімін, елдік және салалық тәуекелдерді ескере отырып) салыстырмалы мәмілелер бойынша ресми ақпарат көздерінен алынған деректер негізінде айқындалған нарықтық бағадан аспауы тиіс.

      47. Теміржол тасымалының құны келісімшарттармен, төлем шоттарымен (инвойс) немесе ақпарат көздерінің деректерімен немесе ұлттық тасымалдаушылардың ("Қазақстан темір жолы" АҚ, т.б.) деректерімен немесе Rail-Tariff ақпараттық бағдарламасының деректерімен расталады.

      48. Теміржол тасымалының құнын айқындау кезінде экспедитордың маржасы ескеріледі. Экспедитордың маржасы келісімшарттармен, инвойстармен (invoice) немесе ақпарат көздерімен расталады.

      49. Экологиялық алымдар.

      50. Ақтаудан Қара теңіздің тиісті порттарына дейінгі маршруттардағы көліктік және ілеспе шығыстар мынадай құжаттармен (ақпаратпен):

      1) теміржол тасымалы: вагондарды жалға алу және бос құрамды қайтару, диспетчерлендіру, Ақтау портындағы порттық алымдар, Ақтау портында көліктік-экспедиторлық ресімдеу және басқа да ілеспе шығыстар – шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс) немесе ақпарат көздерімен;

      2) Каспий теңізінде кемені жалдау ақысы – жалдау / чартер шарттарымен, төлем шоттарымен (инвойс) немесе ақпарат көздерімен;

      3) Ақтау портындағы порттық алым – келісімшарттармен, төлем шоттарымен (инвойс) немесе ақпарат көздерімен;

      4) инспекция – шарттармен, төлем шоттарымен (инвойс), жүргізілген инспекцияның есептерімен немесе ақпарат көздерімен;

      5) жүкті сақтандыру – шарттармен немесе сақтандыру полистерімен, төлем шоттарымен (инвойс), тасымалдаушының/экспедитордың сақтандыру құнының есептерімен немесе ақпарат көздерімен;

      6) тасымалдаушының / экспедитордың сыйақысы (маржасы) – тасымалдау келісімшарттарымен немесе төлем шоттарымен (инвойс) немесе ақпарат көздерімен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады