2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 496 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2021 № 573 қаулысымен.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жеке әріптестің қатысуымен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2021 № 573 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады