Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 496 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2021 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстық рәсімдерден тыс бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жеке әріптестің қатысуымен жүзеге асырылады деп белгіленсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |