"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 217 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 38-23), 38-24) және 38-25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-23) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді;

      38-24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді;

      38-25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы 19-98) және 19-99) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-98) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;

      19-99) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады