Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Еуропа Кеңесінің Қазақстан Республикасындағы Офисіне және оның құқықтық мәртебесіне қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Еуропа Қеңесінің Қазақстан Республикасындағы Офисіне және оның құқықтық мәртебесіне қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Еуропа Кеңесінің Қазақстан Республикасындағы Офисіне және оның құқықтық мәртебесіне қатысты өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспанға Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Еуропа Кеңесінің Қазақстан Республикасындағы Офисіне және оның құқықтық мәртебесіне қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы № Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕУРОПА КЕҢЕСІ АРАСЫНДАҒЫ ЕУРОПА КЕҢЕСІНІҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ОФИСІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі (бұдан әрі "Тараптар" деп аталады)
Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың жаңа институционалдық нысанын орнатуға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Осымен Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласында Еуропа Кеңесінің Офисін (бұдан әрі "Офис" деп аталады) құру арқылы Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа институционалдық нысаны белгіленеді.
2-бап
Офистің негізгі міндеттері:
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен қатынастарда Еуропа Кеңесі Бас хатшысының атынан өкілдік ету;
2.2 Еуропа Кеңесінің бірлескен қызметіндегі нысаналы бағыттарды, оның ішінде Еуропалық Одақпен және басқа да донорлармен үкіметтік емес .ұйымдарға арналған бірлескен гранттық бағдарламаларды және жобаларды жоспарлау, келісу және уақтылы іске асыру процесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жергілікті жерлерде консультациялар беру, қолдау және үйлестіруді жүзеге асыру;
2.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен ынтымақтаса отырып, әлеуетті арттыру саласындағы қажеттіліктердің анықталуын жеңілдету;
2.4 Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарымен келісу бойынша нақты жобалар үшін қаражат жинау бойынша іс-шараларды жүргізу;
2.5 Қазақстан Республикасында басқа да халықаралық ұйымдармен және институттармен (ЕО, ЕҚЫҰ, БҰҰ), сондай-ақ Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен әрекет ететін және тіркелген басқа да халықаралық және жергілікті әріптестермен қызметті үйлестіру;
2.6 қабылдаушы Тараппен келісу бойынша Еуропа Кеңесіне, оның құндылықтарына және қалың жұртшылық арасындағы қызметіне назар аудару мақсатында БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау;
2.7 Орталық Азияның басқа да елдерінде Еуропа Кеңесінің өңірлік іс - қимылдарын үйлестіру болып табылады.
3-бап
3.1 Офис Еуропа Кеңесінің Персонал туралы ережелері мен қағидаларына сәйкес жалданған Еуропа Кеңесінін персоналымен (бұдан әрі "Офис персоналы" деп аталады), оның ішінде жергілікті негізде жұмысқа қабылданатын персоналмен жасақталды;
3.2 Еуропа Кеңесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін Офис персоналының есімдері мен функциялары туралы хабардар етеді;
3.3 Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Офис басшысын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өз шешімі туралы жазбаша нысанда хабар береді.
4-бап
4.1. Еуропа Кеңесінің мекемесі бола отырып Офис құқықтық субъектілікке ие болады және шарттар жасасуға, жылжымалы мүлікті сатыл алуға және оған билік етуге, қылмыстық процесті қозғауға бастамашылық жасауға, ұлттық және шетел валютасында банк шоттарын ашуға және оларға иелік етуге құқылы;
4.2 Офис, оның мүлкі, үй-жайы мен активтері Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті осындай иммунитеттен айқын көрсетілген нысанда бас тартатын нақты жағдайлардан басқа, әкімшілік, сот немесе заңнама тәртібімен болсын тінтуден, реквизициялаудан, тәркілеуден, экспроприациялаудан немесе араласудың кез келген басқа да нысанынан иммунитетті пайдаланады. Алайда иммунитеттен бас тартудың ешқайсысы қандай да бір орындау шараларына қолданылмайды деп болжанады;
4.3 Офиске қол сұғылмаушылық қолданылады. Қазақстан Республикасының билігі Офистің үй-жайларына Еуропа Кеңесі Бас хатшысының немесе Офис басшысының айқын келісімінен кейін немесе өтініші бойынша ғана кіруге құқылы. Өрт, су тасқыны, дүлей зілзала, техногендік авариялар, әскери іс-қимылдар, террорлық шабуылдар және "еңсерілмейтін күш жағдайлары" ұғымына жататын және қоғамдық қауіпсіздікке ықтимал қатер төндіретін өзге де төтенше жағдайлар кезінде мұндай келісім талап етілмейді.
5-бап
Офистің архивтеріне және жалпы алғанда, оған тиесілі немесе оның иелігіндегі барлық құжатқа олар қай жерде болса да қол сұғылмайды.
6-бап
Қаржылық бақылаумен, регламенттермен немесе қандай да бір қаржылық мораторийлермен шектелместен:
6.1 Офис валютаның кез келген түріне иелік ете алады және кез келген валютада шоттары болады;
6.2 Офис өз қорларын бір мемлекеттен басқасына немесе кез келген мемлекеттің шегінде еркін түрде аудара алады және өзінде бар кез келген валютаны кез келген басқа валютаға айырбастай алады;
6.3 Офис жоғарыда көрсетілген 6.1 және 6.2-тармактарда көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы тарапынан болатын қандай да бір ұсыныстарды Офистің мүдделеріне нұқсан келтірмейді деп есептелетіндей шамада тиісті түрде ескереді.
7-бап
Офис, оның активтері, кірісі немесе өзге де мүлкі:
a. барлық тікелей салықты төлеуден босатылады; алайда, Офис коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін алымдардан аспайтын мөлшерлемелерден, салықтардан немесе алымдардан босатуды талап етпейтін болады;
b. Офиске ресми пайдалану үшін қажетті заттарға қатысты әкелуге және әкетуге барлық кедендік бажды төлеуден және тыйым салулар мен шектеулерден босатылады; осындай босатуға сәйкес әкелінетін заттар осы елдің үкіметі бекіткен шарттарды қоспағанда, әкелінген елде сатылмайтын болады;
c. оның жарияланымдарына қатысты импорт пен экспортқа барлық кедендік баждан және тыйым салулар мен шектеулерден босатылады.
8-бап
8.1 Офис персоналы өздерінің ресми байланыс құралдары үшін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге Қазақстан Республикасы ұсынатыннан кем болмайтын қолайлы жағдайларды пайдаланады;
8.2 Офис персоналының ресми хат-хабары және кез келген өзге де ресми хабарламалары цензураға жатпайды;
8.3 Офис Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің толық коммуникациялық қабілетін қамтамасыз етуге қажетті байланыс арналарын, құралдарын және көрсетілетін қызметтерін пайдалана алады. Офис өз қызметі үшін радиожиілік спектрін қолдана отырып, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде тиісті рұқсат беру құжаттарын алады. Офистің хабар тарату үшін жиіліктерді пайдалануға құқығы жоқ;
8.4 Офис персоналының атына жіберілетін немесе олардан шығатын жеке хат алысу және өзге де хабарламалар Офистің ресми хабарламасы ретінде қаралады және сол себептен осы Меморандумның ережелері қолданылады.
9-бап
9.1 Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Офис персоналына мынадай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі:
a. ресми түрде және өз өкілеттіктері шегінде айтқан немесе жазған сөздеріне және барлық жасаған әрекетіне қатысты сот процесінен қорғалған болу;
b. Еуропа Кеңесі оларға төлейтін айлықақылар мен сыйақыларды салық салудан босату;
c. шетелдіктер ретінде келу, болу, тіркелу бөлігіңде Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің персоналына Қазақстан Республикасы ұсынатыннан кем болмайтын қолайлы жағдайлар;
d жұбайымен (зайыбымен) және өздерінің асырауындағы туыстарымен бірге иммиграциялық шектеулерден және шетелдіктерді тіркеуден қорғалған болу;
е. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің құрамына кіретін тиісті дәрежедегі лауазымды адамдарға берілетін, валюта айырбастауға қатысты нақ сол артықшылықтар;
f. Қазақстан Республикасында лауазымын алғаш атқару кезінде өз жиһазы мен мүлкін бажсыз әкелу және оларды өзі тұратын мемлекетке бажсыз әкету құқығы.
9.2 Офис персоналының отбасы мүшелері, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, артықшылықтар мен иммунитеттерді (жоғарыда b және е тармақтарында көрсетілген) пайдаланады. Офис персоналының отбасы мүшелері деп онымен бірге тұратын жұбайы/зайыбы және некеде тұрмайтын, 18 жасқа толмаған балалары түсініледі;
9.3 Артықшылықтар мен иммунитеттер Офис персоналына осы адамдардың жеке пайдасы үшін емес, Еуропа Кеңесінің мүдделері үшін беріледі. Еуропа Кеңесі Бас хатшысының өз пікірінше, иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және Еуропа Кеңесінің мүдделеріне нұқсан келтірмей одан бас тартуға болатын жағдайларда, кез келген лауазымды адамның иммунитетінен бас тартуға құқығы бар және міндетті болады;
9.4 Жоғарыда аталған артықшылықтар мен иммунитеттерден басқа, Офис басшысы, егер ол Қазақстан Республикасының азаматы болмаса, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенңиясымен кепілдік берілген дипломатиялық персоналдың артықшылықтары мен иммунитеттерін пайдаланады.
10-бап
Офистің жұмыс істеуі ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған бюджеттен тыс ресурстардың есебінен қаржыландырылады.
11-бап
Офиске езі пайдаланатын үй-жайларға, сондай-ақ өзінің көлік құралдарына Еуропа Кеңесінің атауы мен логотипін орнатуға рұқсат етіледі.
12-бап
Офис бағасы акциздік баждарды немесе салықтарды қамтитын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді өзі қызмет бабында пайдалану үшін сатып алатын жағдайларда, Қазақстан Республикасы осындай баждарды немесе салықтарды төлеуден босату немесе төленген соманы қайтару үшін тиісті әкімшілік шаралар қабылдайды.
13-бап
Офис персоналы:
а. лауазымды адамдарға Еуропа Кеңесі көздеген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдарын қолданудан босатылады. Мұндай босату Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ерікті түрде қатысуына кедергі келтірмейді, бұл ретте мұндай қатысуға Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасымен жол берілуі керек;
b. тиісті жағдайларда жұбайымен (зайыбымен) және ездерінің асырауындағы туыстарымен бірге, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олардың Қазақстанда болу кезеңіне уақытша тіркеуде тұрады/дипломатиялық аккредиттеу картасын алады.
14-бап
14.1 Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Офис Басшысы және персоналының мүшелері иелері болып табылатын көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жүргізіледі;
14.2 Еуропа Кеңесі Офисінің көлік құралдары дипломатиялық нөмір белгілерімен тіркеледі және үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті тиісті сақтандыруы болады.
15-бап
Офис пен оның персоналы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын кұрметтейді, сондай-ақ Офистің мандатына және міндеттеріне үйлеспейтін әрекеттерден тартынады.
16-бап
Офис жергілікті негізде шарт бойынша жалдаған көрсетілетін қызметтерді берушілер мен консультанттарға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
17-бап
Осы Меморандумды түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер арқылы шешілетін болады.
18-бап
18.1 Офис бастапқы кезеңде үш жылға құрылады, оның соңында Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті Қазақстан Республикасының билігімен келісу бойынша Офис мандатының мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдайтын болады;
18.2 Осы Меморандум Еуропа Кеңесі дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді;
18.3 Осы Меморандум 3 (үш) жыл бойы күшінде қалады және егер Тараптардың бірде-бірі екінші Тарапты тиісті үш жылдық кезең өткенге дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша түрде хабардар етпесе, келесі үш жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады;
18.4 Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Меморандумның ажырамас белігі болып табылады және осы баптың 18.2-тармағына сәйкес күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
жылғы " " қаласында екі данада,
әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Меморандумның үш мәтіні арасында алшақтықтар болған жағдайда, ағылшынша мәтін артықшылықты күшке ие болады.
Қазақстан Республикасынан | Еуропа Кеңесінен |