"Ерекше тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 414 қаулысы

"Ерекше тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Ерекше тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Ерекше тауарларды бақылау туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасы уәкілетті органының, мемлекеттік органдарының ерекше тауарларды бақылау саласындағы қызметінің қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасының экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыратын эксаумақтық делдалдық қызмет немесе техникалық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғаларының, сондай-ақ эксаумақтық кері экспортты немесе транзитті жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.

1 -тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жаппай қырып-жою қаруы - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қару;

      2) жеткізу құралдары - бақылау тізімінде көрсетілген зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары;

      3) импорт - ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

      4) ерекше тауарлар - қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бақыланатын тауарлар;

      5) қосарланған мақсаттағы тауарлар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткізу құралдарын, қару-жарақты, әскери техника мен оқ-дәрілерді жасау үшін қолданылуы мүмкін бақылау тізімінде көрсетілген өнім (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялар);

      6) әскери мақсаттағы тауарлар - бақылау тізімінде көрсетілген әскери өнім (оның ішінде багдарламалық қамтамасыз ету және технологиялар);

      7) ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бақыланатын тауарлар - ұлттық қауіпсіздікті, сыртқы саясатты, терроризмге қарсы күресті, қылмысты және қоғамдық қауіпсіздікті басқару мақсатында бақыланатын, бақылау тізімінде көрсетілген, қосарланған және әскери мақсаттағы тауарларға жатпайтын өнім;

      8) ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары - осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;

      9) бақылау тізімі - осы Заңға сәйкес бақылауға жататын ерекше тауарлар тізбесі;

      10) кері экспорт - Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тысқары жерлерде өндірілген, оның аумағына бұрын әкелінген, ерекше тауарларды әкету;

      11) эксаумақтық кері экспорт - Қазақстан Республикасында өндірілген қайта өңдеуге ұшырамаған ерекше тауарларды басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;           

      12) транзит - ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;

      13) бәрін қамтитын бақылау - бақылау тізіміне кірмейтін тауарларды бақылау;

      14) уәкілетті орган - ерекше тауарларды бакылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      15) ерекше тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесі - ерекше тауарларды бақылау қағидаларын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;

      16) экспорт - ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тысқары жерлерге әкету, сондай-ақ бақылау тізімінде көрсетілген технологияларды Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаларға беру;

      17) идентификаттау - тауарлардың ерекше тауарларға тиесілігін (сәйкестігін) белгілеу;

      18) техникалық көмек - Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған және әскери мақсаттағы тауарларды жөндеу, дайындау, жинау, тестілеу, жаңғырту және өзге де техникалық қызмет көрсету, оның ішінде консультациялар, нұсқау, оқыту, жұмыс тәжірибесімен және дағдылармен алмасу бойынша жүзеге асыратын қызмет;

      19) эксаумақтық көрсетілетін делдалдық қызметтер - Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде қосарланған және әскери мақсаттағы тауарларды сату, сатып алу жөніндегі мәмілелерге әкеп соғатын келіссөздер немесе тікелей іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ делдалдық иелігіндегі немесе басқа үшінші елден екінші үшінші елге оның бақылауындағы қосарланған және әскери мақсаттағы тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау;

      20) шетелдік тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілілігінің дәлелдемесі бар жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтық құқық қабілеттілігі шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын заңды тұлғалар;

      21) кепілдік міндеттеме - экспорттаушы елдің құзыретті органының рұқсатынсыз импортталатын ерекше тауарларды мәлімделген (бейбіт) мақсаттарда пайдалану және үшінші елдерге эксаумақтық кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген ресми растау;

      22) Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификаты - уәкілетті органның түпкілікті пайдаланушының тауарларды сертификатта көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануға және сатушы елдің және уакілетті органның келісімінсіз мұндай тауарлардың экспортына немесе үшінші тұлғаларға берілуіне жол бермеуге міндеттенгені туралы растамасын қамтитын құжат;

      23) Қазақстан Республикасының халықаралық импорттау сертификаты - уәкілетті органның импорттаушының тауарларды импорттауға және уәкілетті органның рұқсатынсыз мұндай тауарлардың экспортына немесе үшінші тұлғаларға берілуіне жол бермеуге міндеттенгені туралы растамасын қамтитын құжат.

2-бап. Қазақстан Республнкасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық көрсетілетін делдалдық қызмет немесе техникалық көмекті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органының, мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасының жеке, заңды тұлғаларының, сондай-ақ эксаумақтық кері экспорт пен транзитті жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың қатынастарын реттейді.

      2. Осы Заңның күші осы Заңда белгіленген мақсаттарда ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде экспортқа, кері экспортқа, эксаумақтық кері экспортқа, импортқа, транзитке, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге қолданылады.

4-бап. Ерекше тауарларды бақылаудың негізгі мақсаттары мен кағидаттары

      1. Ерекше тауарларды бақылаудың негізгі мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту;

      3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

      4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жою қаруы мен жеткізу құралдарының таралуының болдырмау болып табылады.

      2. Ерекше тауарларды бақылаудың негізгі қағидаттары:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерінің басымдығы;

      2) Қазақстан Республикасының жаппай қырып-жою қаруын, жеткізу құралдарын таратпау жөніндегі, сондай-ақ ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық шарттарын сақтау;

      3) ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асырудағы саяси мүдделердің басымдығы;

      4) Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы бойынша ақпараттың қолжетімділігі;

      5) терроризмді және экстремизмді қолдауға жол бермеушілік;

      6) ерекше тауарларды бақылау рәсімдері мен қағидаларының жалпыға танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.

5-бап.      Бақылау тізімі

      1. Бақылау тізімі экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінің тізімдері ескеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерін орындау қажеттіліктері негізге алына отырып әзірленеді.

      2. Бақылау тізімінде айқындалған тауарлар экспорт, кері экспорт эксаумақтық кері экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету немесе техникалық көмек кезінде бақылауға жатады.

6-бап.      Ерекше тауарларды бақылау әдістері

      Ерекше тауарларды бақылау:

      1) ерекше тауарларды идентификатталау;

      2) экспорттың, кері экспорттың, эксаумақтық кері экспорттың импорттың, транзиттің, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетудің рұқсат беру тәртібі;

      3) уәкілетті органның ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылы;

      4) экспортты, кері экспортты, эксаумақтық кері экспортты, импортты транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметті немесе техникалық көмек көрсетуді шектеу;

      5) бәрін қамтитын бақылау;

      6) тиісті рұқсат алмай, импортталған ерекше тауарлардың тиісінше пайдаланылуына және үшінші тұлғаларға және басқа мемлекеттерге берілмеуіне мемлекеттік бақылау жасау;

      7) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорт, кері экспорт, импорт және транзит кезінде ерекше тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезіндегі кедендік бақылау;

      8) ерекше тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде олардың экспортын, кері экспортын, импортын және транзитін бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше тауарларды бақылау саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасында ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) Қазақстан Республикасында ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік жүйені қалыптастырады;

      3) өз құзыреті шегінде ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық шарттарға қол қою, экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне қосылу туралы шешімдер қабылдайды;

      4) уәкілетті органның ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

      5) ерекше тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін бекітеді;

      6) оларға қатысты экспорт, эксаумақтық кері экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызмет немесе техникалық көмек көрсету жөнінде шектеулер енгізілетін мемлекеттер мен ұйымдардың тізбесін айқындайды;

      7) ерекше тауарлардың бақылау тізімін бекітеді.

8-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органның кұзыреті

      Уәкілетті орган белгіленген құзыреті шегінде:

      1) ерекше тауарларды бақылау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      2) белгіленген құзыреті шегінде экспортты, қері экспортты, эксаумақтық экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді бақылайды;

      3) ерекше тауарларды бақылау саласында мынадай рұқсат беру құжаттарын:

      ерекше тауарлардың экспорты мен импортына лицензия;

      ерекше тауарлардың транзитіне рұқсат;

      ерекше тауарларды бақылау саласында эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат;

      ерекше тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат;

      ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат;

      Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификаттарын;

      Қазақстан Республикасының халықаралық импорттау сертификаттарын;

      ерекше тауарларды идентификаттау туралы қорытындылар беруді жүзеге асырады;

      4) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ерекше тауарларды бақылау саласында шаралар әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      5) мәлімделген мақсаттарда импортталған ерекше тауарлардың түпкілікті пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      6) мыналарды:

      ерекше тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаттарын, оларға қойылатын саралау талаптарын;

      кепілдік міндеттемені ресімдеу және беру қағидаларын (түпкілікті пайдаланушының сертификаты және халықаралық импорттық сертификат) және оларға қойылатын саралау талаптарын;

      ерекше тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және оған қойылатын саралау талаптарын;

      ерекше тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру қағидаларын және оған қойылатын саралау талаптары;

      ерекше тауарларды бақылау мақсаттары үшін тәуекелдерді бағалау өлшемшарттарын;

      эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек керсетуге рұқсаттар беру қағидаларын, оларға қойылатын саралау талаптары және аумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын уәкілетті органның хабардар ету тәртібін;

      ерекше тауарларды идентификаттау жүргізу қағидаларын;

      ерекше тауарлармен жасалатын мәмілелердің есебін жүргізу қағидаларын;

      бәрін қамтитын бақылау өлшемшарттарын бекітеді;

      7) эксаумақтық делдалдық қызмет немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізілімін жүргізеді;

      8) ерекше тауарларды бақылау саласындағы рұқсат беру құжаттарының қолданысын тоқтата тұрады және тоқтатады;

      9) экспортты, эксаумақтық қайта экспортты жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызмет немесе техникалық көмек көрсету кезінде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

9-бап.      Ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының құзыреті

      1. Ерекше тауарларды бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ ерекше тауарларды бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Заңда белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      2. Ерекше тауарлардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

3-тарау. Ерекше тауарларды бақылау әдістері

10-бап. Идентификаттау

      Экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруға не тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялар) қатысты эксаумақтық делдалдық қызметтер, техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары оларды идентификаттауды жүргізуге міндетті.

      Тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялар) қатысты транзитті жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік тұлғалар оларды идентификаттауды жүргізуге міндетті.

      Бір мәнді идентификаттау мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдік тұлғалар идентификаттау қорытындысын алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.

      Идентификаттауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп бақылау тізіміне сәйкес жүргізеді.

11-бап. Экспорт

      1. Ерекше тауарлардың экспортын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары лицензия негізінде жүзеге асырады.

      2. Қосарланған мақсаттағы тауарлар мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бақыланатын тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондаушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) экспортын жеке және заңды тұлғалары жалпы лицензия негізінде, онда бірнеше елді, импорттаушыларды және (немесе) соңғы пайдаланушыларды көрсете отырып, жүзеге асыра алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жалпы лицензияның негізінде уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен уәкілетті органға жалпы лицензиялардың орындалуы жөніндегі құжаттарды табыс етуге міндетті.

      3. Ерекше тауарлардың экспорта кепілдік берілген міндеттемені қамтитын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат болған кезде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган импорттаушы елдің кепілдік берілген міндеттемелерін қамтитын табыс етілген құжаттың түпнұсқалығын айқындауға құқылы.

      4. Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік даярлығын өткізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, қорғаныс саласындағы уәкілетті орган беретін әскери рұқсатнама негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысуға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мақсаттағы тауарларының экспорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, сынақтар, парадтар, демонстрациялық іс-шаралар өткізу кезінде қатысуға қажетті шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әскери мақсаттағы тауарлардың кері экспорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.

      5. Көрмелерде көрсетуге арналған ерекше тауарлардың, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізуге арналған шикізат үлгілерінің не өнеркәсіптік ерекше тауарлардың экспорты осы шикізатқа не коммерциялық құндылығы жоқ өнеркәсіптік ерекше тауарларға ықтимал сұранысты айқындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерінің импорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, уәкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті орган ерекше тауарлардың экспорты жасалуына қойылатын шарттарға өзге де талаптар белгілеуге құқылы.

12-бап. Импорт

      1. Ерекше тауарлардың импортын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары лицензия негізінде жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында импортталған ерекше тауарларды соңғы пайдаланушыдан немесе импорттаушыдан үшінші адамдарға беру уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік даярлығын жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарлардың импорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай қорғаныс саласындағы уәкілетті орган беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарларының импорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, сынақтар, парадтар, демонстрациялық іс-шаралар өткізу кезінде қатысуға қажетті шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әскери мақсаттағы тауарлар импорты экспорттық бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.

      4. Көрмелерде керсетуге арналған ерекше тауарлардың, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізуге арналған шикізат үлгілерін не өнеркәсіптік ерекше тауарлардың импорты осы шикізатқа не коммерциялық құндылығы жоқ өнеркәсіптік ерекше тауарларға ықтимал сұранысты айқындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерінің импорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      5. Ерекше тауарлар импортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары импортталатын ерекше тауарларды ерекше тауарлар импортына берілген лицензияда және (немесе) Қазақстан Республикасының соңғы пайдаланушысының сертификатында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатында көрсетілген түпкілікті пайдалану орнына дейін жеткізу үшін толық және жеке-дара жауапты болады.

      Импортталатын ерекше тауарларды ерекше тауарлардың импортына лицензияда және (немесе) Қазақстан Республикасының түпкі пайдаланушысының сертификатында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатында көрсетілген орыннан өзгеше түпкілікті пайдаланылатын өзге жерге қайта жіберуге тыйым салынады.

      6. Импортталған ерекше тауарлардың түпкілікті пайдаланушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мұндай тауарларды мәлімдемеген мақсататтарда пайдаланғаны үшін, сондай-ақ осындай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға бергені үшін және олардың Қазақстан Республикасынан уәкілетті органның рұқсатынсыз кері экспорты үшін толық және жеке-дара жауапты болады.

      7. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Рсспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

13-бап. Транзит

      1. Ерекше тауарлардың транзитін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары және шетелдік тұлғалар рұқсат негізінде жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында транзитпен өткізілетін ерекше тауарларды қайта тиеу шарттары транзитке берілген рұқсатта көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағында қайта тиеу туралы ақпаратты уәкілетті органға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары мен шетелдік тұлғалар транзитке рұқсат алуға өтініш жасаған кезде беріледі.

14-бап. Эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету

      1. Эксаумақтық делдалдық қызмет керсетуге ниеттенген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес осындай қызмет көрсетуге рұқсат алуға міндетті.

      2. Әскери мақсаттағы тауарлар бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қосарланған мақсаттағы тауарлар бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде мынадай жағдайларға, егер:

      1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесін уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы эксаумақтық делдалдық қызметтер керсету нәтижелері 24-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;

      2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері 24-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауға негізі болғанда жүзеге асырылады.

15-бап. Техникалық көмек

      1. Техникалық көмек көрсетуге ниеттенген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес осындай көмек көрсетуге рұқсат алуға міндетті.

      2. Әскери мақсаттағы тауарлар бойынша техникалық көмек көрсету уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қосарланған мақсаттағы тауарларға байланысты техникалық көмек көрсету, уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде мынадай жағдайларға, егер:

      1) Қазақстан Республикасының және заңды тұлғаларын Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы техникалық көмек көрсету нәтижелері 24-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткенде;

      2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының техникалық көмек көрсету нәтижелері 24-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп есептеуге негіз болғанда жүзеге асырылады.

16-бап. Кері экспорт және эксаумақтық кері экспорт

      1. Ерекше тауарлардың эксаумақтық кері экспорты осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар саласындағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағына импортталған ерекше тауарлардың кері экспорты шыққан елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша және ерекше тауарлар экспортын лицензиялау тәртібімен жүзеге асырылады.

17-бап. Ерекше тауарларды фирмаішілік бақылау жүйесі

      1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекше тауарлардың экспортын бақылау қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету, көрсетілген саладағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында уәкілетті орган фирмаішілік бақылау бағдарламаларын жасауға жәрдемдеседі және қажетті ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.

      2. Фирмаішілік жүйелерді құру мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін қолдау саласында мемлекеттік мұқтаждарды камтамасыз ету жөніндегі ғылыми және (немесе) өндірістік қызметті жүзеге асыратын және ерекше тауарлармен сыртқы экономикалық операциялардан жүйелі түрде табысталатын Қазақстан Республикасының жеке және занды тұлғалары үшін міндетті болып табылады.

18-бап. Ерекше тауарлармен жасалатын мәмілелерді есепке алу

      1. Экспортты, кері импортты, транзит және эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету немесе техникалық көмек керсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары уәкілетті орган айқындалған тәртіпке сәйкес ерекше тауарлармен жасалатын мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті.

      2. Ерекше тауарлармен жасалған мәмілерге қатысты құжаттар олардың экспорты, кері импорты, импорты, транзитіне эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету немесе техникалық көмек көрсету жүзеге асырылған кезден бастап бес жыл ішінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, сақталуы тиіс.

19-бап. Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға қатысты кепілдік міндеттемелер

      Экспорттаушы елдің құзыретті органының талабы бойынша құзыретті орган Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификаты немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты түрінде кепілдік міндеттеме береді.

20-бап. Экспортты, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асырудың рұқсат беру тәртібі

      Экспортты, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруға рұқсатты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ерекше тауарлады бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жүргізілетін тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде береді.

21-бап. Экспортқа, эксаумақтық кері экспортқа, импортқа, транзитке, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге шектеу қою

      1. Қазақстан Республикасының экспорт, кері экспорт, эксаумақтық тыс экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету бойынша, шет мемлекеттері Қазақстан Республикасы алдында қабылданған міндеттемелерді бұзған жағдайда, оларға қатысты эмбаргоға дейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша шектеулер енгізуге құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын орындауды ңегізге ала отырып, экспортқа, эксаумақтық кері экспортқа, импортқа, транзитке, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге шектеулер енгізілетін мемлекеттердің және ұйымдардың тізбесін айқындайды және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының назарына жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкциялар туралы ақпаратты жыл сайын жариялайды.

22-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту

      1. Экспортқа, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту:

      1) мемлекет мүдделеріне залал келтіру немесе залал келтіру қаупі туындаған;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері бұзылған;

      3) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру кезінде теріс шешім шығарылған;

      4) өтініш берушіге қатысты рұқсат беру құжатын алуға өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

      5) өтініш берушіге қатысты рұқсат беру құжатын алуға өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде ерекше тауарларды бақылау саласында қылмыстық теріс қылық немесе қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе өтініш беруші Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35 немесе 36-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының негізінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      5) өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің - Біріккен Ұлттар Ұйымының санкцияларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      6) Импортқа, транзитке рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту осы баптың 1-тармағының 1), 4) және 5) тармақшапарында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады.

23-бап. Экспортқа, импортқа, транзитке, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат беру құжаттарының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) тоқтату

      1. Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының уәкілетті орган: аумақтың кері, эксаумақтық немесе құжатының қолданылуын:

      1) егер олар өтініш берген сәтте белгілі немесе бар болған болса, бас тартуға әкеп соғатын жаңа фактілер пайда болған;

      2) рұқсат беру құжатындағы шарттарды өзгерту қажеттілігі;

      3) рұқсат беру құжатының иесі рұқсат беру құжаты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда экспортқа, аумақтық қері экспорттауға, импортқа, транзитке, эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсетуге арналған рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұруы және (немесе) тоқтатуы мүмкін.

      2. Мынадай көздерден алынған ақпарат:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, жеке немесе заңды тұлғаларының уәкілетті органға жазбаша өтініші;

      уәкілетті орган шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алған ақпарат;

      бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарламалар осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсат беру құжатын тоқтата тұру және тәуекелдерді бағалауды қайтадан жүргізу үшін негіз болып табылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсат беру кұжатының қолданылуын тоқтата тұру мерзімі шет мемлекеттерден немесе ұйымдардан ақпарат растамасын алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Бұл жағдайда рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі құзыретті орган көрсетілген растауды алған күннен бастап келесі жұмыс күнімен аяқталады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсат беру құжатының қолданылуы мына жағдайларда:

      1) иесінің рұқсат беру құжатында көрсетілген шарттарды бұзуы;

      2) рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің анықталуы;

      3) рұқсат беру құжатын беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру;

      4) егер қызметтің мұндай түрі экспортпен, эксаумақтық кері экспортпен, импортпен, транзитпен, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетумен және техникалық көмек көрсетумен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылады.

      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжатты жіберу аркылы, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға өздері берген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы, егер мұндай қызмет түрі экспортпен, эксаумақтық кері экспортпен, импортпен, транзитпен, эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек керсетумен байланысты болса, уәкілетті органды дереу хабардар етеді.

24-бап. Бәрін қамтитын бақылау

      1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, егер оларға осы әрекеттің нәтижелері және тауарлар жаппай қырып-жою қаруын және (немесе) оны жеткізу құралдарын, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау үшін не террористік актілерді дайындау және (немесе) жасау кезінде пайдаланылатыны белгілі болған жағдайда, экспортты, эксаумақтық кері экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруға және оларға кез келген өзге түрде қатысуға тыйым салынады.

      2. Бақылау тізімінің қолданылуына жатпайтын тауарлармен экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен, егер оларды:

      1) уәкілетті орган немесе ерекше тауарларды бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органы экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету және техникалық көмек көрсету нәтижелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;

      2) олардың әрекеттерінің нәтижелері мен тауарлары осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда рұқсат беру құжатын алуға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бақылау тізіміне енгізілмеген тауарлармен экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде жан-жақты өлшемшарттарды басшылыққа алуы қажет.

25-бап. Импортталған ерекше тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалануға бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай, профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі

      1. Импортталған ерекше тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын      бақылау      субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүргізеді.

      2. Импортталған ерекше тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын      бақылау      субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау:

      1) уәкілетті органның өз құзыреті шегінде ерекше тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты;

      2) ерекше тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты;

      3) жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы түрлі көздерден алынған мәліметтерді салыстыру нәтижесінде алынған ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.

      3. Импортталған ерекше тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.

      4. Бақылау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) импортталған ерекше тауарлардың мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган осындай бақылау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымды ресімдейді және бақылау субъектісіне жібереді.

      5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда тапсырылған болып есептеледі:

      1) қолма-қол алғаны туралы белгісі бар;

      2) пошта арқылы - хабарламасы бар тапсырыс хат жіберу арқылы;

      3) электрондық тәсілмен - уәкілетті органның бақылау болуы керек субъектісі уәкілетті органға бұрын табыс еткен құжаттарда көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберуі арқылы

      6. Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімі ол тапсырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Ұсынымды осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге әкеп соғады.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жарты жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі.

4-тарау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ерекше тауарлардың өткізілуін бақылау

26-бап. Мемлекеттік кіріс органдарының функциялары

      Мемлекеттік кіріс органдары мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен, оның ішінде тізбесі мен қолданылу тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып өткізілетін ерекше тауарларды бақылау;

      2) ерекше тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу функцияларын жүзеге асырады.

27-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының құзыреті

      1. Ерекше тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кіріс органдары:

      1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органдармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды және ақпарат алмасады;     

      2) бақылау жүргізу мақсаттары үшін әртүрлі сала мамандарын тартады;

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтатады және қарап-тексеру, жете тексеру жүргізіледі;

      4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін әзірлейді, құрады, сатып алады және пайдаланады;

      5) техникалық бақылау құралдарын қоса алғанда, тауарларды сатып алады;

      6) ерекше тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру кезінде фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне және аудиожазба, кино және фотоға түсіруді жүргізеді;

      7) мемлекеттік кіріс органдарының қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын құқықтық бұзушылық жасағаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.

28-бап. Мемлекеттік кіріс органдарының ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асыру түрлері

      Ерекше тауарлардың бақылауды мемлекеттік кіріс органдары мынадай түрлер:

      1) рұқсат беру құжаттары (лицензиялар/рұқсаттар) бар ерекше тауарлардың іс жүзінде өткізілуін бақылауды және есепке алуды жүзеге асыруды көздейтін рұқсат беру;

      2) ерекше тауарлар көзбен шолып анықталған не мемлекеттік органдардан ерекше тауарларды лицензиясыз/рұқсатсыз өткізу туралы ақпарат алған жағдайларда бақылаудың жете тексеру (қарап-тексеру) нысандарын қолдана отырып бақылау;

      3) тұлғалардың ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнаманы сақтауын тексеру мақсатында ерекше тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілгеннен кейін бақылау арқылы жүзеге асырады.

29-бап. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын бақылау нысандары

      1. Мыналар:

      1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;

      2) қарап-тексеру;

      3) жете тексеру;

      4) өнімді есепке алу;

      5) ерекше тауарлар іс жүзінде өткізілгеннен кейінгі мониторинг мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын бақылау нысандары табылады.

      2. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру - мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді бір құжатта қамтылған мәліметтермен, сондай-ақ өзара, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден және (немесе) ақпараттық өзара іс-кимыл шеңберінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен, тексеру жүргізу мемлекеттік кіріс органдарының иелігіндегі басқа да көздерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен алынған мәліметтермен салыстыру арқылы талдау жүргізуден тұратын бақылау нысаны.

      Құжаттар мен мәліметтерді тексеру шеңберінде мемлекеттік кіріс органдары қосымша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға сұрау салуды жіберуге құқылы.

      3. Қарап-тексеру - тікелей көлік құралын және осы көлік құралымен тасымалданатын тауарларды көзбен шолып зерттеуден тұратын бақылау нысаны.

      Қарап-тексеру мынадай:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде лицензиялар/рұқсаттар берілмеген ерекше тауарларды көзбен шолып анықталған;

      2) мемлекеттік органдардан ерекше тауарларды лицензиясыз/рұқсатсыз өткізу туралы ақпарат алынған;

      3) ұсынылған құжаттарда мәлімделген мәліметтерді өткізілетін тауармен салыстыру қажет болған жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

      4. Жете тексеру - әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралдарын немесе заттарын аңықтау үшін тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк-жайларын (бөлекжайларын), ыдыстарды, контейнерлерді немесе ерекше тауарлар немесе тұруы мүмкін өзге де орындарды ашып, жеке тұлғалардың көлік құралдары мен багажын тексеруден тұратын бақылау нысаны.

      Жете тексеру мемлекеттік органдардан ерекше тауарларды лицензиясыз/рұқсатсыз өткізу туралы ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі.

      5. Ерекше тауарларды есепке алу - лицензияның/рұқсаттың қолданылу мерзімі шегінде ерекше тауарларды есепке алу және іс жүзінде өткізілгенін бақылау мақсаттары үшін мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары қолданатын бақылау нысаны.

      6. Ерекше тауарлар іс жүзінде өткізілгеннен кейінгі мониторинг - ерекше тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілгеннен кейін тұлғалардың ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнаманы сақтауын тексеру мақсатында осы бапта көзделген өзге де бақылау нысандарын қолдана отырып, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары жүргізетін бақылау нысаны.

      7. Ерекше тауарларды есепке алуды және ерекше тауарлар іс жүзінде өткізілгеннен кейінгі мониторингті жүзеге асыру тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

5-тарау. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы ақпараттандыру

30-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы ақпаратты ұсыну жөніндегі міндеттеме

      Уәкілетті орган, ерекше тауарларды бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтерді немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, эксаумақтық кері экспортты немесе транзитті жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардан ерекше тауарларды бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

31-бап. Акпаратты беру және тарату

      1. Экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды түлғалары, сондай-ақ эксаумақтық кері экспортты, транзитті жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар уәкілетті органның, ерекше тауарларды бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша көрсетілген мемлекеттік органдар осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпарат беруге міндетті.

      2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған құжаттар мен ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады.

      3. Уәкілетті органның өзінің ресми интернет-сайтында ерекше тауарларды бақылау саласындағы бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының және шетелдік тұлғалардың тізімдерін жариялауға құқығы бар.

32-бап. Ұсынылған ақпаратты пайдалану

      1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік тұлғалар ұсынған ақпаратты осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде міндеттері мен функцияларын орындау үшін уәкілетті орган және ерекше тауарларды бақылау жүйесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары пайдаланады.

      2. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, таратылуы және (немесе) берілуі заңнамалық актілерге сәйкес шектелген басқа ақпаратты ұсыну және пайдалану осындай ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және оны қорғау шараларын белгілейтін заңнаманың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

6-тарау Ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

33-бап. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы

      Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты ерекше тауарларды бақылауға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңсесінің санкцияларын орындауы және осы санкцияларды күшіне енгізу Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе басқа да халықаралық ұйымдардың шешімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты тәртіппен қолдануы мүмкін.

34-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары

      Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:

      1) жаппай қырып-жою қаруының, жеткізу құралдарының, сондай-ақ оларды жасау технологияларының таралуын болғызбау бойынша күш-жігерді және шет мемлекетгермен өзара іс-қимылды үйлестіру;

      2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

      3) Қазақстан Республикасының тауарлардың халықаралық алмасуына, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарға қатысуын жандандыру, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының жоғары технологиялардың әлемдік нарықтарына қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерді кеңейту;

      4) ерекше тауарларды бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының ерекше тауарлардың саудасын бақылау саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін және оларды жасаған адамдарды анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

35-бап. Қазақстан Республнкасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нысандары

      Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:

      1) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар өткізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ көрсетілген саладағы екіжақты және көпжақты негізде бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен ерекше тауарларды бақылау саласында өзара іс-қимыл жасау;

      3) мақсаты экспортгық бақылаудың мемлекетішілік тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу болып табылатын, отандық ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдесу арқылы жүзеге асырылады.

7-тарау. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық. Уәкілетті органның және ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарын лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

36-бап. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

37-бап. Ерекше тауарларды бақылау жүйесі уәкілетті органының және мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Ерекше тауарларды бақылау жүйесі уәкілетті органының және мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

38-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады