Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 575 қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай:
1) оралмандарды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасы 1 378 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған өңірлік квотасы 4 750 адам болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 тамызға және 2021 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |