"Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 195 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi – Қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн мынадай нормалар мен лимиттер:

      Қор резервiнiң есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарына есептелетiн ең төменгi мөлшерi провизия мөлшерiнiң кемiнде он проценті мөлшерiнде белгiленсiн. Қор қызметiнiң нәтижесiнде мүмкiн болатын тәуекелдердi жабу үшiн қалыптастырылатын және оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететiн Қор резервi Қордың активтерi мен провизиясының айырмасы ретiнде айқындалады;

      Қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған банктік шотындағы ақшаның ай сайынғы инвестицияланбайтын қалдығының есепті айдан кейінгі айдың басындағы ең төменгі мөлшері есепті айдың алдындағы айда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік төлемдер сомасының бір жарым еселенген мөлшерінен кем емес, бірақ 100000000 (бір жүз миллион) теңгеден төмен емес мөлшерде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.10.2020 № 637 қаулысымен.

      2. Қор провизияларды Қордан алушыларға төленетiн болашақ әлеуметтiк төлемдердiң келтiрiлген құны ретiнде актуарлық есеп-қисаптарды пайдалана отырып жыл сайын айқындайды.

      3. "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамының қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн нормалар мен лимиттердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 654 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 261-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады