I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы" 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 3; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 5; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 7-тармақттың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл жағдайда қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама негізінде адвокат, сондай-ақ сенімхат негізінде жәбірленушінің мүдделерін заң күшіне орай білдіруге құқылы кез келген адам, оның ішінде жақын туыстары да өкіл бола алады.";
2. "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 3; 2004 жылғы 18 маусымдағы № 3; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды шекара арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекетіне алып өтіп Қазақстан Республикасына қайтармау ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігі бойынша сараланады.
Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау адамдардың әрекетінде экономикалық контрабанданың құрамы да болған кезде ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігімен және ҚК-нің 234-бабының тиісті бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сараланады.";
3. "Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 2; 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 19; 2003 жылғы 11 шілдедегі № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 қаулысымен (бұдан әрі – Үкімет Қаулысы) бекітілген "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне" (бұдан әрі – Тізім) енгізілген сол есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені түсіндірілсін.
Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің мөлшерін анықтағанда Үкімет Қаулысымен бекітілген Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің мөлшерін айқындау кезінде заңсыз айналымда табылған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені (бұдан әрі – Жиынтық кесте) негізге алу қажет.
Қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен улы заттардың қоғамдық орындарда медициналық емес мақсатта тұтынылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы дайындалуын, қайта өңделуін, иемделуін, сақталуын, тасымалдануын, жөнелтілуін және өткізілуін олардың заңсыз айналымы деп түсінген жөн.";
2) 2-1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз тасымалдау деп оларды тасымалдау тәсіліне және сақтау орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде бір елді мекен шегіндегі оларды орнынан көшіруге бағытталған кез келген қасақана іс-әрекеттер танылады.";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279-І Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу және әкету деп оларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткізу түсініледі.";
3) 3-1-тармақта:
бірінші абзацтағы "заңсыз" деген сөзден кейін "дайындау, қайта өңдеу," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"егер олар есірткі немесе психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты өткізу мақсатынсыз іріден аз мөлшерде жасалса, ҚК-нің 296-бабының екінші бөлігі бойынша;";
үшінші абзацтағы "шағын мөлшерде" деген сөздер "іріден аз мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса немесе бірнеше рет өткізу мақсатымен жасаса немесе қызмет бабын пайдаланып, лауазымды адам жасаса" деген сөздер "электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланылу арқылы не қоғамдық орында адамдар тобы алдын ала сөз байласып, бірнеше рет жасаса, лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "шағын, ірі немесе аса ірі мөлшерде өткізу мақсатымен қылмыстық топ жасаса немесе білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалса" деген сөздер "қылмыстық тобы жасаса" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Адам ҚК-нің 296-бабының тиісті бөлігі бойынша, ал екіншісі ҚК-нің 297-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға жататын екі іс-әрекет жасаған кезде, қылмыстың бірнеше рет жасалу белгісі болмайды. Бұл іс-әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады.";
4) 7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді шетелден заңсыз жөнелту ҚК-нің 286-бабы бойынша қосымша саралануға жатады.";
5) 7-1-тармақ алып тасталсын;
6) 9-тармақта:
"басқа тұлғаға укол салу" деген сөздерден кейін "сонымен бірге байланыссыз тәсілмен, "тығындарды" қолданумен, интернет ресурстарды және электрондық әмияндарды пайдалана отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-1-тармақта:
бірінші абзацтағы "өткізу" деген сөзден кейін "не жөнелту" деген сөздермен толықтырылсын;,
төртінші абзацтағы "есірткі немесе психотроптық заттарға сол тектестерге қатысты шағын немесе ірі мөлшерде немесе қызмет бабын пайдаланып" деген сөздер ", лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдалануымен, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы немесе қоғамдық орында," деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"егер есірткі немесе психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жөнелту мен өткізуді қылмыстық топ жасаса не оларды өткізу білім беру ұйымдарында немесе көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты жасалса, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша саралануға жатады.";
8) 9-3-тармақта:
бірінші, екінші, үшінші және абзацтардағы "заңсыз" деген сөзден кейін "дайындау, қайта өңдеу," деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта:
"заңсыз" деген сөзден кейін "дайындаудың, қайта өңдеудің" деген сөздермен толықтырылсын;
"сондай-ақ өткізудің" деген сөздер "сондай-ақ жөнелтудің және өткізудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9-4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген айыптаудың жекелеген эпизодтары бойынша адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды болдырмау қажет.
Егер өткізудің бірінші фактісі расталса және жедел-іздестіру қызметінің мақсатына толық қол жеткізілсе, қылмыстық әрекетті имитациялайтын сол бір адамды тарта отырып, сол бір күдіктіден есірткіні сатып алу бойынша қайталап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол берілмейді. Осы күдіктіге қатысты қосымша жедел-іздестіру іс-шаралары оның есірткіні сатып алу көздерін, қылмыстық топты анықтау мақсатында немесе қылмыстық процестің өзге де мақсаттарында ғана тиісті уәжді қаулы шығарылып жүргізілуі мүмкін.";
10) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 6) тармағында көрсетілген қоғамдық орын деп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте № 9744 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында көрсетілген орынды түсінген жөн.
Әрекеттерді дәл қоғамдық жерде жасау фактісі ҚПК-нің 113-бабының талаптарына сәйкес уақыт, орын, тәсіл және басқа да мән-жайлар анықтала отырып дәлелденуге тиіс. Қоғамдық орында қылмыс жасаудың жариялылығы әрекетті ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 6) тармағы бойынша саралау кезінде міндетті белгі болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді білім беру ұйымдарында не көрінеу кәмелетке толмағанға өткізу оның тәсіліне (жария не жасырын) қарамастан, ҚК-нің 297-бабының төртінші бөлігі бойынша жауаптылыққа әкеп соғады және ҚК-нің 297-бабы үшінші бөлігінің 6) тармағы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Білім беру ұйымы ұғымын айқындау кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 40-бабының ережелерін негізге алу қажет.";
11) 11-тармақта:
екінші абзацтағы "(Есірткі туралы заңға 2-қосымша)" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымын саралаған кезде Жиынтық кестеде белгіленген мөлшерлері ескерілуі тиіс. Бұл ретте есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің мөлшері әрбір түрі үшін жеке анықталады және қосып есептеуге жатпайды. Жиынтық кестеде ілеспе заттары мен толтырғыштары бар есірткі заттардың кейбір түрлері (мысалы, ілеспе заттар мен толтырғыштарды қоса алғанда, героин, тұздары бар кодеин, дәрілік нысандағы кодеин, тұздары бар метадон, тұздары бар морфин, бейтарап толтырғыштары бар апиын (ұн, қант, крахмал және т.б.), ілеспе заттарды қоса алғанда, тұздары бар кокаин, МДМА, МБДБ тұздарымен, ілеспе заттары бар эфедрон және т.б.) көзделген жағдайда есірткі заттарының салмағын толтырғыштарымен қоса есептеу қажет.";
12) 16-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"ҚК-нің 302-бабына қатысты осы мақсаттар үшін үй-жайлар беру деп притонды ұйымдастыру немесе ұстау үшін үй-жайларды ұсыну түсініледі.
Адамның есірткі заттарды бірлесіп пайдалану үшін үй-жайды бір рет беру арқылы көрсетілген әрекеттері ҚК-нің 302-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрамайды, өйткені осы бап бойынша саралау үшін кінәлі адам есірткі заттарды жүйелі негізде тұтынуға тұрғын үйді немесе тұрғын емес үй-жайды притон ретінде ұйымдастыруы немесе күтіп ұстауы не притонды ұйымдастыру және ұстау үшін оларды басқа адамдарға беруі қажет.";
13) 18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Егер өзіне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасады деген күдік бар адам жеке тінту, тұрғын үйді немесе өзге де үй-жайды есірткі заттарын немесе өзге де заттарды табу мақсатында жүргізілетін тінту басталар алдында өз еркімен табылуы мүмкін есірткі заттарын берсе, онда бұл ҚК-нің 296-бабына Ескертпелердің 2-тармағында көзделген ерікті беру болып табылмайды. Егер адам бір жерде тінту жүргізу кезінде өзінің басқа жерде (саяжайда, бақшада, көршісінде және т.б.) сақталатын, оның көрсетуінсіз табу мүмкін болмайтын жеке пайдалануға арналған есірткі заттарының бар екендігі туралы мәлімдесе, онда көрсетілген әрекеттер ерікті беру деп танылады және адам ҚК-нің 296-бабына Ескертпелердің 2-тармағына сәйкес осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату үшін негіз ретінде есірткі заттарын тұтынуға байланысты медициналық көмекке ерікті түрде жүгіну қылмыстық қудалау органы құқық бұзушылық фактісін анықтағанға дейін ғана орын алуы мүмкін.";
14) 20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Есірткі заттарды тасымалдау үшін немесе заңсыз сақтау орны ретінде пайдаланылатын көлік құралдары қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруына немесе құралдарына жатқызылуға, заттай дәлелдемелер деп танылуға тиіс.
Сондай-ақ үй-жайлар, егер олар есірткі заттарын заңсыз сақтау үшін пайдаланылған болса, қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы деп танылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда сот айыптау үкімін шығару кезінде көрсетілген заттай дәлелдемелерді – қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе құралдарын (көлік құралдары, үй-жайлар және басқалары) ҚК-нің 48-бабы екінші бөлігі 4) тармағының негізінде ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес мемлекет кірісіне тәркіленуі тиіс.";
4. "Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 7; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) бүкіл мәтін бойынша:
"ҚІЖК-нің" деген сөздер "КПК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1-бөлігінің", "1-бөлігінде", "1-бөлігіне", "2-бөлігінде", "2-бөлігінің" деген сөздер тиісінше "бірінші бөлігінің", "бірінші бөлігінде", "бірінші бөлігіне", "екінші бөлігінде", "екінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) 4-тармақтағы "қылмыстық iс қозғалған немесе қылмыстық iзге түсу жүргiзiлген" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 13-тармақтағы "3-бөлігінде" деген сөздер "үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-тармақтағы "2-6 бөліктері" деген сөздер "екіншіден бастап алтыншыны қоса алғандағы бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-тармақтағы "5-бөлігіне" деген сөздер "бесінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 19-тармақта:
"ҚІЖК-нің 306-309-баптарында" деген сөздер "ҚПК-нің 306-бабынан бастап 309-ны қоса алғандағы баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
" қадағалау" деген сөз алып тасталсын;
9) 23-тармақтағы "1 және 2 бөлігінде" деген сөздер "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 25-тармақтағы "3-бөлігіне" деген сөздер "үшінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 26-тармақта:
"ҚР Қылмыстық атқару кодексiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 29-тармақтағы "1-бөлігіне" деген сөздер "бірінші бөлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5. "Соттардың бандитизм және қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыса отырып, басқа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 2 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 15; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 9-тармақтағы "1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерiнің айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" № 339-I Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Алдын ала сөз байласып адамдар тобының бірқатар қылмыстарды белгілі бір уақыт бойы келісілген әрекеттер, қылмыстық әрекеттің тұрақты нысандары мен әдістері арқылы жасау фактісі қылмыстық топтың болуын тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.
Қылмыстық топ неғұрлым жоғары ұйымдасуымен және орнықтылығымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан ерекшеленеді. Оның белгілері ретінде, атап айтқанда: басшының (басшылардың) болуы және оған (оларға) басқа мүшелердің бағынуы, басқа қатысушылардың оған өзінің мүше екенін мойындауы, белгілі бір иерархияның және ортақ материалдық және қаржылай қаражаттың болуы, қылмыстық топта белгіленген қағидалардың (тәртіптің) сақталуы және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстық топтың белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 113-бабының талаптарына сәйкес қылмыс құрамының басқа да белгілерімен қатар дәлелденуге жатады.";
3) 13-тармақтағы үшінші абзац алып тасталсын;
6. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 6; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдіктінің қорғаушысының қатысуымен жәбірленуші мен күдіктіге олардың ҚК-нің 68-бабының негізінде татуласу құқығы туралы түсіндіреді, бұл туралы жеке хаттама жасалады.
Тараптан іс бойынша тараптарды татуластыру үшін медиаторды тарту туралы өтінішхат келіп түскен кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
Татуласу процесінде, оның ішінде медиация тәртібімен болашақта залалды өтеу туралы келісімге келу ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын жәбірленушіге келтірілген залал өтелген деп есептеуге жатпайды, ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті мен жәбірленушіге түсіндіруі тиіс.";
2) 4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Екі және одан да көп қылмыс жасаған адам (бірнеше рет немесе нақты жиынтықта) тұтастай алғанда бірінші рет қылмыс жасаған адам болып таныла алмайды. Сонымен қатар адам айыптаудың бірінші эпизоды бойынша алғаш рет қылмыс жасаған деп саналуы керек.";
3) 9-1-тармақтың екінші абзацындағы "ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінің" деген сөздер "ҚК-нің 68-бабының үшінші бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. ҚК-нің 68-бабының ережелері (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің (қылмыстық заңның кері күші) талаптарына орай ҚК-нің 68-бабы төртінші бөлігі 8) тармағының ережелері тараптардың 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасаған қылмысы үшін татуласуына байланысты бұрын қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға ғана қолданылады.";
5) 13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының күдіктіге және (немесе) жәбірленушіге ҚПК-нің 64-бабы тоғызыншы бөлігінің 15) тармағында және 71-бабы алтыншы бөлігінің 8) тармағында көзделген олардың құқықтарын түсіндірмеуі, сондай-ақ тараптардың татуласуға келісімі болған кезде, оның ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің қағидаларын қолданбауы заңды елеулі бұзу болып табылады. Көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде, сот жеке қаулымен тиісті шаралар қолдану үшін бұл туралы прокурордың назарына жеткізуге міндетті.";
6) 13-1-тармақтағы ", үшінші және төртінші" деген сөздер "және үшінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Бір іс жүргізуде қаралатын бірнеше рет жасалған қылмыстар туралы істер бойынша өзіне айыптаудың алдыңғы эпизоды бойынша ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері қолданылған адам, ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінің 8) тармағында санамаланған адамдардың қатарына жатпайды, өйткені келесі қылмыс жасалған кезде бұл адам бұрын жасалған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды.";
8) 16-тармақтағы "айыпкер" деген сөзден кейін ", сотталушы" деген сөзбен толықтырылсын;
9) 18-тармақтағы "анықтау, алдын ала тергеу" деген сөздер "сотқа дейінгі тергеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. "Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы" 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 4; 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-тармақтағы үшінші сөйлем "сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер, жазбалар, хаттар, аудиожазбалар және т.б.) зерттеген" деген сөздерден кейін ", іс бойынша сотқа дейінгі пробация жүргізілген жағдайда сотқа дейінгі баяндаманы талап еткен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚК-нің 83-бабында көзделген жағдайларда, сот ҚПК-нің 545-бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып және оған ҚК-нің 84-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, ҚК-нің 85-бабында көрсетілген мерзімге айыптау үкімін шығарады.";
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Кәмелетке толмаған адамды мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-нің 83-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда соттың қаулы шығаруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.";
2) екінші абзац үшінші абзац деп саналсын;
3) 16-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Кәмелетке толмаған адам ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда, оған тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.";
4) 31-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Кәмелетке толмаған жаста қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қылмыстық іс, оның сотта іс жүргізу кезеңінде кәмелетке толғанына қарамастан, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың (қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизон әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда) соттылығына жатады. Бұл ретте сотта кәмелетке толған сотталушыларға қатысты іс жүргізу ҚПК-нің 530-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ҚПК-нің 56-тарауының нормалары бойынша емес, сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.";
8. "Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық процестік заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 9; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Күдікті (қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам) қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Адвокатпен (бірнеше адвокатпен) қатар оны қорғауды ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде аталған адамдардың біреуі ғана қосымша жүзеге асыра алады. Егер бірнеше адам қорғаушы ретінде әрекет еткісі келсе, онда олардың ішінен қорғаушыны таңдау өзіне тиесілі.";
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Адвокат куәлігін және қорғау туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске адвокат тиісті адамды қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған басқа адамдар өздерінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, қорғалуға құқығы бар куәмен, күдіктімен, айыпталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.";
3) 11-тармақтағы екінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іске қорғау туралы жазбаша хабарлама, қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның құжаттары қоса тігіледі.";
4) 13-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Әдетте қорғаушы күдіктінің құқықтарын түсіндіру және одан жауап алу, айғақтарға сол жерде тексеру мен нақтылау жүргізу, тергеу эксперименті, тануды жүргізу, беттестірулер, прокурордың жауап алуы және бұлтартпау шарасын таңдау, тағайындалатын сараптаманың сұрақтарын қалыптастыру және маманды қатыстыру кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы кезеңдерінде қатысуы тиіс.";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаушы оның қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ қорғауындағы адамның өтінішхаты не қорғаушының өзінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы.";
5) 14-тармақтағы төртінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаушының қатысуы қылмыстық іс материалдарына қорғау туралы жазбаша хабарламаны не қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның тиісті құжатының көшірмелерін қоса тігу арқылы расталады.";
6) 21-тармақтағы "наразылықпен" деген сөз "прокурордың өтінішхатымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-тармақтағы "наразылығында", "наразылықты", "наразылығы" деген сөздер тиісінше "прокурордың өтінішхатында", "прокурордың өтінішхатын", "өтінішхаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 14; 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Бөтеннің малын жасырын жымқыру (мал ұрлау) қылмыстық заңның арнайы нормасы – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 188-1-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Аталған бапқа ескертпеге сәйкес мал деп: ірі қара мал; жылқылар мен есектер; түйелер; ұсақ мал мен шошқалар түсініледі.
Мал және басқа да бөтеннің мүлкі бір мезгілде ұрланған жағдайда жасалған әрекет ҚК-нің 188-1 және 187 не 188-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Бөтеннің үй құсын ұрлау ҚК-нің 188-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.";
2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚК)" деген сөздер "ҚК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 13-тармақтың бірінші абзацындағы "не қоймаға" деген сөздер ", қоймаға не көлік құралына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұрланған мүліктің ҚК-нің 3-бабының 38) тармағында немесе 3) тармағында тиісінше белгіленген құны ұрлықтың ірі немесе аса ірі мөлшері деп танылады.";
екінші абзацтағы "38) тармағында", "ірі" деген сөздер тиісінше "38) тармағында немесе 3) тармағында тиісінше", "ірі немесе аса ірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "ірі" деген сөз "ірі, аса ірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Дара кәсіпкерге тиесілі мүлікті ұрлау кезінде мөлшерінің айтарлықтайлылығы жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны ретінде есептеледі, өйткені Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес дара кәсіпкер – заңда белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.";
6) 18-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Егер бөтеннің мүлкі кінәлі адамның лауазымдық міндеттеріне немесе тиісті заңды құжаттармен (шартпен, еңбек келісімімен, лауазымдық өкілеттіктерімен және т.б.) бекітілген шарттық қатынастарға байланысты, сондай-ақ жазбаша шартты ресімдеместен (бақташымен ауызша уағдаластық және т.б.) заңды иелігінде болса, іс-әрекет бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету ретінде саралануға жатады.
Кінәлі адамның атқаратын лауазымына байланысты жәбірленушінің ақшалай шотындағы ақша қаражатына билік ету құқығы болған жағдайда, қолма-қол берілмейтін ақша қаражаттарын, оның ішінде электронды ақша қаражаттарын олардың иесінің шотынан өзінің шотына немесе басқа адамның шотына аудару арқылы ұрлауды қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған, кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау ретінде ҚК-нің 189-бабы бойынша саралаған жөн. Мұндай құқық болмаған кезде іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жатады.";
10. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жекеше қаулылар шығару тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 21; 2010 жылғы 25 маусымдағы № 13; 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2016 жылғы 25 қарашадағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер басты сот талқылауы кезінде дереу жоюды талап ететін заң бұзушылықтар анықталса, сот ҚПК-нің 344-бабына сәйкес істі қарауды тоқтатуға және кеңесу бөлмесінде жекеше қаулы шығаруға құқылы, ол дереу сот залында жарияланады және орындау үшін жіберіледі.";
2) 7-тармақта:
үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекеше қаулыда жалпы мазмұнды сөздер мен тұжырымдар болмауы керек. Онда нақты заң бұзушылық, оны жіберген тұлғалар, қылмыс жасауға немесе басқа құқық бұзушылыққа итермелеген, сот анықтаған себеп пен жағдай, сондай-ақ сот қорытындысын негіздейтін дәлелдер көрсетіледі. Жекеше қаулыда тиісті органның не ұйымның өндірістік қызмет мәселелері бойынша ерекше құзырына кіретін ұсыныстар, нұсқаулар берілмейді.";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Сот жәбірленушінің, куәнің, аудармашының, сарапшының, маманның көрінеу жалған айғақтар беру фактісін, сол сияқты құжаттардың жалғандығын анықтап, оларға сот актісінде тиісті баға беріп, осы айғақтардың дұрыс еместігі және құжаттардың жалғандығы туралы өз түйіндерін, оны тиісті шаралар қабылдау үшін прокурорға жіберіп, сонымен қатар жеке қаулыда көрсетуге құқылы.";
3) 8-тармақтың екінші абзацындағы "наразылық көрсету" деген сөздер "прокурордың өтінішхат келтіру" деген сөздермен ауыстырылысын;
4) 9-тармақтың бірінші абазацындағы "наразылық келтіру", "наразылық келтіруге", "наразылықтарды" деген сөздер тиісінше "прокурордың өтінішхат келтіруі", "прокурордың өтінішхат келтіруіне", "прокурордың өтінішхатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-тармақта:
"шағым немесе" деген сөздерден "прокурордың өтінішхаты немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"шағым" деген сөздерден кейін, "не прокурордың өтінішхаты" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 13-тармақтың бірінші абзацындағы "наразылық білдіру", "наразылық білдірілген" деген сөздер тиісінше "прокурордың өтінішхат келтіру", "прокурор өтінішхат келтірген" деген сөздермен ауыстырылсын;
11. "Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 76-бабының 3) тармағына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 127, 472-баптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 21-бабының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 884-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиіс.
Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.";
2) мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Борышкердің сот актісін немесе атқарушылық құжатты белгілі бір бөлігінде немесе толық көлемінде орындауына нақты мүмкіндігінің болмауы адамды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін жоққа шығарады.
Сот актісін, атқарушылық құжатты орындауға нақты мүмкіндіктің жоқтығы бағалауға жататын ұғым болып табылады және оның болуы немесе болмауы туралы түйін тараптар ұсынған мүліктік жай-күйіне қатысты дәлелдемелерді, оның ішінде борышкердің отбасы құрамын, мүліктік жай-күйін (мәртебесін) ескере отырып, толық, жан-жақты және объективті талдауға негізделуі тиіс.
Сот актісін, атқарушылық құжатты нақты орындау мүмкін болмай отырғанын растайтын мән-жайлар: жұмыс берушінің жалақыны төлемеуі, егер олар жалғыз кіріс көзі болып табылса, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру, мүгедектік, борышкер емделуде болатын және еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы мен жалақы алмайтын ұзақ мерзімді сырқаттану; сот қаулысы бойынша алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан және туберкулезден мәжбүрлеп емдеуде болу; борышкер бұрын меңгермеген мамандық бойынша болашақта басқа жұмыс алуына байланысты қайта оқыту және басқалар болуы мүмкін.
Борышкерде міндеттемелерін өз құны бойынша толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік беретін басқа мүліктің (мүліктік, оның ішінде мұрагерлік құқықтардың) бар екені расталған жағдайда, жоғарыда санамаланған мән-жайлар сот актісін, атқарушылық құжатты орындауға нақты мүмкіндіктің жоқтығын растай алмайды.
Борышкерді көрсетілген жағдайларда сот актісін, атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауаптылықтан босату оның сот актісін орындау, сондай-ақ аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін заңға сәйкес атқарушылық құжатты, оның ішінде түзілген берешекті ескере отырып, орындауға бағытталған, өзіне байланысты барлық шараларды қабылдау міндетін жоққа шығармайды.
1-2. Заңды күшіне енген мүліктік сипаттағы, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды, он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларды асырап-бағуға не өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын асырап-бағуға қаражат өндіріп алу туралы сот актілерін және атқарушылық құжатты орындаудан жалтару деп, атап айтқанда борышкердің дәлелді себептерсіз (сот орындаушысы хабардар еткен кезден бастап) не жұмыс орнынан босатылған кезден бастап бір ай ішінде өзін жұмысқа орналасуға мұқтаж адам ретінде есепке қою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға өтініш жасаудан бас тартуын; жұмысқа мұқтаж ретінде есепке қойылғаннан кейін екі және одан да көп рет ұсынылған бос лауазымнан бас тартуын; жұмысқа орналастырылғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орнынан өз қалауы бойынша шығып кетуін; елдің және оның шегінен тыс жерлердегі курорттық-сауықтыру кешендеріне жолдамалар, өзге де сән-салтанат заттарын сатып алуын және қымбат тұратын ақылы қызметтерді алуын; өндіріп алушыға ай сайынғы төлемдерді кеміту мақсатында ресми төмендетілген жалақыны және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірісті белгілей отырып, нақты жалақының және (немесе) жұмысқа орналастыру нәтижесіндегі кірістің бір бөлігін жасырып қалуын; сот шешімі немесе атқарушылық құжат бойынша өтелмеген берешегі бола тұра, борышты өтеудің заңда белгіленген кезектілігін бұза отырып, ақшалай міндеттемелерді орындауын және (немесе) ақша мен мүлікті талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беруін есептеген жөн.";
3) 12-тармақтың жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Борышкердің міндеттемені толық немесе анағұрлым көп көлемде орындауына мүмкіндігі бола тұра, сырт көзге сот актісін орындап жатқанын көрсету мақсатында мардымсыз ақша сомаларын аударуын жалтару түрінде орындамау нысандарының бірі ретінде қараған жөн.";
4) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осыған байланысты сот актісін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды күшіне енген күнінен бастап алты ай мерзім ішінде және көрсетілген мерзім өткеннен кейін ғана жаңа жасаған іс-әрекеті үшін ҚК-нің 430-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.";
12. "Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18; 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) кіріспедегі "(жеке)", "наразылықтар", "қылмыстық-іс жүргізу заңнамасын" деген сөздер тиісінше "(жекеше)", "прокурордың өтінішхаттары", "қылмыстық-процестік заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "ҚІЖК-нің" деген сөздер "КПК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "наразылықтар", "прокурордың наразылығы", "наразылықты беру", "наразылықты берудің", "наразылықты", "наразылықтың", "Шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген", "наразылық", "наразылықпен", "шағым беруге, наразылық білдіруге", "шағым беріліп, наразылық білдірілген", "наразылықта", "наразылықтарды", "наразылығында", "нарызылығы болған", "Наразылық", "наразылықтағы", "наразылық келтіргеннен" деген сөздер тиісінше "прокурордың өтінішхаттары", "прокурордың өтінішхаты", "прокурордың өтінішхат беру", "прокурордың өтінішхат беруінің", "прокурордың өтінішхатын", "прокурордың өтінішхатының", "Шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген" "прокурордың өтінішхаты", "прокурордың өтінішхатымен", "шағым, прокурордың өтінішхатын беруге", "шағым, прокурордың өтінішхаты берілген", "прокурордың өтінішхатында", "прокурордың өтінішхаттарын", "прокурордың өтінішхатында", "прокурордың өтінішхаты болған", "Прокурордың өтінішхаты", "прокурордың өтінішхатындағы", "прокурор өтінішхат келтіргеннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "1-бөлігінің", "1-бөлігінде", "2-бөлігінің", "2-бөлігінде", "2-бөлігіне", "3-бөлігінде", "3-бөлігіне", "5-бөлігіне", "5-бөлігінің", "7-бөлігінің", "8-бөлігінде", "9-бөлігінің" деген сөздер тиісінше "бірінші бөлігінің", "бірінші бөлігінде", "екінші бөлігінің", "екінші бөлігінде", "екінші бөлігіне", "үшінші бөлігінде", "үшінші бөлігіне", "бесінші бөлігіне", "бесінші бөлігінің", "жетінші бөлігінің", "сегізінші бөлігінде", "тоғызыншы бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "наразылық білдірген", "шағым беріп, наразылық білдіре алады", "наразылық келтірудің", "наразылық білдірудің", "наразылық келтіруге", "наразылық келтірсе", "наразылық білдіру" деген сөздер тиісінше "өтінішхат келтірген", "шағым, прокурордың өтінішхатын беруге құқылы", "прокурордың өтінішхат келтіруі", "прокурордың өтінішхат келтіруінің", "прокурордың өтінішхат келтіруіне", "өтінішхат келтірсе", "прокурордың өтінішхат келтіруі" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "өндіріс", "өз өндірісіне", "өндірістің" деген сөздер тиісінше "іс жүргізу", "өзінің іс жүргізуіне", "іс жүргізудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "қысқартылады", "қысқартуға", "қысқарту", "қысқартқан", "қысқарта", "қысқартылуға", "қысқартып", "қысқартылған", "қысқартылғаны" деген сөздер тиісінше "тоқтатылды", "тоқтатуға", "тоқтату", "тоқтатқан", "тоқтата", "тоқтатылуға", "тоқтатып", "тоқтатылған", "тоқтатылғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "үкімді (қаулыны) бұзу", "үкімін (қаулысын) бұзу", "үкімін бұзу", "үкімін бұза отырып", "үкімді бұзуға", "үкімнің сөзсіз бұзылуына", "үкімді бұзу", "сот үкімі толық бұзылуға", "үкімді бұзып", "үкімі бұзылуға", "үкімін бұзуға", "сот үкімін қалған бөлігін бұзбай", "дұрыс қолданылмауын бұзу", "ақтау үкімін немесе істі қысқарту туралы қаулыны бұзуға" деген сөздер тиісінше "үкімнің (қаулының) күшін жою", "үкімінің (қаулысының) күшін жою", "үкімінің күшін жою", "үкімінің күшін жоя отырып", "үкімнің күшін жоюға", "үкімнің сөзсіз күшін жоюға", "үкімнің күшін жою", "сот үкімінің күші толық көлемде жойылуға", "үкімнің күшін жойып", "сот үкімнің күші жойылуға", "үкімінің күшін жоюға", "сот үкімінің қалған бөлігінің күшін жоймай", "дұрыс қолданылмауының күшін жою", "ақтау үкімінің немесе істі тоқтату туралы қаулыныың күшін жоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "(жеке) шағымдарды", "жеке айыптаушы", "жеке айыптаушылардың", "жеке айыптаушының", "жеке қаулыны", "жеке қаулыда", "жеке қаулымен", "жеке қаулыларға" деген сөздер тиісінше "(жекеше) шағымдарды", "жекеше айыптаушы", "жекеше айыптаушылардың", "жекеше айыптаушының", "жекеше қаулыны", "жекеше қаулыда", "жекеше қаулымен", "жекеше қаулыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-тармақта:
"1 және 3-бөліктерінде", "наразылық білдірген", "наразылық білдіре" деген сөздер тиісінше "бірінші және үшінші бөліктерінде", "прокурор өтінішхат келтірген", "прокурор өтінішхат келтіре" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттар шағымды, прокурордың өтінішхатын қабылдау кезінде шағым, прокурордың өтінішхатын берген тұлғаның өкілеттігін тексеруі қажет.";
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚПК-нің 415-бабының үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың қаулыларына шағым жасалған жағдайда, ҚПК-де белгіленген мерзімде апелляциялық сатыға жекеше шағым немесе прокурордың өтінішхаты, сондай-ақ шағымдану, дау айту нысанасына қатысты бөлінген материалдар жіберілуге тиіс.
Апелляциялық сатыға бірінші сатыдағы соттың іс түпкілікті шешілгенге дейін сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыларына жекеше шағымдар немесе прокурордың өтінішхаттары келіп түскен кезде, олар бойынша апелляциялық сатының шешімі бірінші сатыдағы сотта істі одан әрі қарауға елеулі әсер етуі мүмкін болғандықтан, оларды ақылға қонымды мерзімде (келіп түскен сәттен бастап 10 тәулікке дейінгі мерзімде) жедел қарауды қамтамасыз ету қажет.";
3) 2-тармақта:
қазақ мәтініндегі бірінші абзацтың соңғы сөйлемі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚПК-нің 419-бабы жәбірленушінің шағымына немесе прокурордың өтінішхатына сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлатуға бағытталған жаңа талаптармен толықтырулар беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруді көздемейді.";
4) 4- тармақта:
үшінші абзацта:
үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер апелляциялық іс жүргізу кері қайтарып алынбаған шағымның, прокурордың өтінішхатының негізінде жүзеге асырылса, шағымды, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алу туралы өтінішхат бойынша шешім, қаулының негізгі мәтініне енгізілуі мүмкін.";
5) 6-тармақта:
бірінші абзацта:
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған адамдардың құқықтарын сақтау және кеңейту, апелляциялық сатыдағы соттардың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға, атап айтқанда істерді қашықтықтан қарауды жүзеге асыруға құқығы бар.";
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Онлайн-процестер сот отырысының электрондық хаттамасында тіркелуге тиіс.";
төртінші абзацтағы "4-бөлігінде" деген сөздер "төртінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-тармақтың екінші абзацында:
"2-3-бөліктерінде" деген сөздер "екінші және үшінші бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қатысу құқығын" деген сөздерден кейін "оның тікелей қатысуымен не оның қашықтық форматында қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-тармақта:
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деген айып бойынша сотқа берілген адамның әрекеті сот үкімімен қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс ретінде сараланса, қылмыстық іс апелляциялық сатыдағы сотта алқалы түрде қаралуға тиіс.";
8) 10-тармақтағы "5-8-бөліктерінде" деген сөздер "бесіншіден бастап сегізіншіні қоса алғандағы бөліктерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-тармақтағы "ҚІЖК-нің 429-бабының 5-бөлігінің ережелерін және 7-бабының түсіндірмелерінің мағынасын негізге ала отырып," деген сөздер "ҚПК-нің 429-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, бірақ апелляциялық сатының сот отырысында істі қарауға қатысушы прокурор қолдамаған прокурордың өтінішхаты үкімнің (қаулының) күшін жою немесе өзгерту туралы шешім қабылдау үшін өтінішхатта баяндалған уәждер бойынша негіз бола алмайды.
Прокурордың сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы дәлелдері жоқ өтінішхаты дәл сондай жағдайларда жалпы тәртіппен қаралуға жатады.";
11) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірінші сатыдағы соттың ҚПК-нің 436-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген және үкімнің сөзсіз күшін жоюға әкеп соғатын елеулі заң бұзушылықтарға жол бергені анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені, саралаудың, жазалау мен басқа мәселелердің дұрыстығы туралы шағымдардағы және прокурордың өтінішхатындағы дәлелдерді қарап, олардың негізділігі жөнінде қорытынды шығаруға, сонымен қатар істі сот ісін жүргізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуы бөлігінде толық көлемде тексеруге міндетті.
Бұл ретте істе орын алған қылмыстық-процестік заңды бұзушылықтар апелляциялық сатыдағы сотқа заңсыз үкімнің күшін жою және ҚПК-нің 35-бабының бірінші бөлігінде және 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздермен істі тоқтату туралы шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.";
12) 21-тармақтағы "1-бөлігінің 3)-8) тармақтарында" деген сөздер "бірінші бөлігінің 3) тармағынан бастап 8) тармағын қоса алғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 27-тармақтағы "жас балалары бар әйелдердің" деген сөздер "жас балалары бар әйелдердің және жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 32-тармақта:
екінші абзацта:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайтыс болған адамды ақтау үшін негіздер болмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлігінде осы туралы келтіреді, ал қорытынды бөлігінде сот үкімінің күшін жою және сотталғанның қайтыс болуына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылғаны туралы шешімді баяндайды."
15) 33-тармақта:
екінші абзацта:
", сондай-ақ бірінші сатыдағы сот қабылдаған шешімді" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Сипаттау-дәлелдеу бөлігінде" деген сөзден кейін "ҚПК-нің 443-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сай болуы," деген сөздермен толықтырылсын;
16) 34-тармақта:
"2 және 3-бөліктерінің" деген сөздер "екінші және үшінші бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚПК-нің 444-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы оның толық мәтіні жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Қаулының толық мәтіні, егер оның жариялануына ешкім келмесе, жария етілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаулы жария ету үшін көрсетілген күні заңды күшіне енеді. Апелляциялық қаулыны орындау кезінде туындайтын күмәндар мен түсініксіздіктерді ҚПК-нің 476-бабының 17) тармағына сәйкес оны шығарған сот қарайды.";
17) 35-тармақтағы "алқа төрағасы" деген сөздер "облыстық немесе оған теңестірілген соттың төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
13. "Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 22; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 11-тармақта:
бірінші сөйлемдегі "аңшылық процесінде (жануарлардың ізін кесу, аңду, шам жарығымен ату және т.б.) тікелей" деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы (ҚК-нің 337-бабының үшінші бөлігі) жасаған заңсыз аң аулау кезінде жануарларды іздестіруді, аңдуды, қудалауды және аулауды жүзеге асыратын, оларды бастапқы қайта өңдеуді және (немесе) тасымалдауды жүргізген адамдар құқық бұзушылықты орындаушылар деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, аң аулау құралдарын, көлік құралдарын беруімен не оны жасауға кедергілерді жоюымен заңсыз аң аулауға жәрдемдескен адамдар, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарды, осы іс-әрекеттің ізін не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға алдын ала уәде берген адам, сондай-ақ алдын ала берілген уәде бойынша заңсыз аң аулау өнімін сатып алатын, сақтайтын немесе өткізетін адамдар өздеріне аң аулаудың заңсыздығы туралы анық белгілі болған кезде ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігіне сілтемемен көмектесушілер ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады.";
3) 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Заңсыз аң аулау, балық ресурстарын заңсыз аулау және басқа да экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған құрылғылар, құралдар, қарулар және өзге де заттар заттай дәлелдемелер – қылмыстық құқық бұзушылық құралдары не қарулары деп танылуға тиіс және ҚК-нің 48-бабы екінші бөлігінің 4) тармағы негізінде ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес сот мемлекет кірісіне тәркіленуге жатады.";
14. "Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 14; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақтағы "сондай-ақ куәнің" деген сөздер "куәнің, сондай-ақ қорғауға құқығы бар куәнің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтағы "бірінші және екінші бөліктерінде" деген сөздер "бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақтағы екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте айыптау шегінің кеңеюіне әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтау үшін сараптама тек айыптау тарапының өтінішхаты бойынша тағайындалады.";
4) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. ҚПК-нің 273-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың (сот сараптамасы органдарының қызметкерінің; лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімінде тұрған адамның; заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сараптама жүргізу біржолғы тапсырылған өзге де адамның) сараптамалық қорытындыларының бір-бірінің алдында қандай да бір артықшылығы жоқ.";
5) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. ҚПК-нің 111-бабына сәйкес маманның қорытындысы қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып табылады.
Маманның қорытындысы, сарапшының қорытындысы сияқты, басқа дәлелдемелерден және алдын ала белгіленген күштен ешқандай артықшылығы жоқ, іс бойынша басқа дәлелдемелермен бірге талдауға, салыстыруға және бағалауға жатады.";
15. "Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 19; 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 16 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақтың екінші абзацындағы ", кінәні мойындау туралы процестік келісім немесе " деген сөздер алып тасталсын;
2) 10-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Істі қысқартылған тәртіппен сот талқылауы сот талқылауы басталған кезден бастап есептелетін он күн мерзімде аяқталуға тиіс.";
3) 13-1-тармақтағы "жазаның неғұрлым қатаң түрінің" деген сөздер алып тасталсын;
16. "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АҚ) 921-бабына сәйкес қызметкер еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде зиян келтірген жағдайларда заңды тұлға немесе қол астында кінәлі адам еңбек не азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істеген азамат азаматтық жауапкер ретінде танылуы мүмкін.
Бұл ретте АК-нің 917-бабының ережелерін ескере отырып, егер зиян қызметкердің заңсыз әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген болса және оның әрекеті еңбек міндеттерін атқарумен байланысты болмаса, қойылған талап жалпы тәртіппен зиянды келтірген адамнан өндірілуге жатады.";
2) 16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚПК-нің 166-бабының бірінші бөлігінде көрсетілмеген залалды не өзге де зиянды өтеу туралы талаптар (мысалы, шығындарды немесе алынбаған пайданы өндіріп алу туралы талап арыздар, жәбірленуші болып табылмайтын үшінші тұлғалардың талап арыздары және басқалары) қылмыстық процесте қарауға жатпайды. Қылмыстық іс бойынша осындай талаптар келіп түскен кезде сот арыз берушіге азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.";
3) 26-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі - АК)" деген сөздер "АК-нің" деген сөздермен ауыстырылсын;
17. "Қорқытып алушылық туралы iстер бойынша сот практикасы туралы" 2006 жылғы 23 маусымдағы № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзацтағы "2001 жылғы 21 маусымдағы №3" деген сөздер "2015 жылғы 27 қарашадағы № 7" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-тармақтағы "тәжiрибесi туралы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" ҚР ЖС НҚ")" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 8-тармақтағы "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысының" деген сөздер "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" ҚР ЖС НҚ-ның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегi iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" нормативтiк қаулысының" деген сөздер "Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегі iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы" ҚР ЖС НҚ-ның" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 20 мамырдағы № 368 бұйрығымен бекiтiлген "Сот-медициналық сараптама жүргiзу және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген "Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтардағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 11-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
7) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
18. "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы" 2006 жылғы 23 маусымдағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне:
жазаның мерзіміне қарамастан, абайсызда жасалған қылмыстары үшін;
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстар үшін;
қылмыспен келтірілген залалды олар толық өтеген жағдайда, ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін;
қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жыл қоса алынған мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып алғаш рет сотталған адамдар (еркектер мен әйелдер) жіберіледі.
ҚПК-нің 19-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес бұрын сотталған, бірақ бас бостандығынан айыру жазасын өтемеген, жаңа қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған адамдарға жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде тағайындалады.
3. Қасақана қылмыстар жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге қылмыстардың санатына қарамастан, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде, егер олар бұрын нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтемесе, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.
Әйелдерге қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген әйелдерді қоспағанда, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген-өтемегеніне қарамастан, қылмыстардың қауіпті қайталануы болған жағдайда тағайындалады.
4. Ерлерге қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандарға, бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемегендерге;
қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген-өтемегеніне қарамастан, қылмыстардың қайталануы кезінде;
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстары үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген еркектерді қоспағанда, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тағайындалады.
2) 6-тармақта:
алтыншы абзацтағы "соттылығы бар" деген сөздер "бас бостандығынан айыруға сотталған және осы жазаны өтеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚК-нің 63-бабының негізінде шартты түрде сотталған адамдар, сондай-ақ ҚК-нің 74-бабының негізінде жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған адамдар, егер олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыруды нақты өтемеген болса, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген адамдарға жатпайды.";
3) мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына қатысты бұрын заңды күшіне енген сот үкімі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеген, егер бұл соттылық жаңа қылмыс жасалған кезде заңда белгіленген тәртіппен алып тасталмаса және өтелмесе, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар деп түсініледі. Бұл қағида кәмелетке толмаған жаста қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға да қолданылады.";
4) 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Сот үкімімен айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға жазаны өтеу қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тағайындалады.
Бұрын бас бостандығынан айыру ҚК-нің 73-бабының тәртібімен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамдарға бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған жағдайда, бас бостандығынан айыруды өтеу ол босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде айқындалады.";
5) 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ҚК-нiң 79-бабында көзделген тәртiппен алып тасталған немесе өтелген, ҚК-нiң 78-бабының екiншi және төртiншi бөлiктерiне сәйкес рақымшылық туралы немесе кешiрiм жасау туралы актiмен алып тасталған сотталғандықтар қылмыстардың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше мекемесін тағайындауға негiз бола алмайды.
Он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн сотталғандықтар қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Сонымен бірге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын кәмелетке толмаған жаста қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігі 3) тармағының қағидалары ескеріле отырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалады.";
6) 14-тармақта:
екінші абзацтағы "тағайындаған" деген сөзден кейін "не егер сотталған адам жасаған қасақана қылмыс ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық іс-әрекеттер тізбесіне кірген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Егер ҚК-нің 46-бабына сәйкес жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін жазаларды бас бостандығынан айыру түрінде өтеу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әр түрінде көзделсе, онда түпкілікті жазаны айқындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің барынша қатаң түрі тағайындалады.
Бас бостандығынан айыруды өтеу үшін үкімдердің жиынтығы кезінде жиынтыққа кіретін үкімдердің бірі белгілеген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.
Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түпкілікті жаза бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны сіңіру жолымен тағайындалса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ҚК-нің 46-бабында көзделген тәртіппен, жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған қылмысты ғана ескере отырып тағайындалады.";
7) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. ҚК-нің 74-бабының негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған кезде, соттың үкімінде қылмыстық-атқару мекемесінің түрі көрсетілуі тиіс.
Шартты түрде сотталған адамның пробациялық бақылау мерзімі ішінде өзіне жүктелген міндеттерді қасақана орындамауына байланысты ҚК-нің 64-бабының үшінші бөлігі негізінде шартты түрде соттаудың күші жойылған жағдайда, оған ҚК-нің 46-бабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу тағайындалады.
ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігі 1) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, сотталған адамның өзі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыруды өтейтіні белгіленеді.";
19. "Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қылмыс пен қылмыстық теріс қылық өзара бірнеше рет жасауды құрамайды.
Әрекетті бірнеше рет жасау белгісі бойынша саралау немесе ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес қылмыстардың бірнеше рет жасалғандығын кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай деп тану кезінде, егер бұрын аяқталған ұқсас қылмыс, сондай-ақ оған оқталу, бірлесіп орындау не осы қылмысқа бірлесіп қатысу орын алған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылады.";
2) 19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте, егер жасалған әрекеттер ҚК-нің Ерекше бөлігінің дәл сол бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделсе, онда екінші қылмыстық құқық бұзушылық (аяқталған немесе аяқталмаған) бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралануға жатады.";
3) 20-тармақта:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"2002 жылғы 15 тамыздағы №19" деген сөздер "2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4" деген сөздермен ауыстырылсын;
20. "Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жекеше айыптау істерінің соттылығын айқындау кезінде қылмыстық істің қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі сотта қаралуға жататындығы туралы ҚПК-нің 314-бабының ережелерін сақтау қажет.
ҚК-нің 131-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істердің соттылығын айқындау кезінде мынадай ережелерді негізге алу керек. Адам өз атына айтылған қорлауды естіген (алған) кезде қорлау құрамы аяқталған болып саналады. Осыған байланысты адресатқа пошта не факсимильді байланыс немесе әлеуметтік желілер арқылы жіберу жолымен не телефон арқылы ауызша нысанда білдірілген қорлау фактісі бойынша қылмыстық істерді сот қорланған адамның тұрған жері бойынша қарауға тиіс.";
21. "Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы" 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер бірінші және екінші жәбірленушіні өлтіру арасында белгілі бір уақыт өтсе, онда ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 1) тармағы бойынша саралау кінәлі адамда екі жәбірленушіні де қазаға ұшырату жөнінде бір пиғыл болған жағдайда мүмкін болады. Мысалы, кінәлі адам алдымен бір жәбірленушіні қазаға ұшыратады, ал кейін өзінің екі адамды өлтіруге бағытталған бірыңғай пиғылын жүзеге асыру мақсатында біршама уақыт өткен соң және басқа жерде екінші жәбірленушінің де өмірін қияды.";
екінші, үшінші және төртінші абзацтар тиісінше үшінші, төртінші және бесінші абзацтар деп саналсын;
2) 14-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Жалдау арқылы адам өлтіру жөніндегі ұйымдастырушының әрекеті, егер ол жалдаған қылмысты орындаушының жәбірленушіні көрінеу қазаға ұшырату ойы болмаса және оның әрекеттері құқық қорғау органдарының бақылауымен адам өлтіруді имитациялаудың шеңберінен шықпаса, онда жалдау арқылы адам өлтіруді орындаушыны іздестіру жөніндегі ұйымдастырушының әрекеттері жалдаумен адам өлтіруді жасауға дайындықты құрайды және ҚК-нің 28-бабының үшінші бөлігі, 24-бабының бірінші бөлігі және 99-бабының екінші бөлігінің 8) тармағы бойынша саралануға жатады.";
3) 16-тармақта:
"қылмыстық құқық бұзушылық", "қылмыстық құқық бұзушылықтың", "қылмыстық құқық бұзушылықтардың", "қылмыстық құқық бұзушылықты" деген сөздер тиісінше "қылмыс", "қылмыстың", "қылмыстардың", "қылмысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер қазаға ұшырату жасалған қылмыстық теріс қылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасалса, ол ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 10) тармағында көзделген белгі бойынша саралануы мүмкін емес, өйткені бұл саралау белгісі басқа қылмысты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасалған адам өлтіру кезінде ғана орын алуы мүмкін.";
4) 20-тармақтағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу кезінде, екі адамды қазаға ұшыратуға бірыңғай пиғыл болмаған жағдайда, кінәлінің әрекеті "Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысының 19-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, саралануға жатады.";
5) мынадай мазмұндағы 20-2, 20-3-тармақтармен толықтырылсын:
"20-2. "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың бірі ретінде эпидемиядан туындаған төтенше жағдай болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың орын алуы "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен және "Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 және 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлықтарымен танылды. Қазақстан Республикасында эпидемияға байланысты төтенше жағдайдың болуы туралы өзге нормативтік құқықтық актілер жоқ.
Осыған байланысты ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 15) тармағы бойынша 2020 жылғы 16 наурыз сағат 08-ден бастап 2020 жылғы 11 мамыр сағат 00 кезеңінде, яғни Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 және 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 310 Жарлықтарымен енгізілген төтенше жағдай режимінің қолданылуы кезеңінде жасалған іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалған адам өлтіру белгісі бойынша саралануға жатады.
20-3. Жас баланы өлтіру, оның ішінде ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінің тармақтарында көрсетілген мән-жайлар кезінде өлтіру ҚК-нің 99-бабының үшінші бөлігі бойынша ғана саралануға жатады.
Жас баланы және жас бала болып табылмайтын басқа адамды бір пиғылмен өлтіру ҚК-нің 99-бабының үшінші бөлігінің және 99-бабы екінші бөлігінің 1) тармағының жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Жас баланы және жас бала болып табылмайтын адамды өлтіру, егер әрқайсысы жеке пиғылмен жасалса, қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға тиіс. Бұл ретте бірнеше рет жасалу белгісі, егер ол іс-әрекет жас баланы өлтіргеннен кейін жасалған болса, ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігі бойынша саралау кезінде тағылады.
Қылмыстық заңның кері күші туралы ережеге (ҚК 6-бабының үшінші бөлігі) сәйкес 2020 жылғы 11 қаңтарға дейін жасалған жас баланы өлтіру ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінің 14) тармағы бойынша саралануға жатады.";
6) 29-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Адамды өзін-өзі өлтіруге баруға дейін жеткізген кездегі іс-әрекет ҚК-нің 24-бабының үшінші бөлігіне сілтеме жасалмай, ҚК-нің 105-бабының тиісті бөлігі бойынша сараланады.";
7) 30-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Жәбірленушінің қылмыс жасалғаннан кейін бірден емес, оның өміріне қол суғадан кейін біраз өткен соң қайтыс болуы, егер кінәлінің қазаға ұшыратуға пиғылы (тікелей немесе жанама) және іс-әрекет пен орын алған салдары арасындағы себептік байланыстың болуы анықталса, кінәлінің іс-әрекеттерін адам өлтіру ретінде саралауға әсер етпейді.";
22. "Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырыптағы, кіріспедегі және бүкіл мәтін бойынша "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен", "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері", "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін", "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне", "нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер", "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінен", "нәпсіқұмарлық сипаттағы" деген сөздер тиісінше "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерге", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерден", "сексуалдық сипаттағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақта:
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян немесе ауыр зиян зорлау не өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасағаннан кейін келтірілсе, онда қылмыстардың жиынтығы орын алады.";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Зорлау, өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасау кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруді өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан зорлау ретінде ҚК-нің 120-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өзге де күш қолдану әрекеттерді жасау ретінде ҚК-нің 121-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы бойынша тиісінше саралаған жөн.";
үшінші, төртінші, бесінші абзацтар тиісінше төртінші, бесінші, алтыншы абзацтар деп саналсын;
3) 4-тармақта:
бірінші абзацтағы "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолданып", "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" деген сөздер тиісінше "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық", "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" деген сөздер "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-тармақтағы ""нәпсіқұмарлық" сипаттағы күш қолдануға", "нәпсіқұмарлық сипатта" деген сөздер тиісінше "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа" "сексуалдық сипатта" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 9-тармақтағы "нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану" деген сөздер сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 10-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Зорлау және зорлауға оқталу кезінде кінәлінің әрекеттері "Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысының 19-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, саралануға жатады.";
7) 10-тармақ "нәпсіқұмарлық сипатындағы", "нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерді" деген сөздер тиісінше "сексуалдық сипаттағы", "сексуалдық сипаттағы әрекеттерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
23. "Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Адамның бұрынғы соттылықтары туралы материалдар апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылған жағдайда, олар назарға алынбайды және жарамсыз деп танылады, бұл туралы апелляциялық қаулыда көрсетіледі.";
2) 9-тармақта:
үшінші сөйлемдегі "қылмыстың қайталану түрлерін анықтау кезінде" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚК-нің 60-бабын қолдану және өтелмеген соттылықтарды санамалау кезінде үкімнің кіріспе бөлігінде негізгі, сонымен қатар қосымша жазаның түрі мен мөлшерін көрсету керек.";
3) 12-тармақтағы "құқықтық зардаптардың" деген сөздер "қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-тармақтағы "қылмыстық құқық бұзушылықтардың" деген сөздер "қылмыстардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 27-тармақтағы "2005 жылғы 20 маусымдағы № 3" деген сөздер "2019 жылғы 31 мамырдағы № 1" деген сөздермен ауыстырылсын;
24. "Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақтың екінші абзацындағы "үш сағаттан кешіктірілмей" деген сөздер "дереу, бірақ үш сағаттан кешіктірілмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Прокурор азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, басқа да қатыгездік немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттердің қолданылғаны туралы шағымды ҚПК-нің 105-бабында белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тексереді. Азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, басқа да қатыгездік әрекеттердің қолданылғаны туралы жеткілікті деректер анықталған кезде прокурор шағымды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркейді және қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін тергеулілігі бойынша береді.";
3) 13-тармақтағы "сотқа дейінгі іс жүргізуді" деген сөздер "сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тергеу және өзге де процестік әрекеттер жүргізуді" деген сөздермен ауыстырылсын;
25. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.26. "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 345, 345-1, 346 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер), 348, 349-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, егер жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа немесе ауыр зиян келтіру түріндегі салдарларға не бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда ғана басталатынына назар аударсын.
ҚК-нің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір салдарлардың басталуы талап етілмейді.
ҚК-нің 346-бабының екінші бөлігі бойынша жауаптылық абайсызда бөгде көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіру, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіру түріндегі салдарлар болған кезде басталады.";
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болу фактісі ҚК-нің 345-1-бабында көзделген іс-әрекеттердің міндетті белгісі болып табылады.
Іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабының тиісті бөлігі бойынша саралау үшін екі мән-жайдың: 1) адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуы; 2) адамның осы іс-әрекетті жасағанға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылу фактісінің болуы анықталуға тиіс. Көрсетілген мән-жайлардың ең болмағанда біреуінің болуы іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабы бойынша саралауды жоққа шығарады.";
3) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Лауазымды адамның, көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамды көлік құралын басқаруға жіберуі ҚК-нің 346-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Лауазымды адамның, көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралдарын басқаруға құқығы немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруына жол беру бойынша әрекеттері, егер бұл іс-әрекет абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіруге не бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соқса, ҚК-нің 349-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға жатады.";
4) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жол көлік оқиғасы объектісі болып табылатын автокөлік құралы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруына немесе құралына жатқызылуы тиіс емес екенін және осы негіз бойынша мемлекет кірісіне тәркіленуге жатпайтынын соттардың ескергені жөн.";
5) 17-тармақта:
бірінші абзацтағы "ҚК-нің 345, 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген сөздер "ҚК-нің 345, 345-1-баптарында көзделген абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бесінші" деген сөзден кейін ", алтыншы" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші және төртінші абзацтардағы "бір жылдан", "бір жылға" деген сөздер тиісінше "екі жылдан", "екі жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің талаптарына орай ҚК-нің 345-1-бабының төртінші бөлігі және 346-бабының тиісті бөліктері негізінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін ғана тағайындалады. Көрсетілген уақытқа дейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза осы баптардың бұрынғы редакциядағы санкцияларында көрсетілген мерзімге тағайындалады.
Көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза сотталушының үкім шығару кезінде осындай құқығы болғанына немесе болмағанына қарамастан тағайындалады.";
27. "Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы)" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-тармақ алып тасталсын;
1) 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды қабылдау бойынша процестік өкілеттіктер берілмеген лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдері (жедел қызметкерлер, айдауылдар, сарапшылар және т. б.) ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен сотқа шағымдануға жатпайды.";
3) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Сотталғандардың жазаны орындайтын мекеменің немесе органның олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, сондай-ақ үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша прокурордың шешімдеріне не прокурордың олардың осындай шағымдарын қанағаттандырудан бас тартуына шағымдары ҚПК-нің 482-бабының ережелерін ескере отырып, ҚПК-нің 106-бабында көзделген тәртіппен сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот қарайды. Қарау нәтижелері бойынша сот ҚПК-нің 482-бабының төртінші бөлігінде көзделген шешімдердің бірін шығарады.";
4) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңда өзге тәртіппен шағымдану көзделген процестік әрекеттер (әрекетсіздік) мен шешімдердің күшін жою туралы шағымдар, атап айтқанда Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе баянатты тіркеудің күшін жою туралы шағымдар, оларды ҚПК-нің 179-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарының талаптарын бұза отырып, тіркеу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы, адамды күдікті, қорғануға құқығы бар куә деп тану, әрекетті дұрыс сараламау немесе айыптауды тұжырымдау туралы, не оның дәлелденбегені туралы, күдікті деп тану және әрекетті саралау кезінде заңды дұрыс қолданбау туралы, сот санкция берген бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шағымдар, сондай-ақ сот актілерінің заңсыздығы туралы шағымдар ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен қарауға жатпайды.";
5) 10-тармақтың бірінші абзацындағы "бұзылуы жөніндегі шағымдарды" деген сөздерден кейін "мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары, мамандандырылған тергеу соттары және" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған арызданушының шағымы, егер арызданушы дәлелді себептерсіз сот отырысына келмеген және өзінің сотқа келмеу себептері туралы уақтылы хабарламаған жағдайда да, қараусыз қалдырылуға тиіс.";
7) 12-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Судья шағымды іс жүргізуіне қабылдаған соң, прокурордың әрекеттеріне шағымдарды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе анықтау жүргізу кезінде жол берілген заң бұзушылықтарға ден қою шараларын қабылдау үшін прокурорға үш тәуліктен аспайтын уақыт беруге құқылы. Прокурордың арыз берушінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзушылықтарды жоюы тергеу судьясының шағымды қараусыз қалдыруы үшін негіз болып табылады.";
8) 13-тармақта:
бірінші абзацтағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Жабық сот отырысын тиісті адамдар мен прокурор қосылған бейнебайланыс режимінде өткізген кезде процеске қатысушы болып табылмайтын басқа адамдардың қолжетімділігі шектелуге тиіс.";
бесінші абзацтағы "судья" деген сөз "тергеу судьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 14-тармақта:
бірінші абзацтағы "төрағалық етуші" деген сөздер "тергеу судьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шағымды қарау кезінде тергеу судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді осы тергеу судьясы арызды қарау қорытындылары бойынша қаулы шығара отырып, жеке-дара шешеді. Тергеу судьясының қаулысына келтірілген шағымды, өтінішхатты шешетін апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді аталған соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы шешеді.
Судьяға қарсылық білдіру туралы арызды қарау қорытындылары бойынша қабылданған қаулы дербес шағымдануға жатпайды. Процеске қатысушының арызды негізсіз қабылдамау туралы дәлелдері шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын қаулыға жекеше шағымда немесе прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.";
10) 23-тармақтағы бірінші абзац алып тасталсын;
11) 26-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот қаулысы жарияланғаннан кейін, оның көшірмесі арыз берушіге және прокурорға сол күні тапсырылуға тиіс, ал егер олар сот отырысына қатыспаса, қол жетімді байланыс құралының көмегімен оларға жіберілуге тиіс. Арыз берушінің, прокурордың соттың қаулысына, тергеу судьясының санкциясына жекеше шағым беруі/өтінішхат келтіруі үшін ҚПК-нің 107-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзімді сақтауы олардың қаулының көшірмесін алу уақытымен байланысты емес, көрсетілген мерзім қаулы жарияланған сәттен бастап есептеледі. Сот қаулысына шағым беру мерзімін өткізіп алған жағдайда осы мерзім ҚПК-нің 50-бабының қағидаларына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.";
екінші абзацтағы "Шағым/наразылық", "жеке шағымға/наразылыққа" деген сөздер тиісінше "Жекеше шағым/өтінішхат", "жекеше шағымға/өтінішхатқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 27-тармақтағы "Жеке шағымды/наразылықты", "шағымына/наразылығына", "жеке шағымды/наразылықты" "шағымның/наразылықтың", "Шағым/наразылық" деген сөздер тиісінше "Жекеше шағымды/өтінішхатты", "шағымына/өтінішхатына", "жекеше шағымды/өтінішхатты", "шағымның/өтінішхаттың", "Шағым/өтінішхат" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 29-тармақта:
бірінші абзацтағы "жеке" деген сөз "жекеше" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Соттың жекеше қаулысы шығарылған адамға осы қаулыны орындау жүктеледі. Соттың жекеше қаулысын орындамау сот актісін орындамау болып табылады және осы нормативтік қаулының 28-тармағында көрсетілген сот қаулысын орындамаудың салдарына әкеп соғады.";
28. "Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы" 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар (бұдан әрі – соттар) төтенше жағдайлар кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтірулер туралы; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде) және 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді, сондай-ақ ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін алқабилердің қатысуымен қарайды.
Төтенше жағдай кезінде және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтірулер туралы; бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы, конституциялық құрылыстың негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы; террористік және экстремистік қылмыстар туралы; соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істер, сондай-ақ ҚК-нің 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттардың қарауына жатады.
Егер адам ҚК-нің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, олардың бірі бойынша іс алқабилер қатысатын соттың соттауына жататын қылмыс болып табылса, сондай-ақ, егер алқабилер қатысатын соттың қарауына жататын қылмыстық іс бойынша бірнеше адам айыпталып жатса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, онда оларға қатысты қылмыстық істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 14-бөлімінде көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.";
2) 5-тармақта:
төртінші абзацтағы "қосалқы" деген сөз "дара" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Алқабилер туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы №121 Заңының (бұдан әрі – Алқабилер туралы заң) 11-бабының 5-тармағына сәйкес алқабиге кандидат сотқа келуден дәлелді себепсіз жалтарған кезде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 655-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін лауазымды тұлға ҚК-нің 436-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады.";
3) 6-тармақтың бірінші абзацындағы "жүргізіледі" деген сөзден кейін ", бұл ретте кандидаттар қатарынан алқабилерді іріктеу жабық сот отырысында жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидаттар қатарынан алқабилерді іріктеу кезінде төрағалық етуші, сондай-ақ тараптар ҚПК-нің 639-бабының төртінші бөлігіне сәйкес кандидатқа алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтар қоя алады. Сұрақтар қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.";
5) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Сот отырысының хатшысы сот отырысынан тыс алқабилермен сот процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылауға құқылы.";
6) 9-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚПК-нің 650-бабының бесінші және алтыншы бөліктерінде белгіленген шектеулерді қоспағанда, іс бойынша анықталған барлық нақты деректер алқабилердің қатысуымен зерттелуге жатады.";
жетінші абзацтағы екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;
7) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Істі алқабилердің қатысуымен қарау кезінде тараптар судьяның рұқсатынсыз алқабилерге істе бұрын сот шешімімен алып тасталған дәлелдемелердің бар екендігі туралы айтуға құқылы емес.
Судья ҚПК-нің 648 және 650-баптарын басшылыққа ала отырып, алқабилерді жол берілмейтін дәлелдемелермен таныстыру, сондай-ақ олардың құзыретіне кірмейтін мәселелерді зерттеу мүмкіндігін болдырмайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Судья алқабилерді дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректермен таныстыруға тиіс емес. Егер сот талқылауы барысында ҚПК-нің 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер анықталса, төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен оларды осындайлар қатарынан алып тастау туралы мәселені шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда оларды заңды күші жоқ деп тануға, ал оларға жүргізілген зерттеуді жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешім қабылдау кезінде оларды ескермеу керектігін түсіндіруге міндетті.
Егер сот отырысы барысында сотталушы өзіне алдын ала тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді (айғақтар беруге мәжбүрлеу, азаптау) қолданғаны туралы мәлімдесе, судья сотталушының айғақтарын алқабилердің қатысуынсыз зерттейді, ол көрсеткен адамдардан жауап алуды жүзеге асырады. Егер тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы фактілер расталмаса, сот бұл туралы алқабилерге хабарлайды.
Егер алдын ала тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістерді қолдану туралы фактілер расталса, судья осындай тәсілмен алынған дәлелдемелерді жарамсыз деп таниды.";
8) 20-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚПК-нің 656-бабының он төртінші бөлігіне сәйкес судья мен алқабилердің жауаптары бар сұрақ парағына олардың әрқайсысы қол қояды, содан кейін "сұрақ парағы" деген жазуы бар конвертке салынып және осы түрде іс материалдарына қоса тігіледі.";
9) 22-тармақта:
бірінші абзацтағы "Қылмыстық кодекстің ерекше бөлігінде көрсетілген" деген сөздер "ҚК-нің Ерекше бөлігінде көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "5-ден бастап 8-ні қоса алғанда және 14-тармақтарда" деген сөздер "5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
29. "Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 7-тармақтағы ", сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласу белгісі бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
2) 12-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Адам саудасын бірнеше рет жасау белгісі бойынша саралау кезінде ҚК-нің Ерекше бөлігінің дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiрнеше рет жасалуы деп танылатын ҚК-нің 12-бабының ережелерін ескеру қажет. Осыған байланысты ересек адамға және кәмелетке толмағанға қатысты жасалған қылмыстар бірнеше рет жасауды құрамайды және ҚК-нің 128 және 135-баптарының жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Екі жәбірленушіге, оның ішінде біреуі кәмелетке толмағанға, ал екіншісі ересек адамға қатысты бір пиғылмен жасалған адам саудасы ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы және ҚК-нің 135-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс.";
3) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Іс-әрекетті ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақтары және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 3) және 4) тармақтары бойынша саралаған кезде соттар "Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысының 21 және 23-тармақтарында қамтылған түсіндірмелерді, ал ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 5) тармағы бойынша және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 11) тармағы бойынша саралаған кезде "Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 нормативтік қаулысының 9) тармағында келтірілген түсіндірмелерді басшылыққа алғаны жөн.";
4) 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кінәлінің әрекетін ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 7) тармағы және ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы бойынша саралау үшін адамның ағзалары мен тіндері іс жүзінде алынған-алынбағанына және пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан, адам саудасының транспланттау немесе өзге де пайдалану үшін жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін алу мақсатында жасалғанын анықтау қажет.
Тірі адамның ағзалары мен тіндерін алуға мәжбүрлеуге немесе заңсыз алуға байланысты әрекеттер ҚК-нің 128 не 135-бабында көзделген әрекет белгілері болмаған кезде ҚК-нің 116-бабының тиісті бөлігі – қылмыстық заңның арнайы нормасы бойынша дербес саралануға жатады.
Адамның ағзалары мен тіндерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру оның ағзалары мен тіндерінің іс жүзінде алынған-алынбағанына және пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан жиынтық ретінде ҚК-нің 128-бабы екінші бөлігінің 7) тармағы бойынша немесе ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 6) тармағы және ҚК-нің 99-бабы екінші бөлігінің 12) тармағы бойынша тиісінше сараланады.";
5) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстар немесе қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында сату осы мақсатқа нақты қол жеткізілуіне қарамастан, ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 9) тармағы бойынша сараланады. Егер мақсатқа қол жеткізілсе және кәмелетке толмаған адам қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартылса, онда жасалған әрекет ҚК-нің 135-бабы екінші бөлігінің 9) тармағында және ҚК-нің 132-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.";
6) 17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер адамды әкелу немесе әкету, транзиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту белгіленген тәртіпті бұзбай және жалған құжаттарды пайдаланбай немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдаланбай өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылса, аталған әрекеттер ҚК-нің 392-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді.";
30. "Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 4-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
"ҚК-нің 17-бабының екінші бөлігіне сәйкес есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алуға тиіс.
Егер кінәлі адамның жасаған әрекеті өзінің жас балаларына қарсы бағытталған болса немесе сотталушының асырауында жас балалар болмаса не ол ата-аналық құқықтарынан айырылған болса, ҚК-нің 53-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес жас балаларының болуы оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай деп танылуы мүмкін емес.
Басты сот талқылауы барысында прокурор ҚПК-нің 340-бабы бесінші бөлігінің қағидаларын сақтай отырып, жаңа айыптау актісін жасау арқылы айыптауды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайдың орын алғанын көрсетіп, толықтыруға құқылы.";
2) 5-тармақта:
бірінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуының болуы ҚК-нің 12-бабының бірінші бөлігінде бекітілген бірнеше рет жасалу ұғымына сәйкес айқындалады.
Сот үкімімен екі және одан көп қылмысты (олар бірнеше рет жасалған кезде және нақты жиынтығында) жасауға кінәлі деп танылған адамды алғаш рет қылмыс жасаған адам деп танылуы мүмкін емес.";
3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер ҚК-нің Жалпы бөлігінің ережелеріне сәйкес адамға ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделген жазаның бір де біреуі тағайындала алмаса, онда сот ҚК-нің 55-бабының төртінші бөлігіне сілтеме жасамай, оған ҚК-нің 40 немесе 81-бабында көзделген жазаның неғұрлым жеңіл түрін тағайындайды. Сот қабылдаған шешімнің негіздемесі ҚК-нің Жалпы бөлігінің жазаның сол немесе өзге түрін қолдануға тыйым салуды белгілейтін тиісті нормасының ережесіне сілтеме жасалып, үкімнің уәждеу бөлігінде жазылуға тиіс.";
4) 7-тармақта:
алтыншы абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер сот жаза тағайындау кезінде сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде жаза тағайындау қажет деген тұжырымға келсе, бұл қағидалар ескерілмейді.";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚК-нің 55-бабының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде жаза ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабының санкциясында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дайындағаны немесе қылмысқа оқталғаны үшін жаза тағайындау жағдайларында ҚК-нің 55-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер ҚК-нің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады. Кәмелетке толмаған адамға ҚК-нің 55 және 56-баптарының қағидалары бойынша айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындау кезінде соттар ҚК-нің 81-бабының тиісті жаза түрі мерзімінің немесе мөлшерінің ең жоғары және ең төменгі шектері туралы ережелерін негізге алғаны жөн.";
5) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша қылмыстық жаза мерзіміне қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енгенге дейін адамды күзетпен ұстау уақыты, оның ішінде адамды ҚПК-нің 131-бабының тәртібімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстау уақыты ғана есепке жатқызылады. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін адамның күзетпен ұсталу уақыты (іздестірудегі сотталған адамды ұстауға және оны этаппен апаруға, жазаны алмастыруға және т.б. байланысты) ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары қолданылмай, қылмыстық жазаның мерзіміне есептелуге жатады.
Адам ҚК-нің 63-бабы қолданылып, шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған кезде үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамауда ұстау уақыты ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша ол нақты бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда жазасын өтеуге жататын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ескеріле отырып, жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.";
6) 12-тармақта:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот үкiмi бойынша тағайындалған жазасы (айыппұл, қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу) ҚК-нің Жалпы бөлігінде осы жаза түрлері үшін көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарды бас бостандығынан айыруға сотталғандар деп тануға болмайды.";
тоғызыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сот ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағы негізінде қылмыстың қайталануын немесе қауіпті қайталануын, егер бұл туралы айыптау актісінде көрсетілген жағдайда ғана, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп тани алады.";
7) 14-тармақтағы үшінші абзац мынадай мазмұндағы бесінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер жиынтықты құрайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қосымша жазаның әр түрі тағайындалса, онда олар тиісті мөлшерлері мен мерзімдері келтіріле отырып, үкімде және түпкілікті жазаны тағайындау кезінде көрсетілуі тиіс.";
8) 15-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Егер адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ ол заңды күшіне енгенге дейін жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, онда сот ҚК-нің 58-бабы алтыншы бөлігінің қағидаларына сәйкес оған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындайды.";
9) 16-тармақта:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"бас бостандығын шектеуге, қоғамдық жұмыстарға тартуға, түзеу жұмыстарына немесе айыппұл салуға сотталған кезде – үкім шығарылған күнгі жағдай бойынша өтелмеген жаза. Алдыңғы үкім бойынша жаза толық өтелген жағдайда ҚК-нің 60-бабының қағидалары қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адам жаңа қылмыс жасаған жағдайда, жаңадан жасалған қылмыс үшін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау сәтінде қалған мерзімді жазаның өтелмеген бөлігі деп есептеген жөн. Егер аталған бұлтартпау шарасы тағайындалмаса, соңғы үкім шығарылған уақытқа қалған мерзім жазаның өтелмеген бөлігі болып табылады.";
10) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. ҚК-нің 65-бабы бірінші бөлігінің ережелері қылмыстық теріс қылық жасаған немесе алғаш рет қылмыс жасаған адамға қатысты әдетте мынадай мән-жайлардың жиынтығы болған кезде қолданылады: оның ҚПК-нің 182-бабына сәйкес ресімделген кінәсін мойындап келуі; қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал етуі; қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтыруы.
ҚК-нің 65-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатыла алмайды.
Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында ҚК-нің 65-бабы бірінші бөлігінің ережесі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамға қолданылуы мүмкін емес.";
11) 17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Егер сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына немесе үкімдердің жиынтығына кіретін қылмыстар үшін негізгі жазаның әр түрін тағайындаған болса, онда оларды толық немесе ішінара қосу кезінде түпкілікті жаза оның барынша қатаң түріне сүйене отырып тағайындалуы тиіс.
Егер қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазасын толық өтегенге дейін қылмыстық теріс қылық жасаса, ҚК-нің 60-бабының қағидалары қолдануға жатпайды. Мұндай жағдайларда үкімдер дербес орындалуы тиіс.";
екінші абзац төртінші абзац деп саналсын;
12) 20-тармақта:
бесінші абзацта:
бірінші сөйлемдегі "не шартты түрде соттау орын алса" деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлемдегі "48-бабына, 63-бабының төртінші бөлігіне немесе" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешкен кезде сот олардың тиесілілігін, меншік иесінің оның мүлкін құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланғаны жөнінде хабардар болуын анықтауға және анықталған жағдайға орай ҚПК-нің 118-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауға тиіс. Егер мүліктің меншік иесі басқа адамдардың оның мүлкін құқыққа қарсы пайдалану мақсаттары туралы білмесе және білуге тиіс болмаса, онда ол оған қайтарылуы тиіс.";
13) 22-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 50-бабының екінші бөлігінде көзделген экономикалық қызмет саласында және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы, сыбайлас жемқорлық және көліктік қылмыстар жасаған адамдарға қатысты ерекшеліктерді ескеруі қажет.
Егер ҚК-нің Ерекше бөлігі тиісті бабының санкциясында белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру көзделмесе, сот жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оған ҚК-нің 50-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша осындай қосымша жаза тағайындау туралы мәселені талқылауға тиіс.";
14) мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды, судья лауазымын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қаңтарға дейін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды, судья лауазымын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалады.
2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін мемлекеттік қызметте лауазымдарды, судья лауазымын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалады.";
31. "Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы" 2015 жылғы 2 қазандағы № 6:
1) 2-тармақтағы бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚК-нің 72-бабына қатысты қылмыспен келтірілген және өтелуге жататын залалға қылмыспен тікелей келтірілген залал да, сот үкімімен немесе сот шешімімен сотталған адамнан өндіріп алынған өзге де сомалар, жатады.
Сотталған адамның өтеуіне жататын қылмыспен келтірілген залалдың мөлшері сот үкімімен, сонымен қатар қылмыстық істен туындайтын азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған заңды күшіне енген шешіммен белгіленеді.";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Сотталған адам ҚПК-нің 621-бабының екінші бөлігінде көрсетілген процестік келісімнің барлық шартын орындаған және нәтижелер басталған жағдайда ғана ҚК-нің 72-бабы үшінші бөлігінің 5) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.";
3) 6-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер көрсетілген мерзімдерді жазаның жалпы мерзіміне есепке алу туралы шешім сот үкімінде немесе үкімді орындау тәртібімен шығарылған сот қаулысында көрсетілмесе, онда сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде ҚК-нің 62-бабы үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің талаптарына сәйкес өз қаулысында осындай есепке алу туралы қаулы шығарады.";
4) 9-тармақтағы "ҚК-нің 72-бабының бірінші бөлігіне" деген сөздер "ҚК-нің 72-бабының үшінші, төртінші және алтыншы бөліктеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігі 1) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, сотталған адамға бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігін өтеуге ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі белгіленеді.";
6) 19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сот Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде ҚК-нің 72-бабының екінші бөлігіне сәйкес пробациялық бақылау қосымша жаза ретінде белгіленбейді.";
7) 20-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚК-нің 72-бабы екінші бөлігінің мағынасы бойынша адамды бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде пробациялық бақылау белгіленбейді.";
8) 21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберумен немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.";
32. "Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8:
1) 4-тармақтағы "және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 11-бабындағы ескертпенің" деген сөздер алып тасталсын:
2) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Адамның орындалуы үшін пара берілген әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған-жасамағанына қарамастан, пара нысанасын толықтай немесе бөлігін қабылдаған сәтінен бастап, пара алу аяқталған деп есептеледі. Параны қабылдау деп оны өзі физикалық иелік етуі, сондай-ақ оның басқалай, бірақ келісілген шарттарда берілуі (шотқа аудару, туысына беру, оны белгілі бір жерге салып қою арқылы және т.б.) түсініледі. Бұл ретте пара алушының өзіне берілген құндылықтарды өз қалауы бойынша пайдалануға немесе оларға билік етуге нақты мүмкіндік алған-алмағанының маңызы жоқ.
Жедел-іздестіру іс-шарасының не жасырын тергеу әрекеті шеңберінде қылмыстық қудалау органдарының бақылауымен пара алу да аяқталған қылмыс ретінде сараланады.
Адам пара түрінде алған ақша жалған не түгел немесе ішінара ұқсастырылған ақша белгілері болып шыққан жағдайларда, оның әрекеттерін бүкіл келісілген пара сомасын алуға оқталу деп саралаған жөн.
Адам ұсынылған параны алудан өз еркімен бас тартқан жағдайда, ол ҚК-нің 26-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, ал пара берушінің әрекетін пара беруге оқталу деп саралаған жөн.
Егер пара нысанасын беруге немесе алуға тікелей бағытталған адамдардың әрекеттері олардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты орындалмаса, яғни пара берудің немесе алудың объективті жағы басталған болса, онда жасалған іс-әрекетті пара беруге немесе алуға оқталу ретінде саралаған жөн. Пара берушінің не пара алушының пара берудің немесе пара алудың объективті жағының тікелей басталуын құрамайтын өзге де дайындық әрекеттері пара беруге немесе алуға оқталу деп танылмауға тиіс. Мұндай әрекеттер ҚК-нің 24-бабының бірінші бөлігіне сәйкес пара берушіге не пара алушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша осы әрекеттердің жолы кесілген және қылмыс (ауыр немесе аса ауыр) соңына дейін жеткізілмеген жағдайларда пара беруге не алуға дайындалу деп саралануы мүмкін.";
3) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Парақорлықтағы делдалдықты көмектесу нысанында пара беруге немесе алуға бірге қатысудан ажырату қажет.
ҚК-нің 368-бабының бірінші бөлігіне сәйкес пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімді іске асыруға ықпал еткен адам делдал деп танылуы керек. Делдал, әдетте, осы мақсатта пара берушімен де, пара алушымен де байланыс орнатады, оларды әрқайсысының қылмыс жасауға ниеті мен дайындығы және оны жасау шарттары туралы хабардар етеді.
Бұл ретте пара туралы келісімге қол жеткізуге ықпал ету пара алушы мен пара беруші арасында тиісті келіссөздер жүргізуде, олардың арасында кездесулер ұйымдастыруда, пара беру-алу туралы келісімнің шарттарын талқылауға қатысу түрінде көрсетілуі мүмкін. Пара туралы келісімді іске асыруға ықпал ету пара беруші мен пара алушының пара нысанасын мақсатына тікелей беру туралы келісімді орындауына бағытталған іс-әрекеттер жасауымен сипатталады.
Көмекші, басқа сыбайлас қатысушы сияқты, парақорлық субъектілерінің бірінің жағында болады. ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігіне сәйкес өзінің кеңестері, нұсқаулары, ақпарат беруі, пара беру-алу шарттарын жасауы не оған кедергілерді жою арқылы қылмыс жасауды жеңілдеткен адам, сол сияқты орындаушыларды, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы іс-әрекеттің іздерін жасыруға алдын ала уәде берген, сол арқылы пара беруші немесе пара алушы көздеген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адам көмектесуші деп танылады.
ҚК-нің 28-бабының тиісінше үшінші, төртінші немесе бесінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді орындаған және бір мезгілде делдалдық функцияларды орындаған ұйымдастырушы, айдап салушы не көмектесуші пара беруге немесе алуға сыбайласып қатысқаны үшін жауапты болады. Сыбайлас қатысушының әрекетін саралау кезінде оның пиғылының бағытын ескеру, пара берушінің немесе пара алушының – кімнің мүддесі үшін, кімнің жағында және кімнің бастамасы бойынша әрекет еткенін анықтау қажет. Ұйымдастырушының, айдап салушының не көмектесушінің белгіленген әрекетіне байланысты ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасала отырып, ҚК-нің 366 не 367-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануға жатады. Бұл жағдайда парақорлыққа делдал болғаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК-нің 368-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді.";
4) 20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Алаяқтық жолымен құндылықтарды иемдену адамның өзіне берілген құндылықтарды өз қалауы бойынша пайдалануға немесе оларға билік етуге нақты мүмкіндігі болған сәттен бастап аяқталған болып саналады.
Адамның ақшалай қаражатты немесе өзге де құндылықтарды осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджет бөлген ақшалай қаражатты немесе жәбірленушіге тиесілі емес өзге де қаражатты пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шарасының не жасырын тергеу әрекетінің шеңберінде қылмыстық қудалау органдарының бақылауымен алаяқтық жолымен алуын алаяқтық жасауға оқталу ретінде бағалаған жөн.";
5) мынадай мазмұндағы 27-1 және 27-2-тармақтармен толықтырылсын:
"27-1. Егер адам ақша алушының айдап салуымен, өз еркімен, оның ішінде алдана отырып, ақшаны немесе өзге де құндылықтарды пара ретінде берсе, онда ол пара беруші болып танылады және қылмыстық жауаптылықта болады. Мұндай адам, егер ол пара беру туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ҚК-нің 367-бабына ескертпенің 2-тармағы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда іс ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 12) тармағына сәйкес тоқтатылады. Қылмыстық процесте мұндай адам куәгер ретінде әрекет етеді.
Егер адам пара бергенге дейін параны қорқытып алу немесе пара беруге итермелеу фактісі туралы өз еркімен мәлімдеген жағдайда, онда параны құқық қорғау органының бақылауымен берген мұндай адамға қатысты қылмыстық қудалау оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тоқтатылады. Қылмыстық процесте бұл адам жәбірленуші ретінде әрекет етеді.
Қылмыстық қудалау органының іс бойынша қабылданған барлық шешімі қаулымен ресімделуге және іс материалдарына қоса тігілуге тиіс.
27-2. Алғаш рет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам қылмыстық топтың құрамында болмай, өзінің кінәсін мойындап келгенін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткенін, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтырғанын, сондай-ақ оның жеке басы туралы деректерді ескере отырып, ҚК-нің 65-бабының бірінші бөлігі негізінде шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Бұл туралы шешімді тек сот қабылдай алады.";
6) 28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза адамның қылмыс жасаған кезде ҚК-нің 50-бабының екінші бөлігінің тізбесінде көрсетілген ұйымдарда белгілі бір қызметпен айналысқан-айналыспағанына немесе белгілі бір лауазымды атқарған-атқармағанына қарамастан, міндетті түрде тағайындалады.";
33. "Соттардың қылмыстық істер бойынша келісімдік тәртіпте іс жүргізу практикасы туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № 4:
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Сыбайлас қатысушылармен жасалған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жеке сыбайлас қатысушымен жасалмайды. Мұндай келісімге қылмыстың барлық сыбайлас қатысушыларымен бір мезгілде жасалған жағдайда ғана жол беріледі.";
2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Егер қылмыстық іс бойынша сот талқылауы барысында сотталушыдан немесе қылмысқа сыбайлас қатысушы болып табылатын барлық сотталушылардан кінәні мойындау туралы келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түссе, онда сот ҚПК-нің 628-бабына сәйкес сот талқылауын үзеді және тараптарға оны жасасу үшін ақылға сыйымды мерзім береді.
Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған жағдайда судья ҚПК-нің 64-тарауының қағидалары бойынша келісу іс жүргізуінде істі қарауды жалғастыру туралы қаулы қабылдайды.";
3) 22-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер сот басты сот талқылауы барысында жасалған процестік келісіммен келіспеген жағдайда, сот тараптарға жаңа процестік келісім жасауға уақыт береді. Тараптар процестік келісім шарттары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда немесе сот жаңа процестік келісіммен келіспеген жағдайда, соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіппен жалғасады. Бұл жағдайда жаңа айыптау актісін жасау талап етілмейді.";
34. "Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13:
1) 2-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;
2) 4-тармақта:
екінші абзацтағы "қылмыстық процестің өзі еркін сөйлеп, жаза алатын тілде жүргізілу," деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзац алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. ҚПК-нің 30-бабының бесінші бөлігіне сәйкес процеске қатысушыларға тапсырылуға жататын құжаттардың жазбаша аудармасы міндетті түрде қамтамасыз етілуге тиіс.
ҚПК-ге сәйкес күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі кезеңде тапсырылуы тиіс құжаттарға мыналар жатады: бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға санкция беру туралы сот қаулысының көшірмесі (ҚПК-нің 148-бабының оныншы бөлігі); адамды күдікті деп тану туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 202-бабының екінші бөлігі); тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі (ҚПК-нің 256-бабының төртінші бөлігі); сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының көшірмесі (ҚПК-нің 288-бабы); айыптау актісі (ҚПК-нің 304-бабы) және ҚПК-де табыс етілуі тікелей көрсетілген басқа да процестік құжаттар.
Сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға мыналар тапсырылуға тиіс: қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы (ҚПК-нің 327-бабы); сотталушыға бұлтартпау шарасын өзгерту немесе сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімін өзгерту туралы судья қаулысының көшірмесі, егер прокурор сотта айыптауды өзгертсе, айыптаудың жаңа тұжырымдамасы (ҚПК-нің 329-бабы); үкімнің көшірмесі (ҚПК-нің 404-бабы); апелляциялық (жекеше) шағым мен наразылықтың көшірмесі (ҚПК-нің 420-бабының екінші бөлігі) және басқалары.
Құпиялылық режимін сақтау мақсатында мемлекеттік құпияларды немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттардың түпнұсқасы мен аудармасы қылмыстық процеске қатысушыларға танысу үшін ғана беріледі. Көшірмені алуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, таныстырылған соң мұндай құжаттардың түпнұсқасы мен аудармасы іс материалдарында бөлек жабық конвертте (пакетте) сақталады.";
4) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының аудармашы функцияларын қоса атқаруына жол берілмейді және бұл сот ісін жүргізу тілі туралы заңды өрескел бұзу ретінде бағалануға тиіс. Әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылып жатқан, сондай-ақ жазасын өтеп жүрген адамдарды аудармашы ретінде тартуға жол берілмейді.";
5) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Сот процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы қаулы шығаруға және істі мемлекеттік (қазақ) тілде қарауды жалғастыруға құқылы.";
6) 13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Істі соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешу сатысында сот ісін жүргізу тілінің бұзылуы анықталған жағдайда, сот ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес істі бұзушылықтарды жою үшін прокурорға қайтарады.";
7) 14-тармақтың төртінші абзацындағы "29 қаңтардағы" деген сөздерден кейін "№ 73-V" деген сөздермен толықтырылсын;
35. "Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 14:
1) 1-тармақтың екінші абзацында:
"аса ауыр қылмысты" деген сөздерден кейін "не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты" деген сөздермен толықтырылсын;
"(ҚК-нің 432-бабы) және" деген сөздерден кейін "кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2-тармақтың бірінші абзацындағы "дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгілі" деген сөздерден кейін "кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр қылмыс," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 5-тармақтағы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына" деген сөздер "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VI Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-тармақтың бірінші абзацындағы "аса ауыр қылмысты" деген сөздерден кейін "не кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты" деген сөздермен толықтырылсын.
36. "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану бойынша сот практикасы туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 15:
1) 11-тармақтағы "Бұл мәселелерді" деген сөздерден кейін ", ҚПК-нің 478-бабының 3-1-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
3) 19-тармақтағы "шағымдалуы және наразылық білдірілуі" деген сөздер "қайта қаралуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
37. "Сот үкімі туралы" 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4:
1) 15-тармақтың екінші абзацындағы "жазалау шарасы" деген сөздер "негізгі жазаның, сондай-ақ қосымша жазаның түрі мен мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 36-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚПК-нің 173-бабында көзделген жәбірленушілердің кейбір санаттарына өтемақыны "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Заңының (бұдан әрі – Қор туралы заң) ережелеріне сәйкес қылмыстық қудалау органының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді. Сотталушыға регрестік талаптар бойынша Жәбірленушілерге өтемақы қорынан (бұдан әрі - Қор) өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы, Қорға мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім және олардың мөлшері де айыптау үкімінің қарар бөлігінде көрсетілуі тиіс. Мәжбүрлі төлем мөлшері нормалары 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін ҚК-нің 98-1, 98-2-баптарында көзделген тәртіппен айқындалады.";
3) мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
"36-1. Сотталған адамдардан Қорға мәжбүрлі төлемді өндіріп алуды сот ҚК-нің 98-1 және 98-2-баптарының және Қор туралы заңның нормаларына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
Мәжбүрлі төлемді өндіріп алу сот әрбір айыптау үкімін шығарған кезде және әрбір сотталған адамнан, оның ішінде адамдар тобы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде де міндетті болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезінде сотталған адамнан неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтың тиісті санатына сәйкес келетін мәжбүрлі төлем өндіріп алынады.
ҚК-нің 58-бабының алтыншы бөлігінің қағидаларына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде сот екі үкім бойынша бір мәжбүрлі төлем өндіру туралы шешім қабылдауы тиіс. Егер бірінші үкім бойынша адам неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотталып, одан тиісті мәжбүрлі төлем өндірілген болса, онда соңғы үкіммен мәжбүрлі төлем қайтадан өндірілмейді. Егер соңғы үкім бойынша адам неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотталатын болса, онда мәжбүрлі төлем сомасы сол қылмыстық құқық бұзушылық санатына сәйкес бірінші үкім бойынша өндірілген төлем есепке алына отырып өндіріледі.
Мәжбүрлі төлем сот арқылы қандай да бір ерекшеліктерсіз өндіріп алынады. Қылмыстық заң мәжбүрлі төлемнен босату үшін негіздерді қамтымайды. Мәжбүрлі төлемді өндіріп алу үшін іс бойынша жәбірленушінің бар-жоғы, азаматтық талап қою, не оның жоқтығы, залалды өтеу және өзге де мән-жайлар құқықтық маңызға ие емес.
Мәжбүрлі төлем 2018 жылғы 30 маусымнан кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жүргізіледі.
Мәжбүрлі төлемнің мөлшерін анықтау кезінде қылмыстық әрекет жасалған кезде қолданылған айлық есептік көрсеткішті негізге алу керек.
Егер бірінші сатыдағы сот айыптау үкімін шығару кезінде сотталған адамнан мәжбүрлі төлемді өндіріп алмаған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот оны прокурордың өтінішхаты (наразылығы) немесе жәбірленушінің шағымы бойынша өндіруге құқылы.";
38. "Әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы қолданудың сот практикасы туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 1:
1) 9-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 6-бабына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазасын өтеген адамдарға қатысты бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.";
39. "Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1:
1) 6-тармақтағы "күзетпен қамауға алуды" деген сөздер "күзетпен ұстауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚПК-нің 48-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес күзетпен ұстау мерзімі нақты ұсталған кезден бастап есептеледі, осыған байланысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыда: осы мерзімді есептеудің басталуы минутына дейінгі дәлдікпен; осы бұлтартпау шарасы санкцияланатын мерзім; осы мерзімнің аяқталу уақыты бір минутқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.";
3) мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Сотта іс жүргізу кезінде сотталушыны күзетпен ұстау мерзімін есептеу іс сотқа келіп түскен мерзімнен бастап ҚПК-нің 342-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға, сот талқылауын кейінге қалдыруға, соттылығының өзгеруіне байланысты істі бір соттан басқа сотқа беруге қарамастан, сотталушыны сотта іс жүргізу кезінде күзетпен ұстаудың жалпы мерзімі іс сотқа бірінші келіп түскен күннен бастап және үкім шығарылғанға дейін есептеледі және ҚПК-нің 342-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзімдерден аспауға тиіс.
ҚПК-нің 342-бабының екінші және үшіні бөліктерінде көрсетілген күзетпен ұстау мерзімдері өткеннен кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге бұлтартпау шарасына өзгертуі тиіс.";
4) 15-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы қаулысында осы бұлтартпау шарасы ұзартылған мерзім, сондай-ақ осы мерзімнің аяқталу уақыты минутына дейінгі дәлдікпен көрсетілуге тиіс.";
40. "Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3:
1) 2-тармақтағы "оралмандардың" деген сөз "қандастардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-тармақтағы "оралмандар" деген сөз "қандастар" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 29-тармақтың екінші абзацындағы "қылмыстық қудалау органы" деген сөздер "қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шегінде қылмыстық процесті жүргізетін орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Ж. Асанов |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |