«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 207 қаулысы

ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде:
      «Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс - Млекопитающие» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 128-2, 128-3 және 128-4-жолдармен толықтырылсын:
     «

128-2
Жолбарыс
Panthera tigris Linnaeus
Тигр
128-3
Оңтүстік-Батыс Aзия қабыланы
Panthera pardus saxicolor
Переднеазиатский леопард
128-4
Керқұлан
Equus przewalskii Poljakov
Лошадь Пржевальского
».
     2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі                                                          A. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады