Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін директорлар кеңесінің төрағасы етіп;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарын директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.".
2. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 776 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |