"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1012 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-1, 18-11, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-1, 101-құжат; № 19-11, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-1, 124, 125-құжаттар; № 21-11, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-1, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-1, 166, 169-құжаттар; № 23-11, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-1, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-1, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-111, 109-құжат; № 23-111, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 қарашадағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 721-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "721-бап. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган

      1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 274, 475-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы және оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.";

      2) 804-баптың бірінші бөлігінің 60) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 681-баптар);".

      2. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-1, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-11, 172-құжат; 2016 ж., № 8-1, 65-құжат; № 8-11, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 7-бапта:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарды, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше корғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;";

      2) 18-бапта:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтік камсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.".

      3. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-1V, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-1, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат, 2018 ж., № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат):

      15-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет және мемлекеттік керсетілген қызметтер сапасының сақталуына бақылау жасау салаларындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;".

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-1, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "А" корпусы - мемлекеттік қызметке іріктеудің, оны өткерудің және тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқару деңгейіндегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, діни бірлестіктердің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.";

      3) 5-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 10-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде бейтарап және саяси партиялардың, діни бірлестіктердің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ олардың органдарының қызметінен тәуелсіз болуға;";

      5) 11-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік бағдарламалардың және өзге де жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау;";

      6) 15-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өоткізілмей, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша:

      1) өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер;

      2) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және тоқтатқан халықаралық қызметшілер, судьялар;

      3) уәкілетті комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыстағы лауазымдар тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өкілеттіктерін теріс себептермен токтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер;

      4) уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар;

      5) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шет елде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар;

      6) уәкілетті комиссия айқындайтын, республикалық маңызы бар квазимемлекеттік секторының ірі субъектілерінде бірінші басшы немесе бірінші басшының лауазымынан кейінгі лауазымды кемінде екі жыл атқарып отырған немесе атқарған тұлғалар;

      7) Президенттің жастар кадрлық резервіне алынған адамдар орналаса алады.

      Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу арқылы конкурс өткізілмей орналаса алады.";

      3-1-тармақ алып тасталсын.

      7) 16-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;";

      8) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакциясында жазылсын:

      "2. Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша біліктілік талаптары белгіленуі мүмкін.";

      9) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Мемлекеттік әкімшілік лауазымда көзделген міндеттерді уакытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.";

      10) 22-бап алып тасталсын;

      11) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

      Азаматтарды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауды және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатуды осы мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) не оған уәкілеттік берілген лауазымды адам уәкілетті комиссияның келісу бойынша конкурс өткізбей жүзеге асырады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті азаматтарды тағайындау уәкілетті комиссияның келісімінсіз жүзеге асырылатын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындайды және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарынан босатады.";

      12) 25-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы болып қайта құрылған мемлекеттік лауазымға орналасу, ол қайта құрылған күннен бастап үш ай ішінде осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік лауазымы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы болып қайта құрылған мемлекеттік қызметші, осы баптың 1-тармағына сәйкес жұмысын мемлекеттік лауазымға орналасқанға дейін жалғастыруға құқылы.";

      13) 27-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден:

      1) жалпы конкурстан;

      2) ішкі конкурстан тұрады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткен жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындалғаннан кейін бір жыл өткеннен кейін ішкі конкурсқа қатысуға жіберіледі.";

      14) 28-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      15) 29-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төменгі лауазымды қоспағанда, "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, онда оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге де адамдар да қатысуға құқылы.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

      2. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде осы Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс өткізіледі.";

      2-1 және 3-тармақтар алып тасталсын;

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Мемлекеттік орган кұрылған кезде ішкі конкурс өткізілмейді.";

      16) 33-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 3-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалауды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) жүргізеді.";

      17) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      18) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы мемлекеттік органдарда, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарда жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар деп неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде - неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі.";

      19) 41-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазакстан Республикасының дипломатиялық кызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана болып табылатын, көп балалы ата-аналар (қорғаншы) немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімі арқылы ғана жол беріледі.";

      20) 42-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "А" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын белгіленген арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келетін адамдар қатарынан жүзеге асырылады.";

      21) 56-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.";

      22) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Іссапардың барлық уақыты бойында іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.";

      23) 61-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін оның жауапкершілігін қарау жағдайларын қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы;".

      5. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоксандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 173-құжат; 2016 ж., № 7-1, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):

      4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан тұрады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Әділет министрін, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның басшысын, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды.

      Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа да адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады