Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.05.2023 № 386 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен:
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні сайлау;
көрсетілген құрамнан Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловты шығару ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |