"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 980 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
     

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар, № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, № 8, 45-құжат):

      1) 36-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 37-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-11) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;".

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,
№ 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 53-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басшысы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін көзделген қаражат мөлшері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде тиісті және кейінгі жылдарда сақталады.";

      2) 54-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Басшысы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін көзделген қаражат мөлшері облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде тиісті және келесі жылдарда сақталады.";

      3) 55-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Басшысы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін көзделген қаражат мөлшерлері республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінде тиісті және келесі жылдарда сақталады.";

      4) 56-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Басшысы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлерінің санын қысқартқан кезде штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін көзделген қаражат мөлшерлері аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде тиісті және келесі жылдарда сақталады.";

      5) 126-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік орган стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын жасайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей бірінші басшының қолтаңбасымен веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

      Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жасау және табыс ету тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.".

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22,
116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 690-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда), 172 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын қоспағанда), 300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 301-1 (жылу желілерін қоспағанда), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу желілерін қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттағы қазандықтарды және жылу энергиясын қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      2) 729-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші бөлігінде көзделген электр энергиясын қоспағанда), 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-1 (жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 338, 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 406 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарда жасалған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын қоспағанда, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III,
149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 2 (2777), 6-құжат):

      1) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 16-баптың 1-тармағы 18) тармақшадағы "қағидаларын бекітеді." деген сөздер "қағидаларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді.".

      5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      64-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу тәртібін, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.".

      6. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, № 72, 75- құжаттар; 2014 ж., № 6, 28-құжат, 2019 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Аурулардың Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға себептік байланысын анықтау тәртібі

      Ядролық сынақтарға себептік байланысы бар деп танылуы мүмкiн аурулар тiзбесін және осы байланысты анықтау тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      7. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 17-18, 220-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; 2000 ж., № 20, 380-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат, 2019 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Осы Заңға сәйкес ақталған адамдарға ақталу туралы анықтамасын немесе сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесiн ұсынуы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бiрыңғай үлгiдегi куәлiк берiледi.";

      2) 24-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда аталған жеңiлдiктердi алу үшiн халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген бiрыңғай үлгiдегi куәлiк негiз болып табылады.";

      3) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерді беру халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.".

      8. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж.,
№ 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24,148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3,
21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017 ж., № 9, 17, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат, 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      24-1-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізудің тәртібі мен талаптарын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тексеріп қарау кезінде, техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.".

      9. "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар;
1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат, ; 2019 ж., № 2,
6-құжат, № 7 (2782), 37-құжат):

      4-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаруашылық серiктестiгінiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мазмұнын айқындайтын үлгiлік жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.".

      10. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат;
2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128,
129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат, № 9-10, 52-құжат, № 7, 39-құжат):

      1) 75-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға бөлек қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi.";

      2) 80-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шартын, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілеттi орган бекiтедi.";

      3) 101-2-бапта:

      4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қорғаныс саласындағы уәкілетті орган бекітеді;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің тізбесін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қорғаныс саласындағы уәкілетті орган бекітеді.".

      11. "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат;
№ 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы - экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;";

      2) 24-1-баптың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;

      3) 25-бапта:

      5-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық терминология және ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етеді;

      6) облыстық ономастика комиссияларының және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қызметiн үйлестiредi;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені әзірлейді және бекітеді;";

      4) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-1-бап. Ономастика комиссияларының құзыреті

      Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші органдар болып табылатын республикалық ономастика комиссиясы құрылады, жергілікті атқарушы органдардың жанынан облыстық ономастика комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.

      2. Республикалық ономастика комиссияның құзыретіне:

      1) ономастика мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

      2) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру;

      3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға адамдардың есімдерін беру жөнінде қорытындылар беру;

      4) қаладағы аудандарға, облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөлiктерiне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру;

      5) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындыларын келісу жатады.

      3. Облыстық ономастика комиссияларының құзыретіне:

      1) ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру;

      2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру жатады.

      4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының құзыретіне Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, құрамдас бөлiктерiне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде қорытындылар беру жатады.

      5. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі шешімді тиісті ономастика комиссияларының оң қорытындысы болған кезде ғана қабылдайды.";

      5) 25-2 баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ереже негізінде облыстық ономастика комиссиясының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастика комиссияларының қызметiн қамтамасыз етедi;".

      12. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7 (2782), 37-құжат):

      17-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.".

      13. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III,
111-құжат; № 23-V, 113-құжат, 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 7-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.".

      14. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 105-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 31-құжат):

      6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін айқындайды;".

      15. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781); 27-құжат):

      1) 8-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кадастрды әзірлеу, басып шығару және жүргізу тәртібін қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті рұқсат алғаннан кейін қаруды беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қаруды иеленуге құқығы бар. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар жұмыскерлерінің пайдалануына арналған қарудың түрлерін, үлгілерін, модельдерін және санын қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.".

      16. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат, 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 7-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық бақылау комиссиялары қоғамдық бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде айқындалған тәртіппен құрылады.".

      17. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 19-І, 101-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж.,
№ 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 3-1-баптың 5-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 4-баптың 2-тармағының 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді және белгілейді;".

      18. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16,
74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат;
№ 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат, № 24; 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 37-құжат):

      1) 4-2-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 4-3-бапта:

      11) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;".

      19. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; № 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат;
2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат, № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жеке күзет ұйымдарының қаруды және арнаулы құралдарды пайдалануы";

      2) 18-баптың тақырыбы және 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Жеке күзет ұйымдарын қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары

      1. Жеке күзет ұйымдары өздерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қаруландыруға құқылы.

      2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн жеке күзет қызметi ұйымдарының өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қару мен электрлi қаруды, арнаулы құралдарды сатып алуға құқығы бар. Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды құбыр тораптары, мұнай өңдеу өндірісі және атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, жеке күзет ұйымдарына қызметтік ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қаруды сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.".

      20. "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2011 ж., № 21, 173-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi білім беру саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.";

      2) 22-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.".

      21. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62- құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 37- құжат):

      1) 10-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 20-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-7) туризм жөніндегі кеңестің құрамын және ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді.".

      22. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат;
№ 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 ж., № 8; 45-құжат):

      20-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;".

      23. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 ж, № 16, 56-құжат):

      25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң саны, лауазымдық жағдайы, жергiлiктi мән-жай және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекiтетiн нормативтер ескерiле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.".

      24. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат, № 7-II, 56-құжат, 2018 ж., № 19, 62- құжат; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781), 27-құжат):

      1) 6-бапта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзудi тiркеу, есепке алу және оларға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беруді жүзеге асыру;".

      25. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы.".

      26. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      1) 4-баптың 4-2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;".

      27. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ,
96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      14-бапта:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;".

      28. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 ж., № 7, (2782), 37-құжат):

      1) 7-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;";

      2) 12-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, пошта және басқа да тәсiлдермен сату арқылы сауда орындарынан тыс бөлшек сауда уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен реттеледi.";

      3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар ішкі сауда қағидаларында белгіленеді.".

      29. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж.,
№ 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018ж., №10, 32-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 36-құжат):

      1) 13-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына көрсетілген мекемелерде оларды бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.";

      2) 14-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      3) 26-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.";

      4) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.".

      30. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 39-құжат):

      1) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, оның ішінде шетелдік органдар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттеуге жатады.";

      2) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың жобасын жасайды және бекiтеді. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар бекiтiлген күнінен бастап бiр ай iшiнде жариялануға жатады.";

      3) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.";

      4) 40-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өнiм өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөнiндегi комиссияларға белгiленген тәртiппен қатысуға;".

      31. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781), 27-құжат):

      22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың сақталуын ұйымдастырады;".

      32. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 11-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті орган айқындаған экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.";

      2) 17-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.".

      33. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2019 ж.,
№ 2 (2777), 6-құжат):

      1) 20-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2) 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".

      34. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 7-баптың 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші бөліктері алып тасталсын;

      2) 8-баптың бірінші бөлігінде:

      6) тармақша мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін;";

      6-1) тармақтың он екінші абзацындағы "қағидаларын әзірлеу және бекіту;" деген сөздер "қағидаларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші және он төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      14-1), 16-2) және 16-4) тармақшалар алып тасталсын;

      3) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшiн гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындайтын биоалуандылықты сақтауға
және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiне енгiзiледi.".

      35. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат, 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      1) 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аккредиттеу – уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша куәлiкпен расталған бухгалтерлердің кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;";

      3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi – сертификаттау жөнiндегi ұйым) – кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

      4) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi – кәсiби ұйым) – бухгалтерлердің және (немесе) бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын, уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;";

      2) 19-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жария мүдделі ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi тапсыруға мiндеттi.";

      3) 20-бапта:

      1-1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) депозитарийге қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртiбiн әзірлейді
және бекітеді;".

      36. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781), 27-құжат):

      1) 5-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын
(тізімін) бекітеді;".

      3) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және қайта өңделуіне шектеулер енгізілетін мемлекеттердің тізбесін айқындайды. Уәкілетті орган жыл сайын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (өтініш берушілердің) назарына жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкциялар туралы ақпарат жариялайды.".

      37. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 137-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат;
2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 5-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "3-1) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

      3-2) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;".

      38. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, № 19, 62-құжат):

      1) 5-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру;";

      3) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық регламентте айқындалған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) өндіру объектісінің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін есептік нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.".

      39. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат, № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат, № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019ж., № 7 (2782), 36-құжат):

      1) 4-баптың 10) және 22-1) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-8) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-8) халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;";

      "24-2) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және кепілдік мөлшерін анықтау тәртібін айқындайды;";

      3) 47-баптың 17-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.".

      40. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 37-құжат):

      4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға;".

      41. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысандарына және олардың жасалған не жасала алатын немесе жасалуы мүмкін болған сомасына қарамастан, қаржылық мониторингке жатады.

      Уәкілетті орган күдікті операцияны айқындау белгілерін бекітеді.";

      2) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қаржы мониторинг субъектiлерi қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржылық мониторинг субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржылық мониторингке жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларда айқындалады.";

      3) 11-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.";

      4) 16-баптың 13-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-4) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;";

      5) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті органның сұратуы бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беруге;".

      42. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж. № 16, 56-құжат; 2018 ж.,
№ 16, 56-құжат):

      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.";

      2) 11-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіктеріне талдау жасалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;".

      43. "Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16,
56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      107-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарап тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптар қойылады.".

      44. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат; № 21-ІІІ,
135-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781), 27-құжат):

      1) 3-баптың 4), 9), 10), 11) және 14) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 4-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-3) базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      5-4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің базалық қаржыландыру нормасын әзірлеу және бекіту;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      3) 25-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және бекітеді.".

      45. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30,
32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат;
№ 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар;
№ 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9,
22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; 2019 жылғы 5 шілдедегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 11-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерге қатысты, акционерлік қоғамның акцияларын төлеу не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;";

      2) 14-бапта:

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына республикалық мемлекеттік мүлікті беру туралы шешімді тиісті уәкілетті органмен келісу бойынша қабылдайды;";

      3) 15-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін және акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті беру туралы шешімді келіседі;";

      4) 114-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды.".

      46. "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781), 27-құжат):

      1) 8-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) және 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;";

      "27-1) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда, оларды жыл сайынғы профилактикалық қарап-тексерумен, медициналық және санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 34-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жыл сайынғы профилактикалық қарап-тексерумен, медициналық және санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.".

      47. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; 2019 ж., № 1 (2276), 4-құжат):

      1) 1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) мемлекеттік радиожиілік қызметі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;";

      2) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуді мемлекеттік радиожиілік қызметін тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      3) 42-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.".

      48. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16,
83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 47-құжат):

      50-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауырған, сондай-ақ жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан да көп еңбек сіңірген жылдары барларға – санаториялық-курорттық емдеу беріледі.".

      49. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті атқарушы органдар шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады.";

      2) 51-баптың 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізуді бақылау өз табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органға жүктеледі, ол өз қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асырады.";

      3) 60-бапта:

      тақырыбы мен бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-бап. Көлік саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Көлік саласындағы уәкілетті орган:";

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) 62-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жол (ақпараттық) белгілерін орнатады;".

      50. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103,
104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6 (2780-2781), 27-құжат):

      1 ) 11-баптың 15), 52) және 59) тармақшалары алып тасталсын;

      2) 12-баптың 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) уәкілетті органның шұғыл резервінің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 70-38) және 70-39) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-38) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      "70-39) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерін медициналық
және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарында құтқарушылар міндетін атқаруға он сегіз жасқа толған, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан
өткен және аттестатталған азаматтар жіберіледі.";

      4) 76-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен декларацияланатын өнеркәсіптік қауіпсіздікті объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады.";

      5) 101-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы төлеу үшін өтіл уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.".

      51. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 9-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 10-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 23-баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тракторларды және басқа да өздігінен жүретін машиналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде мұндай тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін алып қоя отырып, сондай-ақ тізбесін уәкілетті орган бекітетін ақаулар және жағдайлар болған кезде пайдалануға тыйым салуға, ал тиісті техникалық пайдалану қағидаларында көзделген ақаулықтар болған кезде троллейбустар мен трамвайларды пайдалануға тыйым салуға; тораптарының және агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырын, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға;";

      "6) жедел медициналық көмекке мұқтаж жеке тұлғаларды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда, шет мемлекеттердің дипломатиялық, консулдық және өзге де өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға тиесілі көлік құралдарынан және арнайы мақсаттағы көлік құралдарынан өзге, жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның белгілеген тәртіппен шығындарды өтей отырып пайдалануына;";

      4) 51-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін, тізбесін жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін техникалық ақаулар мен жағдайлар болған;".

      52. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1) 10-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 11-бапта:

      24) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 25) тармақша отыз екінші абзацпен толықтырылсын:

      "азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистикалық талаптары мен әдістерін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары;".

      53. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат;
№ 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 36-құжат):

      1) 6-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 7-бапта:

      56) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын;

      "65-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдарын бекітеді;".

      54. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      1) 6-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "52-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын, "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторын, операторды айқындайды;".

      55. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат):

      1) 8-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанның негізінде ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады