ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2021 ж. қолданысқа енгiзiледi.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 41 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 53-қосымшада:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | "Егемен Қазақстан республикалық газеті" АҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу | "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттері арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтер | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | "Егемен Қазақстан республикалық газеті" АҚ |
003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" | 1 598 689 |
";
реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-1, 16-2 және 16-3-жолдармен толықтырылсын:
"
16-1 | Шекара маңындағы және үшінші елдермен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қатынастарын дамыту | Жоғары және биік деңгейде екіжақты кездесулер өткізу, үкіметаралық комиссия, сыртқы сауданы және екіжақты сауданы дамыту әлеуетін талдау бөлігінде өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу кезінде ҚР СИМ талдамалық және консультациялық қолдау көрсетуі | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
001 "Ішкі жəне сыртқы сауда саясатын қалыптастыру жəне іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" | 22 039 |
16-2 | ДСҰ-ға мүшелік шеңберінде және халықаралық сауда келіссөздерінде Қазақстан Республикасының келіссөздер позициясын қалыптастыру, сондай-ақ өнеркәсіптік субсидиялар мәселелері бойынша ЕАЭО-да ҚР міндеттемелерін іске асыру бойынша консультациялық, талдамалық қолдау және ұсынымдар әзірлеу | Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік шеңберінде және халықаралық сауда келіссөздерінде Қазақстан Республикасының келіссөздер позициясын қалыптастыру, сондай-ақ өнеркәсіптік субсидиялар мәселелері бойынша ЕАЭО-да ҚР міндеттемелерін іске асыру бойынша консультациялық, талдамалық қолдау және ұсынымдар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
001 "Ішкі жəне сыртқы сауда саясатын қалыптастыру жəне іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" | 89 280 |
16-3 | Ішкі сауда саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша сараптамалық- талдамалық қолдау | Сауда секторының тиімділігін, оның ішінде стационарлық сауда үлесінің артуы салдарынан арттыру, сауда саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, сондай-ақ өңіраралық сауданы дамытуда орын алып отырған кедергілерді зерделеу, желілік маркетингті реттеу, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, биржалық сауданы дамыту жөнінде тұжырымдама әзірлеу, міндетті түрде тауар биржалары арқылы өткізуге жататын тауарларды айқындау жөнінде әдістеме әзірлеу | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
001 "Ішкі жəне сыртқы сауда саясатын қалыптастыру жəне іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" | 77 081 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-2-жолмен толықтырылсын:
"
22-2 | ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін іске асыру | ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін түрлендіру жолымен "Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесі" (СӘИЖ) ақпараттық жүйесінің функционалдылығын іске асыру бойынша көрсетілетінқызметтер | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | "Электрондық қаржы орталығы" АҚ |
030 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту" | 669 739 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 33-1 және 33-2-жолдармен толықтырылсын:
"
33-1 | Қолжазба қорларын, фольклорлық экспедициялардың материалдарын жүйелеу және зерттеу және дала фольклорының антологиясын қалыптастыру | Қолжазба қорларында, архивтер мен ҒЗИ-да сақталған фольклорлық материалдарды ғылыми жүйелеу және іріктеу | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі | "М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" РМКК |
001 "Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" | 69 476 |
33-2 | Шетелдік архивтермен қорлардағы Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті жөніндегі археографиялық жұмыстар (талдау) |
Тарихшылар, шығыстанушылар, архившілер тобы шетелдік мұрағаттар мен қорлардан анықтаған тарихи материалдарды талдау. | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі | "Р.Б. Сүлейменов атында Шығыстану институты" РМКК |
001 "Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" | 76 395 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 76-1 және 76-2-жолдармен толықтырылсын:
"
76-1 | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан-2050 Даму стратегиясында белгіленген денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық бағыттардың іске асырылуын әдіснамалық сүйемелдеу және мониторингтеу | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын әдіснамалық сүйемелдеу және мониторингтеу | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК |
001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" | 52 144 |
76-2 | Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының мониторингі | Уәкілетті органның тексерулері туралы ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК |
001 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" | 13 294 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 78-1-жолмен толықтырылсын:
"
78-1 | Трансплантология саласындағы үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер | Қазақстан Республикасында транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК |
067 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету" | 160 465 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 79-1, 79-2, 79-3 және 79-4-жолдармен толықтырылсын:
"
79-1 | Инфекцияның аса қауіпті табиғи ошақтарының аумақтарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету |
Оба және басқа да аса қауіпті инфекциялар бойынша энзоотиялық аумақтарды эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тексеру; | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК" |
070 "Қоғамдық денсаулықты сақтау" | 5 366 127 |
79-2 | Биологиялық қатерлерді азайту жөніндегі орталық референс зертханасының қызметін қамтамасыз ету |
Үй-жайларды, құрылыстарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі, оларды пайдалануға байланысты штаттан тыс жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу; | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК |
070 "Қоғамдық денсаулықты сақтау" | 243 098 |
79-3 | Возрождение аралының қазақстандық бөлігінде және Арал теңізіне іргелес құрлық (жағалау) аумақта эпизоотологиялық мониторингті қамтамасыз ету |
Бактериологиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, Возрождение аралының қазақстандық бөлігінен және оған іргелес аумақтан жеткізілген топырақ сынамаларын сібір жарасы қоздырғышының болуын зертханалық зерттеу; возрождение аралының қазақстандық бөлігінен және оған іргелес аумақтан жеткізілген топырақ сынамаларын сібір жарасы қоздырғышының болуына молекулярлық-генетикалық зерттеу (ПТР); | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК |
070 "Қоғамдық денсаулықты сақтау" | 35 717 |
79-4 | Салауатты өмір салтын насихаттау |
Басымдықтарды, тұжырымдамалық идеяларды әзірлеу, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды әдіснамалық сүйемелдеу және мониторингтеу, халықтың денсаулық мәселелеріндегі сауаттылығын арттыру, Covid-19, әлеуметтік мәні бар аурулардың, коронавирустық инфекцияның және басқа да пандемиялардың алдын алуда санитариялық сауаттылық. | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | "Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК |
070 "Қоғамдық денсаулықты сақтау" | 134 539 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 81-1 және 81-2-жолдармен толықтырылсын:
"
81-1 | Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін жаңғырту, тұрғызу | Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, ғылыми-реставрациялық құжаттамаларды әзірлеу арқылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | "Қазқайтажаңғырту" ШЖҚ РМК |
033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақтың мәдени мұрасын сақтау, зерделеу және насихаттау, мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру" | 1 319 002 |
81-2 | Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу | ЮНЕСКО-ның тарихы мен мәдениетінің әлеуетті ескерткіштері бойынша ғылыми құжаттама әзірлеу | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | "Қазқайтажаңғырту" ШЖҚ РМК |
033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақтың мәдени мұрасын сақтау, зерделеу және насихаттау, мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру" | 14 400 |
";
реттік нөмірі 88-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
88 | Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету жөніндегі іс-шаралар | 2019 – 2025 жылдарға арналған Туризм индустриясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру, ілгерілету | Қазақстан Республикасының Mәдениет және спорт министрлігі | "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
043 "Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету" | 370 837 |
".
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 сәуірдегі № 204 қаулысына қосымша |
2021 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету
мың теңге
ФТ | ББӘ | БҒД | Атауы | Өзгерістер (+, -) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны | 0 | |||
Шығындар | 0 | |||
001 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 1 350 000 | ||
217 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | -10 147 283 | ||
001 | Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | -10 147 283 | ||
628 | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | 11 497 283 | ||
001 | Экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресетін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер | 11 497 283 | ||
003 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | -1 350 000 | ||
217 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | -6 262 117 | ||
096 | Жедел-іздестіру қызметін және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру | -6 262 117 | ||
628 | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | 4 912 117 | ||
002 | Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру | 4 443 317 | ||
003 | Сотқа дейінгі тексеру | 468 800 | ||
004 | Бiлiм беру | 597 127 | ||
225 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 597 127 | ||
001 | Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 121 134 | ||
230 | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту | 475 993 | ||
008 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | -597 127 | ||
240 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі | -597 127 | ||
001 | Мәдениет, спорт және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру | -121 134 | ||
021 | Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту | -560 457 | ||
049 | Ономастикалық және геральдикалық қызметті дамытуды қамтамасыз ету | 84 464 |